Техникалық мамандықтарды даярлаудағы жаңару бағыты

Оразбекова Қарлығаш
Кітапхана ісі пәнінің оқытушысы
.
.
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ы техникалық мамандықтарды даярлау үшін әзірлеген білім беру бағдарламалары:
       Бағдарламаның құрылымы модульдік — құзыреттілік тәсілдеме негізінде құрылған. Бұл оқыту бағдарламаларының басты ерекшелігі біріктірілген және практикалық тұрғыдан бағдарланғандығы болып есептеледі.Сонымен қатар бағдарламаның басым бағыты назарды оқыту үдерісінен оқыту нәтижесіне бұруды көздейді. Оқытушылар рөлі бағыт беруші ретінде қарастырылады. Оқыту нәтижелерін бағалау жүйесі критериалдық бағдарланған тәсілдеме негізінде құрылған. Оқу модульдерінің мазмұны алынатын біліктілік деңгейіне сәйкес ажыратылады.
Дуалдық оқыту – кадрларды даярлау формасы, білім беру ұйымында оқытуды кәсіпорындағы оқыту мен тәжірибеден өту мерзімдерімен  ұштастырылған және кейіннен жұмыс орны белгіленетін, кәсіпорын, білім ұйымы және білім алушының теңдей жауапкершілігі бар білім алушыларға компенсациялық төлемі қарастырылған оқыту түрі.
Біріншіден, жұмыс орналасудың жоғары пайызы қамтамасыз етіледі. Себебі, оқыту оқыту өндірістің нақты сұраныстарына барынша жақындатылған және де жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды алады.
Екіншіден, білім алуда жоғары ынталандыруға қол жеткізіледі. Студентытер, ең алдымен кәсіпорында жұмыскерлер ретінде тұрақтап, кейіннен басқаша, саналы  әрі қызығушылықпен үйрене бастайды. Осылайша, болашақ мамандар білім алыпболған соң осы кәсіпорындақалуға тырысады.
Үшіншіден, дайындалған кадрлар оқыту аяқталған соң бірден өндіріске кірісіп кетеді , яғни кәсіби бейімделуге қажеттілік жоқ.
Төртіншіден, білім алушылардың (оқушылардың) жан-жақты кәсіби дамуына әсер етіп, олардың еңбек нарығында бәсекеге жарамдылығы мен қажеттілігі қаматамсыз етіледі.
Бесіншіден, мамандарды даярлау сапасының бағасы жұмыс берушілермен өткізіледі. Бастапқы күндерінен бастап оқушы көп уақытын жұмыс орнында болып, өз шеберлігі мен білімін көрсетеді
Алтыншыдан, түрлі жүйелердің (ғылым мен білім, ғылым мен өндіріс және т.с.с.)
Модульдердің мазмұнын әзірлеу күтілетін оқыту нәтижелерін жоспарлаудан басталады.Оқыту нәтижелері құзыреттіліктер формасында суреттеледі (біліктіліктерді алуға қажет), оларды білім алушылар модуль аяқталған соң көрсетеді.Оқыту нәтижелерін жоспарлау кезеңінде оқу уақытының көлемі, оқыту әдістері және олардың жетістіктерін бағалау критерийлері анықталады
 
 
Кредиттік оқыту технологиясы
Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту  түрі
Ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық дәрежеде мойындауы үшін,  білім беру ұйымдарының оқытушылары мен оқушыларының  жинақылығын қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру үшін және білім беру ұйымдарында барлық оқыту  деңгейлерінің бірізділігін қамтамасыз ету үшін бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы жүзеге асады.
ҚР  кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу отанымыздың  «Болон  процесіне»  (Болонский  процесс) ену  нәтижесі  болып табылады. «Болон  процесінің»  негізгі мақсаты – бірыңғай  білім беру кеңістігін құру.
Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі алынады.
Кредиттік оқыту технологиясы барысында оқу жұмысының  еңбек сыйымдылығын есептеу  кредитпен өлшенетін оқытылатын пәннің көлемі бойынша жүзеге асады.Кредиттік оқыту технологиясы  жинақтаушы болып табылады. Бұл дегеніміз барлық оқыту деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есепке алынуын білдіреді.