Талшықтардың негізгі қасиеті. Фурнитураларды қадау: түйме, ілгек, шыртылдақ, түйме орнын дайындау

Бердимуратова Асия Осербаевна
Өндірістік оқыту шебері
.
.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Студенттерге қол жұмыстарымен және құралдармен таныстыру. Фурнитураларды қадау: түйме, ілгек, шыртылдақ,түйме орнын дайындау өңдеуді үйрету. 
Дамытушылық: Студенттерді  ой —  өрістерін  есте  сақтау  қабілетін  дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерге  өз  кәсіби  мамандықтарына  қызықтыру, өз  жеке  басының  қауіпсіздігін  сақтауға  тәрбиелеу.
Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы;
Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек  әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік  жұмыстарды орындау)
Пәнаралық және пән ішіндегі байланыс:
  1. Еңбек қорғау
  2. Тігін өндірісінің жабдықтары
  3. Тігін өндірісінің технологиясы
Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: жұмыс орындары, нұсқау картасы, үлестірмелі қағаздар, плакаттар, слайдтар, ине, жіп, қайшы, түрлі маталар, үтік, үтік үстелі, бор, сантиметрлік лента, оймақ және т.б.
Өткізілетін орны: тігін цехы №112
Сабақтың барысы:
 
1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)
1.1. Сәлемдесу;
1.2. Білім алушыларды түгендеу;
1.3.Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру.
2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)
2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;
2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған  және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;
-Қол жұмыстарына арналған техникалық қауіпсіздік ережелерін айт?
-Жарақат алған жағдайда қандай көмек көрсету керек?
-Қол тепшімдері қанша топқа бөлінеді?
-Тұрақты тепшімнің түрлерін ата?
-Тұрақты тепшімдердің орындалуын айт?
-Қақпақшаны, жағаны өңдегенде қай тепшім орындалады?
-Түймеліктің орнын қолмен өңдегенде қай тепшім орындалады?
2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған  жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;
Фурнитураларды қадау: түйме, ілгек, шыртылдақ, түйме орнын дайындау.
Түйме түрлері
   Адамдардың тұрмыста көп тұтынатын заттарының бірі-түйме. Ертеде шебер зергерлер бойжеткен қыздардың немесе батырдың түймесін алтын, күміс,мыс, т.б. металдардан әшекейлеп, оюлап жасаған. Олардың жасалу пішініде әр түрлі: дөңгелек, үш бұрыш, төрт бұрыш. Түйменің сабағы, сағағы жоғын тана деп атаған. Сонымен қатар, түймелер ағаштан да, сүйектен де жасалған. Сүйектен жасалған аса бағалы таналар болған. Ағаштан жасалған түймелерді де өрнектеп жасай білген. Қазіргі уақытта киім пішіміне қарай арнайы дайындалған түймелер шығады. Мысалы:  жұмыс киімі халатқа  жай екі көзді немесе төрт көзді түймелер қадалады. Белдемше, шалбарлар белдіктерінде, кейбір киімдердің қаусырмаларында ілмектеп түймеленеді.
  Киім сә н үлгілерін таңдаған кезде де түймелерді таңдай білу керек. Түймені жасалу құрылымына қарай таңдаудың тек киім фурнитурасы сияқты емес, эстетикалық рөлі де бар. Киімге түймені қадағанда қатты тартып қадауға болмайды, белгілі бір мөлшерде бос етіп қадау керек. Кіші сыныптарда сіріңке шиін қойып қадау, түйме қадаудың әліппесі іспетті. Түйме №132, 142 класты машиналардың доғал айыр табаны көмегімен қадалады. Оған екі көзді немесе төрт көзді жалпақ түймелерді қадауға болады. Ал сабақта, тұйық түймелердің қолмен қадаймыз.
Түйме баулық жасау әдістері.
  Киім алдының түймеліктері әр түрлі болады. Сыртқы киім түймеліктері міндетті түрде торланады. Негізінде мұндай түймеліктерді жасау үшін автоматты торлау машиналары пайдаланылады. Егер бұл киім үй жағдайларында тігілсе, көп жүйелі машиналар көмегімен торланады. Әйелдер сырт киімінде пальто, костюмдерде рамка қалтаға ұқсас түйме диаметріне байланысты әдіпті түймеліктер арнайы сән үшін жасалынады. Негізгі түймебаулықтар: торланған баулық, жарма түймелік, таспа баулы баулық, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұл сонымен қатар, әркімнің таңдаған сән үлгісіне де байланысты. Негізінен торлау жұмысы түймелікті киімдердің  алдыңғы өңірін жасап болғаннан кейін торланады.
  Ал  матадан жасалынатын әдіпті түймелік алдыңғы бойдың өзіне белгі жасалынып сызылады. Сол сызық бойына матадан арнайы сызып алынып, екі қатар көмкерме тігіліп аударылады. Екі шетіне бекітпе арқылы бекітіліп, алдыңғы бой көмкермесі ұсақ тігіспен бекітіледі.
  Ойма түймелік. Оң жақ ойма жапсырманы, бөліктің үстіндегі белгі бойынша оң жағынан салып, қиылған жерін тегістейміз. Сосын бұйымның астар жағынан өзі тектес әдіпті сала отырып, көктелген әдіпті киімге алдын ала теріс жағынан өңделетін тіліктегі 0,5-1 см қашықтықта тігіп қоюға болады. Бұрышында тігіске қалдырылған артық жерді қиып тастау керек. Оң жақ ойма жапсырманы сол жаққа салып, ойма жапсырманың төменгі тігілген шетін киімнің астарына қарай аударып, түймелікті төменгі жағынан екі тігіспен бекітеді. Соңында ойма жапсырманың тігілген жиегі мен шет-шетін торлау керек.
Жіберілетін қателіктер Себептері Алдын алу
Инеден жарақат алу иненің қолға кіруі Инені дұрыс қолдану және оймақпен дұрыс жұмыс жасау
Жіптерінің байланып шатасуы Жіпті дұрыс бағыттамау, ұзын сабақтау Жіптің ұзындығы 40-60см  болу керек.
Талап ету:
  • Құрал-жабдықтардың дұрыс пайдалануын.
  • Түйменің дүрыс қадалуын.
  • Жасалған жұмыстың тазалығын.
  • Жұмыс істеу жылдамдығын.
— Білім  алушылардың  жұмыс  орындарын  аралау  барысында  тапсырманың  дұрыс  орындалуы,  техника  қауіпсіздігінің  ережелерінің  сақталуы,  жұмыс  орнының  дұрыс  ұйымдастырылуын  қадағалау;
2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;
2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
  • Оқу шеберханасындағы еңбек қауіпсіздіқ ережелері.
  • Қол жұмысының жұмыс орнын қалай ұйымдастырады?
  • Қол жұмысының құрал – жабдықтарының не үшін қажет екенін атап көрсет ?
  • Фурнитураларға нелер жатады?
  • Түйме неше тесікті болады?
  • Бұйымға түймені қалай қадайды?
2.7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)
3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:
     —  Тігін шеберханасындағы құрал — жабдықтармен  қолдану  ережесімен  танысу;
3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):
  • механикалық өңдеуінің  дұрыс  орындалғанын  тексеру;
  • технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;
     — жұмыстарды қабылдау
  1. Қорытынды нұсқау (15 мин):
4.1. Сабақты қорытындылау;
4.2.Жіберілген қателерді талдау;
4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;
4.4. Үй тапсырмасы: Фурнитураларды қадау: түйме, ілгек, шыртылдақ,
түйме орнын дайындау тақырыбы бойынша дайындалу.
5.Жұмыс орнын жинастыру.