Темекі тартқан- өз деңсаулығына зияң келтіру

Спашев Абат Махатович

Тарих пәні мұғалімі

.

.

Мақсаты:

—  Жас ұрпаққа “Қазақстан – 2030” бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру;
—  Тәрбиенушілердің өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын–алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын  аулақ  ұстауын, тәрбиенушілердің санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;
—  Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі:

Түрлі суреттер, бейне жазба, темекінің зиянды жақтарын көрсететін нақыл сөздер, суреттер, мақал-мәтелдер.

Шараның әдісі:

  1. Баяндау;2. Көріністер;3. Суреттер салу.

Шараның барысы:І. Шараның тақырыбын мақсатын хабарлау..

«Темекі тартқаның — өзіңді құртқаның»

Кіріспе бөлімі 

Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы  жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш  фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.

1-бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт.  «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

3-бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».

Салауатты өмір салтының мақсаты — өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.

Темекі, ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді  жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Темекі тартқаның –өзіңді құртқаның” тақырыбында өтеді. 19 қараша Халықаралық темекі тартудан бас тарту күні.

Салауатты өмір салты деген не?

  1. Спортпен шұғылдану
    2. Күн тәртібін ұстау
    3. Жеке бас гигиенасын сақтау
    4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегу.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Никотиннің зардаптары

 Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:

… Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.

2 : Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда.

3 : Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан?

Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі — дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.

4 : Темекінің зияны туралы не білеміз?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 — 10 есе, өңештің ісігі 2 — 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 — 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.

5 : Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы, 384000 тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез — келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.

6: Салмағы 1 мг темекіде 10 — 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 — 15 жыл аз өмір сүреді.

Әр топ  Венн диаграммасын толтырады

Венн диаграммасы арқылы темекінің “зияны”  мен  “пайдасы”

 

 

Бейнежазба көрсету.

 ІІІ.Тәрбиенішулерге суреттер салдыртып,қортындылау.