Табиғатты аялайық

Байдиева Мөлдір Нургалиевна
Биолог
.
.
Тәрбие сағаттың  мақсаты:
      Білімділік: Білімалушылардың  қоршаған ортаға  деген  махаббат  құндылықтары  жайлы  түсініктерін  кеңейту.
      Дамытушылық:Шығармашылық  қабілеттерін, жақсылық  жасай  біліу  іскерліктерін, ойлау  қабілетін дамыту, өз  ойын  еркін  жеткізе білуге  дағдыландыру.
      Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке  тәрбиелеу, экологиялық  тәрбие беру.
     Көрнекілігі: Слайд көрсету. Жер ананың адам қолдарынан азып — тозған бейнесі және әсем табиғат бейнелері.
   Әдіс — тәсілі: Сұрақ — жауап, түсіндіру, логикалық  сұрақтар, табиғат бейнесі  бейнеленген  макеттер.
Ұйымдастыру.
Тәлімгер: Қазақстан туған өлкем,
Жер көп сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.
Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белге сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан  деп   бүгінгі  ашық  тәрбие  сағатымызды  ашық  деп  жариялаймыз.
         Білімалушыларға  табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін білімалушыларға  кеңінен толық ұғындыру.
    Ал  енді  бүгінгі  біздің  тәрбие  сағатымыздың  жоспарымен  танысайық:
                 1.Табиғатқа  деген  сүйіспеншілік. (өлең , көрініс, іс  қимыл  арқылы)
  1. «Біз  табиғатты  сүйеміз» атты  видиоролик (білімалушылардың іс әрекеті)
                3.Білімалушыларға  логикалық сұрақтар (миға  шабуыл)
  1. «Табиғат аясы» (білімалушылардың  қолдан  жасалған  бұйымдары, табиғат  бейнесі)
           Бірінші  кезең   бойынша  әр  топ  өздерінің  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін көрсетеді яғни   ХТн-17-2к тобынан Лесбай  Айдана.
             ҚРн-17-8к  тобынан Жанел  Мөлдір
           МЖн-17-6к тобынан Момбай  Диасхан
           ЕАн-17-3к тобынан   Тажаухан  Аягөз
           ВЕТн-16-1к ,ФК-17-1р тобынан Сатыбалды  Бексұлтан
Екінші  кезең  бойынша  әр бір  топ  өздерінің  қатысуымен  жасаған «Біз  табиғатты  сүйеміз» атты  видиоролигін  ұсынады.
Үшінші  кезең  бойынша  білімалушыларға  логикалық  сұрақтар  беріледі яғни «Миға  шабуыл»
Төртінші  кезеңде   әрбір  топ өздерінің   қолдан  жасған  табиғат  бейнесі  бейнеленген  макеттерді  көрсету яғни «Табиғат  аясы»
Қорытынды
        Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай   қастерлеуіміз керек. Ендеше    ХТн — 17-2к  тобының  білімалушысы   Әбдіманап  Алина мен Туяш Аружанның орындауындағы  «Ана»  әнін  қабыл  алыңыздар.
     Осымен  бүгінгі  біздің тәрбие сағатымыз өз  мәресіне  жетті   назар  қойып  тыңдағандарыңызға размет, қош сау    болыңыздар!
М.ӘУЕЗОВ  АТЫНДАҒЫ  ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН   МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТ  КОЛЛЕДЖІ
 
 
 
Тақырыбы «Табиғатты  аялайық»
 
 
 
Жоспары:
              1.Табиғатқа  деген  сүйіспеншілік. (өлең , көрініс, іс  қимыл  арқылы)
  1. «Біз табиғатты  сүйеміз» атты  видиоролик (білімалушылардың іс әрекеті)
              3.Білімалушыларға  логикалық сұрақтар (миға  шабуыл)
  1. «Табиғат аясы» (білімалушылардың  қолдан  жасалған  бұйымдары, табиғат  бейнесі)
 
 
 
 
 
 
Құрметті______________________________________
Сіз (дер) ді М.Әуезов  атындағы ОҚМУ  колледжінде   15.11.2017жылы  сағат 13:30 да өткізілетін «Табиғатты  аялайық» атты ашық тәрбие  сағатымызға  шақырамыз! 
Тобы: ХТн-17-2к , ҚРн-17-8к, МЖн-17-6к, ЕАн-17-3к, ВЕТн-16-1к ,ФК-17-1р.
Өткізілетін  орны: Колледж  акт  залы
Ұйымдастырушысы:
           Биология  пәнінің  оқытушысы  Байдиева  М.Н.