ТЕХНИКАЛЫҚ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жолаева Жаннат Тулеушовна, Шатаякова Жанна Джанбаевна

Арнайы пәндер оқытушысы

.

.

Тақырыптың өзектілігі: Кәсіптік және техникалық білім беру негізінде инновациялық білім беру технологияларын, интерактивті оқытуды, оқу іс-әрекетінің жаңа әдістері мен тәсілдерін белсенділікпен қолдану. Нәтижесінде  жоғары деңгейде дамыған, коммуникативті ептіліктерді меңгерген, өзгермелі ортаға бейім, алғыр, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау.

Тақырыптың ғылыми зерттеу деңгейі: білім жүйесін жаңғырту аясында, жұмысшы кадрлардың зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру үшін оқу орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізудің, заманауи оқыту әдістемесінің бір түрі –коучинг әдістемесін енгізудің, кәсіби білім берудегі заманауи технология ретінде – «кейс-стади» әдісін қолдану тиімділігін анықтау.

 Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары:

-Оқытудың дуальді жүйесін пайдалану тәжірибесі дәстүрлі жүйемен салыстырғандағы осы жүйенің келесі артықшылықтарын көрсетті:

-мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту формалары мен әдістеріндегі кемшіліктерді – теория мен практика арасындағы алшақтықтарды жояды;

-мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі механизміне маман тұлғасына әсер ету, болашақ қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру енгізілген;

 Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге,көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқытушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық,техникалық құралдары пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

   “Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.

  • Оқыту үрдісін жаңашаландыру студенттердің оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты болады. Білім беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру,ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап,саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім,білік,дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық,физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға шығарып отыр. Сондай ірі жобалардың бірі – оқытудың дуальді жүйесі. Оқытудың дуалдық жүйесінің элементтерін енгізу бағытында біраз жұмыстар тындырылды. Құзіреттілігі жоғары мамандар даярлау жүйесінде дуалдық оқыту жүйесі маңызды орын алмақ. Өйткені бүгінгі күні дуалдық оқыту жүйесі әлемдегі кәсіптік – техникалық кадрлар даярлаудағы ең тиімді формасы болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың дуальді жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының біріне айналып отырған жүйе болып табылады.
  • Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз — теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы және елдің ертеңіне дәнін себе алатындай дүние, себебі мен деген алпауыт елдердің өздері осындай дуалды оқыту жүйесі арқылы кәсіпорынды маманмен шектестіріп бір-бірімен байланыстырып керекті кірпішті өздері қалап отыруы қажет.Дуалды оқыту алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние.Оның жарқын мысалдарының бірі — Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда студент уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Кәсіптік  және техникалық  жалпы білім жүйесінде дуалды оқыту жүйесінің елімізге келтірер пайдасын, ертеңгі күні ең алпауыт елдердің қатарына кіре алатын тетігіміз деп сендіремін. Бірақ неге жеті-ақ пайыз, неге осы проблема осы уақытқа дейін шешімін таба алмайды, яғни Германияда жұмыс күшін құрайтын көбінесе осындай жердегі жастар шамасы 54 пайызға тең де ал бізде тек 7 пайыз шамасында. Бір жағынан біздің кадрларға кәсіпорындар тарапынан қызығушылық аз ба, немесе білім сапасы төмен бе, немесе дайындалып жатқан кадрларымыздың әлі де болса механизмін ойластыра алмай жатырма, мүмкін біздің шеберлеріміз жоғарыда айтқандай алпауыт елімізбен теңесетін шамаға жетпеді ме, немесе кәсіпорынның бізге бейқамдығы ма, немесе әлі де болса білім ұйымдарының марғаулығыма, міне осының бәрін саралай келе мына біз сияқты болашақ мамандарға жан жақты осы мәселелерге назар аударып, шешімін қарастыру қажет  сияқты. Ең бастысы Елбасының шығарған  «Рухани жаңғыру — Болашаққа бағдар» мақаласында айтылғандай әр ҚР азаматы ретінде  өз елімізден  бастауымыз қажет деп ойлаймын. Сол себептен әрбір кәсіпорын басшысы өзіне сол ертеңгі маманды дуалды оқыту жүйесіне қажетті мамандар дайындау қажет деп ойлаймын. Сондықтан жаңағы кәсіпорын, білім жүйесімен тығыз байланыста болып, мысалға Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бүгін «Атамекен» айтарлықтай жобалы жүйелі жұмыстар атқарылып жатырғанын күнде естіп біліп жатамыз, енді осы жүйені бір- бірімен  байланыстырып кісіпорынмен білім ордасы, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бірлесіп жүйелі жұмыс атқарса барлығымыздың ойлаған ісіміз жүзеге асады деп сенемін. Бізде туындайтын тағы бір проблема  оқушыларымыздың дуалды жүйеде оқу үшін жас шамаларының келмеуі, яғни 18 жасқа келмеген баланы жұмысқа қабылдап сол жұмыс беруші кәсіпорындағы  шеберлерге келген жас маманды тиянақтылап тапсыруға ешкім мойынсынбайды және бұл  заңға қайшы. [ 4 ] Сонымен қатар шет елде кәсіпорында дуалды жүйемен практика өтіп жатырған оқушыға жалақыдан бөлек  бірнеше кезеңмен ыссы тамақпен қамтылған. Ол әлі біздің елдегі кәсіпорындарда қарастырылмаған, осығанда көңіл бөлінсе дейміз. Қазіргі таңда Ел басының алдымызға қойылып отырған талабы шағын және орта кәсіпкерлікте ешқандай тосқауыл болмау керек деп ойлаймын. Себебі әлі шешімін білмесек те біздің Қазақстанымыздың байлығы алға қарай мұнайымыз, алтынымыз, хромымызда сарқылауы мүмкін, себебі біздің елімізде бәрімізге белгілі Менделеевтің 108 элементінің үстінде отырсақта көп нәрсеге қолымыздың жетпей отырғаны бәрімізге мәлім, сол кезде бөтен елден қол жайып сұрамай өз нанымызды өзіміз тауып жейтіндей болуымыз қажет. Біздің сенетініміз өз күшіміз бен пайдалана алатын кәсіпорындарымыз болуы керек. Менің ойымша кәсіпорындар ештеңе халық үшін жасамай отырған жоқ немесе нәтижесіз іспен айналысып отыр деген сөз емес. Еліміздің ертеңін сезіп отырғандықтан  бұл жасап жатқан жұмыстар әлі де нәтижесін беретініне сенеміз. Біздің кәсіпорындар енді ғана аяққа тұрып келе жатқандықтан бұл дайындап отырған біз сияқты жас кадрлар қажет деп сендіре аламын. Себебі көптеген кәсіпорындар енді жәйлап түсініп келе жатырған сияқты, себебі осы дайындаған кадрлар сол маманның орнын басатынына нық сенімдімін. Қазіргі жағдайда басты міндет — жұмыс берушілермен тығыз байланыс орната отырып, кәсіби деңгейі жоғары мамандар шығарып, олардың әрі қарай еңбекке араласуын қамтамасыз ету қажет деп ойлаймын. Тағы бір айта кететін мәселе қазіргі таңда қандай маманға сұраныс бар, яғни рынокты зерделеп алған жөн сияқты, себебі экономист, юрист, психолог маманы емес керісінше жұмысшы кадрлар мысалы тас қалаушы, моляр, стропольщик, дәнекерлеушілер қажет болса, онда  техникалық- кәсіптік мамандықтарға ашылған классификаторды жүйелеп содан кейін кәсіпорынға әрбір оқу орынынан қажетті мамандар даярлап бергені жөн, соның бірі менің білім алу ордам Ақтөбе Жоғарғы Политехникалық Колледжінде Кәсіпкерлік мектебі атты  Ұлттық Кәсіпкерлер Атамекен  палатасы мен бірлесіп, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау аясындағы 1917-1921 жылдарға арналған  бағдарламасының аясында , кәсібіне нәсіп іздеймін деген  жанға қолдау барын алға ұстай отырып қандай іске икемді, қандай мүмкіншілігі бар  сол оқушыны ертеңгі таңда құрылысшы болсын немесе бөтен маман иесі болсын осы оқу орнын бітіргеннен кейін өзінің жеке кәсібін ашу мақсатында жұмыс жоспарын құра алатындай курстарын ашты.  Бүгінгі таңда сол мекемеден мамандар келіп лекция оқып, көптеген оқушылар қызығушылығын танытуда. Сонан соң Германияда мамандық бойынша емес кәсіп бойынша оқытылады екен, яғни студент өз талғамы бойынша  кәсіпорынға келіп мен осы кәсіппен айналысқым келеді мен осы істің маманы болсам деп ұсыныс білдіреді , ал жұмыс беруші кәсіпорын келісім шартқа отырып  нақты бір оқу орнымен бірлесіп сол оқушыға жалақы төлеп , медициналық сақтандыру шығындарын, жол ақысын төлеп беру жағдайлары қарастырылыпты, сол сияқты оқу орнынан немесе кәсіпорыннан көмек күтіп отырмай студенттерде өздері ат салысып қызығушылығын танытса, мүмкіншілігін арттырып білімін шыңдаса басқа елдер сияқты біздерде осындай жақсы дүниені иеленуіміз мүмкін деп ойлаймын. [ 5 ]
  • Бұл оқыту жүйесінің басқа оқыту технологияларынан ерекшелігі: барша күш-жігерді нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды даярлауға жұмылдыру. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды. Әлемдік тәжірибеге көңіл бөлсек, білім берудің дуальдік жүйесі мамандардың кәсіби даярлығын жоғарылатуға айтарлықтай ықпал етеді, еңбек өнімділігі анағұрлым ұлғаяды. Оқу үрдісіне дуальдік білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:
  • Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі;
  • Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;
  • Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;
  • Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;
  • Дуальдік жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;
  • Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы; Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі
  • Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;
  • ; Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;
  • Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.
  • Бұл мақсатқа жетудің негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы – өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен оқу өндірістік шеберлері. Еңбек нарығы шарттарының өзгеруін ескере отырып, білікті мамандар даярлау жүйесін құрудағы әлеуметтік серіктестіктердің құрылымын белсенді пайдалану қажет. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы арқылы білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптасады, оқу поцесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдетеді, өндірістік жағдайда шешім қабылдау іскерлігі қалыптасады. Дуальдік оқытуда студенттер теориялық қана емес, тәжірибелік тұрғыдан да білім алуы үшін барлық жағдай бар. Колледж бітірген түлектердің барлығы келешекте міндетті түрде тұрақты жұмысқа орналастырылады деп айта аламын. [ 5]

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы 2010ж.
  2. С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «Государство и образование», 2002г.
  3. В.А. Хуторской. Ключевые компетенции как компонент личностноориентированной парадигмы образования. «Народные образования», №2, 2003 г.
  4. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе Aлматы. 2005ж.
  5. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008ж.

        7 .Советский энциклопедический словарь// М., Издательство «Советская энциклопедия», 1984