Табиғат және біз!

Молдатаева Бибигуль Нурланкызы
магистр, қосымша білім беру педагогы
.
.
«Ақсу»  балалар эко-техноорталығында  17.06.2019  жылы   екінші  жазғы сауықтыру лагері ашылды.  Сол күні   «Табиғат және біз» атты ойын-сайысы өткізілді. Оқушылардың ой-өрісін, абстракциясын, туған жерге деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қабілетін  дамыту мақсатымыз болды. Бұл сайыста балалар екі топқа бөлініп, бір-біремен бәсекелестік қарым-қатынасқа түсті. Сайыс төрт кезенең, төрт ойыннан тұрды.  Сайыс түрлері;
1) Таныстыру
2) Мақал – мәтелдер сайысы
 3) Жұлдызша.
4) Өз-өнерім
Бірінші кезенде балалар өздерін ұран және эмблемамен таныстырды. Ары қарай екі топқа мақал – мәтелдер жасырылып, соны табу керек болды. Бұл сайысқа балалар белсене  жауап берді. «Жұлдызша» сайысында әр жұлдызша санмен жасырылған сұрақтармен қойылды.  Өз өнерлерін көрсетті және талантты екендерін дәлелдеді.  Сайыс соңында комиссия мүшелері  төрт кезенең жинаған ұпай сандарын анықтап, ең жоғары ұпай жинаған топқа сыйлық және алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар балаларға қызықты тапсырмалар яғни «ғарышкерлер»  «конфеты муке» және «стакандар», «блиц-брейн», қолды және көзді байлап сурет салу ойындарын өткіздік. Балаларға жалпы сайыс қатты ұнады. Қойылған негізгі мақсатымызға жеттік. Балалардың лагерге келуге қызығушылықтары артты.