Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Тұрғынбаева Назгүл Қалелқызы
Өзін-өзі тану мұғалімі
.
.
Мектеп: Медвежка орта мектебі.   Күні:
Тақырыбы: Табиғат – тал бесігің, аялай біл!
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: жанашырлық, жаупкершілік, ізгілік 
Мұғалім: Тұрғынбаева Назгүл Қалелқызы. 8 сынып. Оқушылар саны
Сабақ мақсаты: Оқушылардың сабақ барысында сүйіспеншілік  құндылығы туралы түсінігін кеңейту.

Міндеттері:

1.      Адам өмірінде табиғат алдында жауапкершіліктерінің барын  ұғындыру.

2.       Ойдың, сөздің және істің бірлігін дамыту.

3.      Оқушыларды жанашырлыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

 

Ресурстар: оқулық, дәптер,  қима қағаздар, ватман
Сабақ барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

Баяу музыка қойылады.

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді  еркін,тыныштықта сезінеміз.

 Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен  күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық.  Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады,қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті  көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Гүлдер мен ағаштардың иісі мұрын жарады.Құстардың әсем дауыстары, жәндіктердің ызылы құлаққа жағымды  естіледі. Орманға терең енген сайын ағаштар ұзын көрінеді. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіздікте  сезінеміз. 

Біз енді аяндап алаңға шығамыз, аздап демаламыз. Өзіңізге  түбінде отырып,дем алатын ағаш таңдап алыңыз. Оған жақындап, оның қандай мықты екенін аңғарыңыз,өзіңізді осы ағаш секілді мықты, қайратты сезініңіз. Енді арқаңызды ағашқа сүйеп, көзіңізді жұмып, ішкі жан дүниеңіз тыныштыққа бөленгенін назар аударыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.  Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға  тағы  көз жібереміз.   Келген ізімізбен, мектепке аяңдаймыз. Міне, институттың да есігіне келдік,тағы да айналамызға назар аударайық, таза ауамен терең дем алып, мектепке кіріп өз орнымызды табамыз. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап,көзімізді ашамыз,күлімсірейміз

 

2.      Үй тапсырмасын тексеру: «Мен табиғатты сүйемін» эссені оқыту

 

3.      Дәйексөз.

«Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді» А. Франс

 

1.      Оқушыларға оқыту

2.      Дәйек сөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

3.      Адамдардың табиғатқы жасаған қандай зиянды істері бар деп ойлайсыңдар?

4.      Ал табиғат қандай құбылыстармен өз мінезін көрсете алады?

 

Әңгімелеу. Мұғалім сыйлығы.

«Арал теңізі» видео роликті көрсету

 

Сұрақ-жауап:

1.      Осы көрсетілім не жайында?

2.      Бұл болған жағдайға кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

3.      Осы Арал теңізінің жойылғаны кімдердің қайғысы?

 

Балметов Гүлпаштың орындауында Қ.Салықовтың «Арал» өлеңі

 

Мен  Сіздерге бір видео  көрсеткім келіп тұр. Жалғыз бізде ғана емес басқа да елдерде су тапшылығына байланысты мәселелер бар екен. Кішкента ғана қыздың сол мәселені шешуге жасаған үлесі мен риясыз сыйлаған сүйіспеншілігі жөнінде. «9 жасар Рейчелдың ерлігі»

1.      Әлемде әлі де қандай қиыншылықтар бар екен?

2.      Осы бейне көрсетілімді көргенде қандай сезімде болдыңыз?

3.      Рейчелдың  бойындағы қасиеттер сендердің бойларында бар ма?

 

4.      Шығармашылық жұмыс: Екі топқа бөлу / қағаз түстеріне байланысты/

1 топ – «Әлем тағдыры — менің қолымда»  ой-толғау жазу

2 топ – «Адам-Табиғат» кластер құрастыру

 

Бүгінгі сабақта қандай мәселемен жұмыс жасалды.

Табиғат жайында айтылғанда сіздер қандай құндылыққа бағыттадыңыздар.

Сүйіспеншілік құндылығының қандай түрлері бар?

Адам бойында сүйіспеншіліктің қандай түрі басым болуы тиіс?

Шығармашылық жұмысты және оқушылардың шығармашылығын тексеру
Топпен ән айту  Риясыз махаббат, КурмашМаханов:

 Мен де сені өмір-ау жан тәніммен сүйгенмін,

Жүрек атты қоңырау елтіп күйгенмін.

Туған жердің шаңын да махаббатпен сіңіргем,

Естелік көп жадымда балғын күнімнен.

 

Өмірім балдай, көңілім қардай,

Сенімім шамдай шын махаббат орнаса.

Реңім әлсіз, білегім әлсіз,

Жүрегім әнсіз шын махаббат болмаса

 

Анашыма еркелеп, әкешіме асылып,

Есейсемдеп ертерек өстім асығып.

Үміт сыйлап әр кешке, жана берді көзімде от,

Парталас қыз қалды есте мөлдір сезім боп.

 

Өмірім балдай, көңілім қардай,

Сенімім шамдай шын махаббат орнаса.

Реңім әнсіз, білегім әлсіз,

Жүрегім әнсіз шын махаббат болмаса

 

Асыл ДОС қаназым бар, ғашық жарға сезім бар,

Балаларға сазым бар, жылы сөзім бар.

Олар барда өмір бар, күліп ат әр ақтаңым,

Бақыт деген менің бар махаббат арым.

 

Өмірім балдай, көңілім қардай,

Сенімім шамдай шын махаббат орнаса.

Реңім әнсіз, білегім әлсіз,

Жүрегім әнсіз шын махаббат болмаса

 

1.      Үй тапсырмасы. «Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» тақырыбына болашақ ұрпаққа үндеу жазу

 

2.      Соңғы тыныштық сәті.

 Ыңғайлы отырып, көздерімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақта не үйренгеніңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

 

Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашыңдар.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!