Теледидар таратудың даму перспективалары

Инсенова Динара Демократовна
.
.
Сабақтың  мақсаттары:
Білімділік: Студенттерге теледидар таратудың даму перспективалары туралы мәлімет беру. Студенттердің  алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу;
Дамытушылық: Студенттердің теледидар туралы толық ой қалыптастыру, қазіргі заманғы техника мен ғылымның жетістіктерін мысалға келтіре отырып, студенттердің өмірге деген көзқарастарын   қалыптастыруды дамыту;
Тәрбиелілік: Студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой — өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:  Дыбыстық хабар және дыбыстық хабар құрылғылары , физика
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
 Көрнекті құралдар: Байланыс туралы заңы, Power Point-та дайындалған презентация, телефон, телевизор, бейнеролик.
Таратылатын материалдар: үлестірмелі карточкалар, тест тапсырмалары
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
 Сабақ өтетін орын:  77   дәрісхана.
Негізгі әдебиет: С.П.Фурман Телевидение 3-5 бет
Қосымша әдебиет: ғаламтор парақшалары
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:                                                                             5 минут
  1. Студенттермен сәлемдесу.
  2. Дәрісхананың сабаққа дайындығын тексеру.
  3. Студенттерді ақпар бойынша түгендеу.
  4. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам?» 20 минут
 «Теледидардың пайда болуы»  туралы бейнеролик көре отырып, берілген тест тапсырмаларын орындау.
1)Televisorium латын тілінен аударғанда қандай  мағынаны  білдіреді?
  1. a) алыстан көруші б) көз
с) ескі                                                     д) камера
2) Қай жылы Э.Александерсон тікелей эфирден адамның темекі тартып тұрғанын көрсетті?
а) 1927                        б) 1888             с) 1957         д) 1921                                              
3) Қай ел ең алғашқы рет теледидарлар шығара бастайды?
а) Қазақстан                                           б) Африка
с) АҚШ                                                  д) Уганда
4) Түтікше лампалы теледидардың пайда болуын кімдер ойлап тапты?
а) Катаев пен Зворыкин             б) Джонатан Ценнек. Фердинанд Браун
с) Б. Розинг пен Генрих Герц       д)Тонни Мантано. Томми Вэрсэти
5) Нағыз электрондық теледидарды жасауға кімнің үлесі тиді?
а) Борис Розинг                          б) Фердинанд Браун
с) Генрих Герц                             д) В.Зворыкин
6) Қай жылы америкалық спутниктік телеарнасы алғаш рет тікелей эфирден таратты?
а) 2000                   б) 1945           с) 1962                           д) 1940
7) Плазмалық теледидар қай жылы пайда болды?
а) 1903               б)1800               с)1989                             д)1977
8)Қай жылы неміс өнертапқышы Пауль Нипков спираль тектесті ойлап тапты?
  1. a) 1800ж б)1884ж с)1925ж                        д)1889ж
9) Қай жылы алғашқы түрлі түсті теледидарлар пайда болды?
а)1954                б)2000          с)1944                             д)1951
10) КСРОда Б-2 маркалы теледидар 1932ж Ленинградта Коминтерн зауытындажасалған, көлемі қанша болды?
а)8*9см                                                     б)6*9см
с)3*4мм                                                    д)3*4см
III. Жаңа сабақты түсіндіру (баяндау әдісі арқылы).                          35 минут
 
Теледидар дегеніміз бейне мен дыбыстың бірдей уақытта таралуын айтады. Теледидардың негізгі үш түсі бар: қызыл, жасыл, көк.
Радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты теледидарлардың орнын сұйық кристалдыплазмалы,  теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.
Бейнені қашықтыққа электронды түрде жіберуді ең бірінші ойластырған ғалым, Петербург технологиялық институтының профессоры Б.Л.Розинг болды. 1907 жол электронды-сәулелік түтікше арқылы теледидарлық бейне шығарудың электрондық жүйесін ойлап шығарды, ал 1911 ж алғаш рет қарапайым геометриялық кескінді қабылдау әдісін көрсетті.
1923 ж оның шәкірті, атақты ғалым В.К. Зворыкин АҚШ-та теледидарлық электронды жүйені ойлап шығару туралы тапсырыс берді. 1929 ж В.К.Зворыкин электронды-сәулелік түтікшені жетілдіріп, кинескопты – теледидарлық қабылдағыш түтікшені ойлап шығарды. Ал 1931 ж иконоскоп – теледидарлық таратқыш түтікшені және электронды теледидар аппаратурасының кешенін жасап шығарды. В.К.Зворыкин бүкіл әлемде “теледидар атасы” деген атаққа ие болды.
Теледидар каналы (телевизионный канал) – бір теледидар бағдарламасының толық теледидар сигналын тарату үшін қолданылатын метрлік және дециметрлік жиіліктер диапазонындағы стандартты радиожиілік  жолағы.ТМД елдерінде теледидар хабарларын тарату үшін әрқайсысының кеңдігі 8 МГц болатын 12 канал пайдаланылады.
Теледидар мұнарасы (телевизионная башня) – ұшар басына теледидарлық хабар тарату антенналары, радиорелейлік байланыс антенналары, гидрометеорологиялық құралдар, металл – конструкциялардан немесе темір-бетонмен аралас  жасалған мұнаралар. Әлемдегі ең биік теледидар мұнарасы – Торонто (Канада) қаласындағы мұнара. Оның биіктігі – 550 м.
  1. Жаңа сабақты бекіту 10 минут
(«Ғажайып жетілік» арқылы сабақты қорытындылау).    
  1. Теледидар дегеніміз не?
  2. Кинескоп дегенді қалай түсінесіңдер?
  3. Теледидарда қанша түс бар?
  4. Қызыл түс қандай әріппен белгіленеді?
  5. Жасыл түстің өлшем бірлігі қандай?
  6. Теледидар орталығы деп нені айтамыз?
  7. Теледидар атасы деп кімді айтамыз?
 
  1. Сабақты қорытындылау 10 минут