Ошакбаева Бейбитгуль Кабдуллаевна
Арнайы пәндер оқытушысы
.
.
Сабақ мақсаты:
«Тағам дайндау технологиясы» пәнінен жалпы теориялық білім алуды және тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
Тәтті тағамдардың мағынасы мен классификациясы. Тәтті тағамдарға жартылай өнімдерді дайындау технологиясы: сироп, жеміс-жидек езбесі: кілегей мен ақуызды қосып араластыру, жаңғақтарды дайындау.
Ыстық тәтті тағамдарды дайындау, сапасын бағалау. Салыстырмалы мінездеме.
«Тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру», «тауартану» пәндерін зерттеу арқылы олардың ортақ ерекшеліктерін көрсете білу.
Білімділік: Студенттердің теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақтылығы мен, әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптсатыру.
Тәрбиелік: Студенттердің тәртіптілігін дамыта отырып, еңбекке баулу. Студенттердің білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында бірдей талап қою.
Дамытушылық: Студенттердің белсенділігін, өздігінше дамуын, ұқыптылығын дамыту. Студенттерді барлық пәндерден білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.
Қолданылатын әдістер: көрнекілік, тәжірибелік
Пән аралық байланыс: «Тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру», «тауартану», «тамақтандыру кәсіпорындарындағы жабдықтар»
Көрнекілік құралдар:
Мультимедиялық проектор
Жұмыс қағазы
Тарату қағазы
Рецептура жинағы
Әдістемелік қамсыздандыру:
Әр топқа арналған тапсырмалар
Тапcырмалар жауаптары
Бағалау қағазы
Сайыс жүргізу алгоритмі
Сайыс элементтері | уақыт | оқытушы не істейді | Студент не істейді | Күтілетін нәтиже | |
1. Ұйымдастыру сәті |
3 |
Сәлемдесу, сайысқа қатысушылармен таныстрады |
Сайысқа дайындық. |
Психологиялық дайындық |
|
2 . “Таныстыру” кезеңі
|
2
|
Оқытушы: жеребе суыру |
Топ мүшелермен таныстырады |
Психологиялық дайындық |
|
2.1 Үй тапсырмасын қоғау |
20 |
Тапсырманы орындау барысын бақылайды |
Әр топ өз атауларын қорғайды |
Тапсырманың дұрыс орындалуы 5 баллдық жүйеде бағаланады |
|
3 «Иә/жоқ» сайысы |
10 |
Оқытушы әр топ капитанына 30 сұрақтан қояды
|
Берілген уақыт ішінде 30 сұраққа жауап беру |
Әр дұрыс жауап топқа 1 ұпайан береді
|
|
4 «Сәйкесін тап» сайысы
|
5
|
Тапсырманы орындау барысын бақылайды |
Тапсыма орындау |
Дұрыс жауап топқа 1 ұпай береді
|
|
5 «Тапқырлық» сайысы
|
5 |
Карточкада жағдай берілген, соның біреуін алып, дұрыс шешу. |
Топ капитандары тез ойланып жауап береді |
Тапсырманың дұрыс орындалуы 5 баллдық жүйеде бағаланады |
|
6 «Артығын тап» сайысы |
15 |
Тапсырманы орындау барысын бақылайды |
Берілген сөздер қатарынан артық сөзді алып тастау (барлық топ мүшелері)
|
Дұрыс жауап топқа 1 ұпай береді
|
|
7«Бір әріп» сайысы |
10 |
Бір әріптен басталып сол әріптен бітетін азық-түлік атауларын кезек кезек айтып жарысу |
Оқытушы ескертуін қабылдау, қортындылау |
Дұрыс жауап топқа 1 ұпай береді
|
|
8 Сабақты қорытындылау |
10 |
Қортындылау жұмысы, талдау |
Сабақ қортындысы, бағалау |
||
Сайыс барысы
Оқытушы: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар. Сіздерді бүгінгі өткізгелі отырған «Ыстық және салқын тәтті тағамдар дайындау» тақырыбына өткізіліп отырған ашық сабақ жоспарымен таныстырып өтсем:
1“Таныстыру” кезеңі, осы кезең бойынша алдына ала бөлінген екі топ:
Үй тапсырмасын қорғайды (20мин)
2«Иә/жоқ» сайысы. Бұл кезең бойынша екі топқа 5 минут уақыттан беріледі сол уақыт ішінде барлығы 30 сұрақ қойылады, ол сұрақ тарға тек ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап беріледі.
3 «Сәйкесін тап» сайысы. Бір қатарда азық-түлік атауын екінші қатардағы тағам атауымен сәйкестендіру.(әр топқа 5мин)
4 «Тапқырлық» сайысы Сіздерге карточка түрінде бірнеше тапсырма берілген, соны дұрыс шешу. (Жалпы 5мин)
5 «Артығын тап» сайысы. Берілген сөздер қатарынан артық сөзді алып тастау
6 «Бір әріп» сайысы. Бір әріптен басталып сол әріптен бітетін азық-түлік атауларын кезек- кезек айтып жарысу кезеңі. Қай топтың сөздік қоры көп болса сол топ басым болмақ.
- Қорытындылау:
7.1 Жиналған ұпай сандарын қосып, қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.
35-40 ұпай «5»
30-34 ұпай «4»
20-29 ұпай «3»
7.2 Жеңімпаздарды анықтау