Тақырыбы: Менің Отаным — Қазақстан

Жаксылыкова Баян Бекмуратовна

Қазақ тілі мұғалімі

.

.

Мақсаты: 

Білімділік: балалардың Отан тақырыбындағы білім, біліктерінқалыптастыру.

(Формировать у детей знаний и навыки по теме Родина.)

Дамытушылық:  қазақ тілінде  сөйлеу дағдылары мен сөйлеу мәдениетін ұштастыру.

(Сочетание разговорных навыков и культуры речи на казахском языке.)

Тәрбиелік: балаларды Отанды сүюге, Қазақстан  Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

(Научить детей любить Родину, уважать символы Республики Казахстан, любить свою страну, свою Родину.)

Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, Қ.Р. рәміздері, «Менің Отаным -Қазақстан» презентация, глобус, сиқырлы қалам.

Оқу қыметі барысы: оқу қызметі«Сәлем, қалың қалай?» шаттық шеңберімен басталады.

Таңғажайып сәт: глобус,  мұғалім сандықшадан таңғажайып кейіпте глобусты алып шығады да, балаларға сұрақтар қояды:

Мұғалімі:-Балалар біздің планетамыз неге ұқсайды? (презентация көрсетеді)

Дети, скажите на что похоже наша планета?

(Тәрбиеші глобус тәрізді слайд суретін балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)

  • Балалар, глобус неге ұқсайды? Ребята, смотрите глобус на что похоже?
  • Похоже шар, мяч
  • Дұрыс, допқа ұқсайды. Ал енді айтыңдаршы, глобустан көп елдерді көруге болады, сол елдердің ішінде, қандай елдерді білеміз? Ребята скажите мне, в глобусе можно увидеть много стран, кае\кие вы страны знаете, назовите мне? (ответы детей)
  • Ал біздің Отанымыз қалай аталады?
  • Менің Отаным – Қазақстан демек бүгінгі тақырыбымыз Отан жайлы болмақ.

Мұғалім (қазақ тілі мұғалімі):   Сабақ бастамас бұрын, менің бірнеше сұрағыма жауап берсеңдер.

  • Қазір қай жыл мезгілі? (балалар жауабы)
  • Жыл мезгілдерін атап берейікші. (Балалар жауабы)
  • Қазір қай ай? (балалар жауабы) Ай аттары жайлы әнімізді айтайық.
  • Аптаның қай күні? (балалар жауабы) апта күндерін атайық.
  • Бүгін ауа райы қандай? (балалар жауабы)

Мұғалім: Біз еліміз жайлы не айта аламыз? /Что мы знаем о нашей государстве?

  • Қазақстан қандай мемлекет? (балалар жауабы)
  • Көп ұлтты мемлекетте қандай ұлт өкілдері өмір сүреді? В нашем государстве представители каких наций живут? (балалар жауабы)

Мұғалім: балалар біз енді біздің сиқырлы қалам көмекшімізбен жұмыс жасайық.

          Дидактикалық ойын: «Ұлтыңды ата»

Сергіту сәті: «Қарлығаш» .

 Мұғалім (қазақ тілі мұғалімі):  Енді балалар, Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің мемлекеттік рәміздерін кім атап береді? 

Балалар: Мемлекеттік рәміздер: ту, елтаңба, әнұран.

Каролина:  «Біздің ту»

1.Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Маша: «Елтаңба»

2.Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

 Дидактикалық ойын: «Рәміздерді суретте» (балалар сиқырлы қалам көмегімен ту мен елтаңбаны суреттейді)

Мұғалімі:Жарайсыңдар, балалар.  

Ал біздің қаламыз қалай аталады?

Балалар: Менің қалам Нұp-Сұлтан.        Нұp-Сұлтан бас қала.

Қимылды ойын: «Шаңырақ» (ортада ленталы шаңырақ жатады, балалар әуенге билеп жүреді, әуен тоқтағанда шаңырақты көтеріп, шаңырақ құрып тұра қалады.)

Мұғалім: Енді, Отанымыз, Туған жерімізге құрмет ретінде өзіміздің керемет «Отан» әнін орындайық.

Отан менің ата анам,

Отан досым, бауырым,

Отан өлкем, астанам,

Отан туған ауылым.

Бақыт елі бұл Отан

Бәріне мен иемін.

Біздің Отан ұлы Отан

Ұлы Отанды сүйемін.