Танымдық ойын «Дәнекерлеу ісінің шебері»

Танымдық сайыстың мақсаты:  студенттердің алған  теориялық білімдерін, тәжірибемен ұштастыру.

 міндеттері:

 -мамандыққа деген қызығушылықтарын  арттыру;

—   жан-жақты көзқарасын дамыту, біліктілігін арттыру;

— кәсіптік шеберліктерін  қалыптастыру, өз кәсібін құрметтеуге;

— еңбек тәртібін  сақтауға;

— жұмысты тиянақтылықпен атқаруға тәрбиелеу.

  

 Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: мультимедия қондырғысы, слайд көрсетілімдері  жауап парағы және әділқазылардың бағалауына арналған  бағалау  парағы.

 Көркемдік безендіру: жетондар, суреттер, плакаттар.

 Іс-шара түрі: танымдық сайыс.

           

         Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі  ұстаздар, өндірістік оқыту шеберлері және  студенттер! Бүгінгі таңда еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты — ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде жұмыс атқара алатын, біліктілігі  жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

     Шынымен, бүгінгі елдің әлеуметтік-экономикалық даумында кәсіптік білім беруді жетілдірудің, сұранысқа ие мамандарды даярлаудың маңыздылығы артып отыр.  Отандық білім беру мен еңбек нарығы тығыз байланыста. Білім беру орындары еңбек нарығына жұмыс істеуі тиіс.

       Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені, білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді.

       Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Осы орайда біздің  колледжіміз нағыз қоғамға қажетті мамандар әзірлеп жатқан, білім беру ордасының бірі. Мұндағы оқытылатын мамандықтар, солардың ішінде – электргазымендәнекерлеуші  мамандығы қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие.

        Сонымен, бүгінгі өткізілетін  «Дәнекерлеу ісінің шебері» атты танымдық сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін. Бұл сайысқа осы мамандықта оқитын екі топтан құрылған студенттер қатысады.

       Құрметті студенттер сендерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, әр кезеңдер бойынша өз білімдеріңді көрсетіп, берілген сұрақтар мен тапсырмаларға  ойланып дұрыс жауап берулерің кажет.

 

1.Таныстыру кезеңі                                                

  1. Менен- сұрақ, Сізден- жылдам  жауап
  2. «Тапқырлық» әр түрлі (экран арқылы көрсетілім) дәнекерлеу жалғауларының түрлерін атау   сипаттама беру
  3. «Білімпаздар» дәнекерлеу жұмыстарында қолданылатын құрал-жабдықтарға  дұрыс сипаттама беру (сурет арқылы)
  4. Үй тапсырмасы ( Бағалау 5 балдық жүйемен)

 

Сайысқа қатысушылар: 2 топ (әр топта 5 студенттен)

 

  1. 1. « Алғырлар» командасы
  2. « Талаптылар » командасы

 

1.Таныстыру кезеңі — бұл кезеңде  топ басшылар өздерінің командасын  таныстырады. (уақыты 3-5 мин, команданың аты, ұраны, эмблемасы) ( Бағалау 5 балдық жүйемен)

       «Алғырлар» командасы

Талаптанып,

Қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз,

Білім алып, тұлғаланып,

Маман болып шығамыз.

Ұраны: Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.

 

«Талаптылар» командасы

Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін,

Мақсатыма жеткізер- уақытыма сенемін,

Ақыл,сана білім мен мамандығыма  сенемін

Абыройлы, ақ ниет-адамдыққа сенемін.

 

Ұраны: «Алғандықтан  терең  білім,  қайрат  мол,

    Болашаққа  нық  сеніммен  барамыз»

 

2 — кезең   Менен- сұрақ, Сізден- жылдам  жауап  кезеңі  

 

«Алғырлар» командасына ( әр дұрыс жауапқа 1 балдан)

 

1.Дәнекерлеу  науасында  металдар қандай газдармен қосылады?

Жауап.   N2,  0², Н² ,С0² , С0 ( азотпен,оттегімен,сутегімен,көмірқышқыл газымен,көміртегімен.)

2.Дәнекерлеу  науасын мына газдардың  әсер етуінен қандай әдістермен

қорғайды?

Жауап.1. электродтың қапшығы арқылы немесе газ бөлінетін қоспалардың жануынан.

2.қорғау газымен.

  1. вакумдегі дәнекерлеуде

4.электродтың қапшығына химиялық  элементтерді енгізу арқылы тот басуынан:

( алюминии,кремнии,титан,марганец және тағы басқа.)

  1. Дәнекерлеу науасында қандай металлургиялық процесстер пайда болады?

Жауап.  қоспалы, шақпалы,тотығу ,тот басуы.

4..Дәнекерлеуде металлургиялық процесстер қандай жағдайда пайда болады?

Жауап. Дәнекерлеу  науасының  кіші көлемде болуынан, 3500 градустық жоғары температурада және тез жылдамдықта суып кетуінен.

5 Қождың қандай маңызы бар?

Жауап. Дәнекерлеу жігінің тез суып кету жылдамдығын баяулату үшін және ол ерітілген металдардың тамшыларын ауаға әсер етуінен қорғайды.

6.Неден дәнекерлеу қожы (шлагы)  пайда болады?

Жауап.Электрод қапшығының еріп жануынан

 7.Негізгі металлургиялық процесстерге қысқаша мағлұмат бер

Жауап. Шақпалы- жікті  керексіз заттардан     тазалау,

Тотығу- дәнекерлеу  науасында ерітілген металдардың ауадағы оттегімен сорылуы.

Тот басу-мөлшерден тыс оттегін дәнекерлеу  науасынан алып тастау.

  1. Дәнекерлеп жалғаудың қандай түрлерін білесің?

Жауап: Түйістірілген,бұрышты,айқастырылған және таңбалы

  1. Пластинаның жиегі қандай болуы қажет?

Жауап: Пластинаның  тұрақты шамасы 30-40 градуста болуы керек.

  1. 10. Дәнекерлеу науасында металлургиялық процесстер қандай жағдайда кездеседі?

Жауап: Дәнекерлеу  науасында кіші көлемде жоғары температурада,ал көтеріңкі жылдамдықта суыйды.

 

 

«Талаптылар» командасына( әр дұрыс жауапқа 1 балдан)

 

  1. Электродтардың сыртындағы қапшығы қандай міндеттерді орындайды?

Жауап:   1.Дәнекерлеу жігіндегі ерітілген металдарды ауадан түскен оттегі мен азоттан қорғайды (газдан қорғануды құрайды)

  1. Тоқ күші не үшін таңдап алынады?

Жауап: Тоқ күші электродтың диаметріне және дәнекерлеу жігінің кеңістіктегі жағдайына  байланысты.

3.: Тоқ күшін реттеу формуласын ата.

Жауап: Д эл, мұнда (40- 60) –бұл коэффициент дәнекерлеу жігінің кеңістіктегі жағдайына байланысты.

Мысалы: Төменгі жағдайда 55-60 коэффициентті таңдау,ал жіктің тік жағынан алғандағы коэффициент 45-50,егер жік жоғарыдан (төбеден) болса онда 40 коэффициентін алу қажет.

  1. Дәнекерлеу тәртібі (режим) дегеніміз не?

Жауап: Дәнекерлеу тәртібі дәнекерлеу жігіне байланысты. Дәнекерлеу тәртібінің негізгі параметрлері электрод диаметріне, тоқ күшіне, еңкіш электродқа, дәнекерлеу жылдамдығына, доғаның ұзындығына байланысты.

  1. Қалыңдықтарына байланысты электродттар қалай бөлінеді?

Жауап: Жұқа, орташа, қалың және өте қалыңдықта болады. Электрод сыртындағы қапшығы неғұрлым қалың болса,электрод соғұрлым сапалы болады.

  1. Дәнекерлеу науасында қандай металлургиялық процесстер кездеседі?

Жауап: Металдың  тот басуы ,қышқылдануы.

  1. Дәнекерлеу науасы қандай температурада болады?

Жауап: Дәнекерлеу науасының температурасы 3500-3600 градуста болады.

8.Электрұстағышқа қандай талап қойылады?

Жауап: Электрұстағышы жеңіл,электрлік контактысы жақсы жағдайда тез және  берік болуы қажет.Электродты айырбастау уақыты 4 секундттан аспауы керек.Электрұстағышы жөндеусіз 8000 қысқышты ұстауы мүмкін.

  1. Дәнекерлеу доғасының сәулесі неге қауіпті?

Жауап: Жарық сәуле (көрінетін) көзге нормадан тыс 1000 рет,инфрақызыл сәуле көздің көруін төмендетеді,ультракүлгін сәуле терінің күюіне әкеліп соғады.

10.Дәнекерлеу мен балқытудың айырмасы неде?

Жауап: Дәнекерлеуде бөлшектерді жалғайды,ал балқыту көмегімен бөлшектердің тозығының  өлшемдерін қайта жасайды.

 

3-кезең   «Тапқырлық» дәнекерлеу жалғауларының түрлерін атау  сызба  бойынша  түсіндіру ( Әр командаға экран арқылы  дәнекерлеу жалғаулары көрсетіледі)

(әр дұрыс жауапқа 3 балдан)

4-кезең «Білімпаздар»  берілген құрал-жабдықтарға  дұрыс сипаттама беру сурет арқылы

( әр дұрыс жауапқа 5 балдан)

 

              Қорытынды: Командаларды марапаттау