Талақ кітабы

Сманова Нұржамал Абдушүкірқызы
.
.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге талақ жайлы Құранда келген аяттарды түсіндіріп  мәнін ұқтыру және Пайғамбарымыз с.а.c- ның сүннетіне амал ету сонымен қатар талақтың түрлерін ажыратуды үйретіп, күнаға бой алдырмау керектігін ұқтыру.  
  1. Жаңа сабақ материалдарын оқып үйренуге, студенттердің сабаққа белсенділігін арттырып, олардың ойлау қабілетін дамыту. Сондай- ақ талақ мәселесіндегі біліктіліктерін арттыру.
  2. Рижғи(қайту), Байын(айқын,ақырғы) талақ түрлеріне нақты мысалдар келтіре отырып, оның мәнін түсініп, талақ мәселесіне бей жай қарамауды және күнаға бой алдырмауды толықтай түсініп ойға сіңдіру.
Сабақтың әдістері:  Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары. «Сөзжұмбақ», «кім жүйрік?», «Көрініс», «Топбасшылыр жарысы», «Білімді ханшайымдар», «Сергіту сәті», «Жаңа сабақты тусіндіру»,
Көрнекілігі: Әр ойын шарттарына плакаттар, стикерлер, сөзжұмбақтар,  видио- ролик, слайдтар, көрініс.
Сабақтың жүрісі:
  1. Ұйымдастыру кезеңі:Ұстаздар және шәкірттермен Сәлемдесу, сабақты Әнұранмен бастау.
  2. «Үй тапсырмасын сұрау»,(3 топ)
  3. «Сөзжұмбақ»,(3 топқа парақтар беріледі)
  4. «Кім жүйрік?» (3 топқа 5 сұрақ).
  5. «Топбасшылар жарысы» (жасырылған сұрақтарды жылдам іздеп және қойылған сұрақтарға жауап беру).
  6. «Білімді ханшайымдар» (3 топ маңдайларына жапсырылған сөздерді келесі қызға жұмбақтап табына көмектесу).
  7. «Көрініс» (3 топ бірігіп талақ жайлы «», ).
  8. «Сергіту сәті», (3 топ мүшелерімен ойын).
  9. «Жаңа сабақты түсіндіру»(үйге берілетін сабақ видео-ролик арқылы).
Жүргізуші: Әссәләму алейкум құрметті ұстаздар,білімге құштар шәкірттер, бүгінгі ашық сабағымыз күндегі сабақтардан ерекше, себебі ұлағатты ұстаздарымыз қонаққа келіп сіздердің білімдеріңзді,сабаққа деген құштарлықтарыңызды,белсенділіктеріңізді көруге әрі бағалауға келіп отыр. Өздеріңіздің бүгінге дейін алған білімдеріңізді және ұстаздарыңыздың үйреткендерін көрсететін сәт туып тұр. Ал сіздерге сәттілік алға!
Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы  «Талақ кітабы», сабақты топтарға бөліп жарыс түрінде өткіземіз.  Енді топ аттарымен танысып алсақ. Ислам, Иман, Ихсан топтары.
Жүргізуші: Асқақтай бер аспанымда  қалықтап,
Ән ұраным жүрегімді жарып ап.
Кеудедегі  Отан деген ыстық отпен,
Елге деген махаббатпен жүректерде жатталады – дей келе ең алдымен еліміздің Ән ұранымен бастасақ.
Жүргізуші:Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас- деп сабақты Қасиетті Құранмен ашып алсақ. Алдарыңызға Дүйсенбек Аружанды Құран оқуға шақырамын.
Жүргізуші: Үйге берілген тапсырманы сұрап алсақ, тақырыпты ашып толық түсіндіріп өтсеңіздер. Әр топқа 2 сұрақ қоямын арапша мәтінде, сіздер жауап бересіздер.
Ислам тобының сұрақтары:
و معتدة الرجعي تتزين و له وطؤها    —  Рижғ талғындағы әйел әшекейленеді және оған қосылуға болады.
او مراهق بنكاح صحيح  تمضي  عدة طلةه او عدة موةه – Тіпті оны балиғатқа жеткен адам немесе жеткіншек қыз сахих некемен оған жақындамайынша ол әйел халал болмайды.Немесе талағының мерзімі өтпейінше, немесе оның өліп,өлімінің иддасы өтпей халал болмайды  
 Иман тобының сұрақтары.
و لا تحل حرة بعد ثلاث و لا امة بعد ثنتين – Еркін әйел үш айдан кейін, ал күң әйел екі айдан кейін халал  болмайды.
تصح الرجعة فيالعدة وان ابت – Иддадағы әйелдің талақты қайтарып алуы дұрыс болады
و في بقاءها وتكزيبها اخباره با ارحعة في العدة – Егер бітпеді десе де оған сену керек,әйел өтірік десе  идданың ішінде ер кісі «оны қайтардым» дегені оған сеніледі.
  Ихсан тобының сұрақтар.
و الزوج الثاني يهدم ما دون الثلاث خلافا لمحمد – Екінші күйеу үштен азы бұзылады,Имам Мұхаммедке қарсы
 -و ندب اشهاده علي الرجعة و اعلامها بها – Оны қайтарып алып жатқандығын әйелге білдіруге екі кісі куәлік болуы мәндүп болады.
Сабақтың қорытындысы:
Жүргізуші: Ашық сабағымыздың соңына да жетіп қалыппыз. Міне бүгін біз сабақ барысында талақ жайында,оның орны мен үкімдерін аяттардан және Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінен көптеген мәліметтер алдық деп ойлаймын. Сонымен қатар білімімізді дамытып, ой ұшқырлығымызды арттырдық және топбен жұмыс жасау арқылы бірлік бауырмалдықты ұқтық деп білемін. Қонаққа келген ұстаздар Сманова Мавлуда,Мұзаффар Адина, Сманова Хабиба, Жунусова Айгуль,Байтемирова Гүлімхан, Кулбаева Асылзат, ұстаздарымыз. Топтардың ұпай сандары есептеп болған екен,ұстаздар ұпай сандарына қарай топтарды марапаттасақ. 3 – орын Ихсан тобы 106 ұпаймен  , 2 – орын Ислам тобы 109 ұпаймен , 1 – орын Иман тобы     113  ұпаймен марапатталды.
Алланың қалауымен ойға алған ісіміздің соңынада жетіптік. Ашық сабағымыз ұстаздардың көңілінен шықты деп ойлаймыз. Қыздар сіздергеде Алла разы болсын өз білімдеріңізді көрсете білдіздер. Қош сау болыңыздар демейміз, келесі кездескенше амандықта жүздескенше.