Тапқырлар ойыны

Нургалиева Несип Жаксыбаевна,
Хожа Берикболсын
.
.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың өз  мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін корсету, келешекте оларды білікті маман болуға ынталандыру. Білім алушылардың сайыс арқылы өздігінен ізденуіне ықпал ету. Сайыстың тапсырмасын орындауда оқушылардың алған білімдерін  тексеру. Женіске деген ұмтылыстарын арттыру. Тандаған мамандығына қызығушылығын туғызу.
Кәсіптік білімдерін терендетіп,ой-өрісін дамыту.
Білімдікке, алғырлыққа, зеректікке, тапсырманы тиянақты әрі нақты орындай білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысматериалтану, қазақ тілі, орыс тілі, каз.тарих, еңбек қорғау.
Ойынның жүрісі
Жүргізуші: — Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!  Бүгін біз колледжіміздегі  «тапқырлар ойыны» атты іс-шара сайыс ойынға қош келдініздер!
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос конілден, адал, аппақ ниетпен-дей отыра, сайыскер топтарымызды қошеметтеп ортаға шақырамыз.
Сайысқа «Қыран» және  «Тұлпар» топтары қатысады
«Қыран» тобының ұраны
Да, соперники сильны.
Но для нас вы не страшны.
Мы «химичим» с малых лет,
В этом наш большой секрет
«Тұлпар» тобының ұраны
Оқуымыздың мәні мұнда
Екі мамандық бірге аламыз.
Оқу-білім ордасында
«Құрылысшы» боп біз қаламыз
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
                     Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
                     Білім мен тапқырлықтың сайысында,
                    Женіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей отыра,
    әділқазылар алқасының  мүшелерімен таныстырып өтсек.
 
Ойында екі команда қатысады. Жүргізуші – мұғалім.
«Тапқырлар ойыны » белгілі теледидарлық үлгі бойынша үш раундтан құрылады. Әр раундта 3 тақырыптан берілген, ал әр тақырыпқа ұпайдан беріледі.
1 раунд-   100, 200, 300, 400  ж/е  500 ұпай
2 раунд – 100, 200, 300, 400  ж/е  500 ұпай
3 раунд –100, 200, 300, 400  ж/е  500 ұпай
Бірінші тақырыпты таңдайтын адам жереби бойынша анықталады. Әр раундтың тақырыбы ж/е әр сұрақтың ұпайы  экранда көрсетілген. Команданың ойыншысы тақырыпты  ж/е сұрақтың  ұпайын атайды. Мысалы: Материалтану 300. Жүргізуші экранда ашылған сұрақты оқиды.
Егер де ойыншыға «аукцион» тисе, ол  наминалға ойнайды,  сұрақтың бағасын көтере алады ж/е ва-банк ойнай  алады. Басқа ойыншыларға да қойымдарын қоюға болады. Бірақ та ұпайлары көп болу керек.
Барлығын жүргізуші түсіндіреді. Ұтып алған ойыншы басты сыйлыққа ие болады.
1-раунд
 
Тақырып:  «Материалтану»
  1. Құрылыс гидравликалық әк тасы қанша температурада алынады? ( 900-1100)
  2. Құрылыс бойынша материалтану пәнін неше бөлімге бөлуге болады? ( 3)
  3. “Ерітінді ” орысша аудармасы? ( раствор)
  4. Органикалық байландырғыш қандай материалдар? ( шығыс)
  5. Табиғи және органикалық емес құрғақ ақ түсті суйық зат ол не?
( толықтырғыштар)
Тақырып: «Қүрылыс өндеу жұмысының технологиясы»
  1. Қабырғаны түзетуге қандай жұмыс жасалады? (сылақ)
  2. Өндеу жұмысының ішінде еңбекті ең көп тілейтін сала не? (сылақ)
  3. Қабырға бетін тазалауға қандай құрал-сайман қолданылады? (ысқыш)
  4. Аса биік емес жерде жасау үшін қандай сатылар қолданылады? (доңғалақты)
  5. Сылақтың алғашқы қабаты? (қара сылақ )
Тақырып: «Каркасты қаптамалы монтаж технологиясы»
  1. Гипскартонды бекітетін бұрама шегенің ара қашықтығы? (25см)
  2. Жер қыртысында кеңінен таралған табиғи шикізат ? ( гипс )
  3. Гипскартонның 2 жағына жабыстырылған қатырма қағаз қалындығы? (0,6мм)
  4. Қатырма қағазды немен кеседі? (арнайы пышақ )
  5. Сапасы жоғары,дымқылға төзімді гипскартон түрі ? (аквапанель )
                                     2-раунд
Тақырып : «Қазақ тілі»
  1. Қазірғі біз пайдаланып жүрген қазақ әліпбиінде неше әріп бар? ( 42 )
  2. Синоним дегеніміз не? (мағналары жағынан бір-біріне жуық,дыбысталуы әр түрлі  сөздерді синонимдер деп атайды.Мысалы: күшті адам,қайратты,мықты,әлді,)
  3. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (4,септік,көптік,жіктік,тәуелдік)
  4. Қазақ тілінде неше септік бар? (7 )
  5. Дауысты дыбыстар неше (12)
     Тақырып:  «Орыс тілі»
  1. Сколько в русском языке падежей имен существительных? (Шесть)
  2. Запиши значение существительных:
«Учитель, врач, повар, строитель»   —   профессия
  1. Найдите лишнее по значению: «кукушка, снегирь, воробей, курица» .
  2. Что входит в состав слова? (приставка, корень, суффикс, окончание)
 5.Что обозначает существительное? (предмет).   
 
     Тақырып: « Қазақстан тарихы »
  1. Әбу Насыр әл-фараби дүниеге келген жер? (Отырар)
  2. Ең ұзаққа созылған дәуір (Тас)
  3. “Алтын адам “ қай жерлерден табылды? (Есік)
  4. Тимучиннің халық қойған аты? (Шыңғыс хан)
  5. Адамзаттың ең алғашқы игерген металы?(Мыс)
3-й раунд
Тақырып: «Құрал-саймандар »
  1. Шегені қабырғаға қағуға арналған аспап? (балға)
  2. Тік және горизонталь қабырға беттеріне ерітіндіні тастау құрал ? (ожау)
  3. Қабырғаның түзуің немен тексереді ? (денгейлегіш )
  4. Ерітіндіні қабырғаға тегістейтің құрал? (түзеткіш )
  5. Қабырға беттерін сылаққа әзірлеу үшін пайдаланатың аспап?(шапқы)
Тақырып:  «Еңбек қорғау»
  1. Егер жұмысшы жұмыс кезінде өзінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жарақ алса, оны не деп атайды?( өндірістік жарақат )
  2. Жұмыс кезінде өндірістегі жұмысшының бас киімі ?( каска )
  3. Адамға жағымсыз әсер ететің кез келген дыбыс?(шу )
  4. Өндіріс мәдениеті неше топқа бөлінеді? (2 )
  5. Өндірісте өткізілетін алғашқы нұсқау? (қауіпсіздік техникасы )
Тақырып: «Өлшеу»
  1. Қабырғалардың тіктігін және олардың горизонталдығын тексереді?
( құрылыстық тіктеуіш )
  1. Санта-клаусты қанша бұғы апарады?( 8)
  2. Двигательдің куатын осы жануармен өлшейді? (жылқы)
  3. Бұл ертегідегі кейіпкер жаңғақ қабығының ішіне сияды (Дюймовочка)
  4. Наурыздағы басты тағам – Наурыз көже.
Оған қанша қоспа қосылады? (7)