Техникалық жылу жабдықтарын жөндеуді және техникалық қызмет , жасауды ұйымдастыру

Абдурахманова Айгуль Пазылбековна
өндірістік оқыту шебері
.
.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:оқушылардың теорияда алған білімдерін өндірістік оқумен ұштастыру
ә) дамытушылық:  оқушылардың мамандығына ынтасын    арттыру, шеберлік және іскерлік қасиеттерін дұрыс қалыптасып дамуына ықпал жасау, дұрыс шешім таба білу дағдыларын қалыптастыру, олардың өндірісте жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
 б)тәрбиелік: оқушылардың          еңбекке қызығушылығын          арттыру,азаматтықпен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.
Оқу өндірістік жұмыстарға қажетті заттар :
  1. Әртүрлі жалғау , бұрыштық жалғау , резьбалық жалғау
  2. 15,20-лық құбыр
 
Сабақтың оқу материалдық жабдықтары
  1. Үтік 2 дана
  2. Әмбебап кілті
  3. Нұсқау картасы
 Сабақтың ұйымдастыру түрі:
Топқа бөлу:
 Барлық оқушы саны : 12
   
Тақырыпқа байланысты білулері және істей алулары керек:
—     Құрал жабдықтарды пайдалану
—      Жұмыс орындарын дайындау
—      ақауларды  жөндеу    
—      Техника қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі ережелері
 Құбырды үтікпен жалғаған кезде қойылатын талаптар:
     Құбырдын, жалғаудынүтіктелген кезде сапасын бақылау
     Құбырдын, жалғаудын пісіру жіктерінің тегіс түсуін анықтау
     Уақытты нормаға сәйкес үнемдеу
     Техника қауіпсіздік  ережесін сақтау
     Арнаулы киімдерді ,құрал –жабдықтарды ережеге сәйкеІс пайдалану
 
 
 
 
 
Сабақтың барысы:
 
І.Ұйымдастыру кезеңі:__8.30-8.35__ мин
 
Оқушылармен сәлемдесу.
Топ басшысынан оқушылардың қатысуы жөнінде мағлұмат алу.
Оқушылардың арнайы киімдерінің ережеге сай келулерін тексеру. Құрал жабдықтардың жұмысқа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау:__8.35-09.15_мин.
 
Өтілген сабақты еске түсіру ,қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою:
  1. Отын түрлері?
  2. Отындардын қайсы тиімды салыстырмалы турде мағлұмат беру?
 
Жаңа сабақты түсіндіру:
 
  1. Жылу жүйесі қандай жабдықтардан құралады? Әр жабдықтарға қысқа мағлұмат беру.
Қауіпсіздік ережелеріне нұсқау:
  1. Жұмысқа кірісер алдында құрал-жабдықтармен таныс болу керек
  2. Оқушылардың арнайы киімдері болуы қажет
—          арнайы киім
—          үтекке күйіп қалмауы қажет
—          қалтада бөгде заттардың болмауын қадағалау
—          жұмыс барысында дененің барлық жеріне  де электр сәулесінің  түспеуін қамтамасыз ету.
   
ІІІ. Ағымдық нұсқау:__09.20-13.05_мин.
 
Оқушыларды жұмыс орнына бөлу
Құрал- жабдықтарды дайындау
Үтікпен пісіру материалдарын дайындау.
Тексеру құрал –жабдықтарын дайындау
Топтарға бөлу.
 
Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру, топтардың жұмыс жағдайын таныстыру, тігістерді арнайы құралдармен тексеру жолдарын көрсету, технологиялық нұсқау карталарын тарату.
            Әр оқушыдағы берілген дайындаманы бір-бірлеп топ шеберіне,  топ бригадирлеріне көрсетіп отырады.
Берілген тапсырмаларын орындау  жүйелігі мен технологиялық талаптарға сай келуін тексеру кезеңдері.
  1. Оқушылардың жұмысты сапалы орындалуы қадағалау .
  2. Тапсырмалардың орындалу жүйелілігі кезіндегі шарттардың  сақталуын қадағалау , тексеру.
  3. Қателерін шығару ,алдын алу жолдарын дер кезінде көрсету .
  4. Әр бір бригада мүшелерінің жұмысын жеке қадағалау .
  5. Еңбек қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау .
ІV. Қорытынды нұсқау:_13.15-13.30_мин.
 
  1. Сабақты қорытындылау,топтардағы оқушылардың технологиялық картаға сәйкес жасаған бұйымдарын тексеру. Тігістерді арнаулы құралдармен тексеру
  2. Жіберілген қателіктерді болдырмау жолдарын қарастырып талдау
  3. Ерекше көзге түскен оқушылардың жұмыстарын атап, үлгі ету.
  4. Үйге тапсырма беру .
  5. Тазалық жұмыстарын жүргізу.