Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік!

Аврайхан Айсауле
.
.
Сахна сыртынан ұстаз туралы өлең оқылады:
Данышпан да, дана да оқып сенен
Атақ-даңқың асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы асыл жанды
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
1-жүргізуші:
  • Армысыздар, құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Олай болса білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын!
2-жүргізуші:
  • Дорогие наши коллеги! Поздравляем вас со Всемирным днем учителя! Высоко ценим щедрость ваших лубящих сердец, ваше терпение и понимание, преданность делу и любовь к своим ученикам! Желаем крепкого здоровья, радости от вашего нелегкого труда и всяческих удач в личной жизни!
(Ұлдар шығып ұстаздарға арнау оқиды)
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол – бар болғаны мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген – шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі.
Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар – ұстаз емес, мұғалім,
Мұғаліп боп, ұстаз болмау күнә, мың!
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын…
Жақсы ұстаздың  шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген шәкірттердің айнасы.
Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман!
Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде,
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.