Теориялық білім-тәжірибе арқылы шыңдалады

Абдрахманова Салтанат Жанбырбаевна

Өндірістік оқыту шебері

.

.

Теориялық оқыту мен практиканы Қазақстан Республикасының  Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі міндеттердің бірі осы заманғы білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеруді мақсат ете отырып, тиісті біліммен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатын деңгейге көтеру – қазіргі заман талабы»-деді.

Қостанай облысы Арқалық қаласында орналасқан «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК мына мамандықтар бойынша  бірнеше жұмысшы мамандарды даярлайды:

058000 Тамақтануды ұйымдастыру

121000 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

1501000 Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

1304000 Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамсыздандыру

0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика

1504000 Фермер шаруашылығы (бейіні бойынша)

1114000 Дәнекерлеу ісі (түрі бойынша)

1401000 Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану

1201000 Автокөлікті жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету

091000 Электрлік және электромеханикалық жабдықтар

Қазіргі заманға байланысты білім алушылардың білімге қызығушылығын арттыру үшін оқытушы жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып енгізілуде.  Теориялық оқытудың әсерімен мамандығына қызығушылықты ояту білім алушыларды кәсіби тәрбиелеудің, олардың кәсіптік бағыттылығының маңызды алғышартын құрайды.  Теориялық оқытудың  сапасы қандай  жоғары болса, оның тәрбиелік маңызы да недәуір салмақты болады. Теориялық оқытудың сапасы  дидактикалық әдістерді, техникалық, көрнекі  құралдарды: макеттерді, үлгілерді,  сызбаларды, плакаттарды дұрыс пайдалана білуге байланысты. Алайда көп жағдайларда, біздің білім алушылар контигентін есепке ала отырып, оқытушылардың білім алушыларды  тәрбиелеуге бағытталған жұмысы  мақсатына жетпей қалады.  Дәл осы жерде өндірістік оқыту шеберлерінің көмегі қажет. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік туғызады.   Осы мақсатта өндірістік оқыту шеберлері  оқу жылының басында арнайы пәндер оқытушыларымен  тәрбие  жұмысын бірге жүргізу туралы келісуге және өзінің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына  бірге жүргізілетін  тәрбиелік іс-шараларды,   теориялық сабақтарға қатысу кестесін, теориялық сабақтарда көтерілетін  мәселелерді шешудегі шебердің нақты міндеттерін белгілеп қоюы мүмкін.       

Оқытушылар мен шеберлердің бірлескен жұмысы білім алушылардың «еңбекке дұрыс көзқарасы» сияқты түсінікті жақсы игеруіне жағдай тудырады.  Оқытушылармен теориялық аспектіде берілген білім, өндірістік оқыту шеберлерімен өндірістік оқыту сабақтары жоғары деңгейде өтеді. Шеберлердің оқытушылармен ынтымақтастығы  тәртіпті нығайту және үлгерімді арттыру  бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру үшін  пайдалы.  Кейбір шеберлер теориялық сабақтарға қатысу кезінде білім алушылардың  жақсы оқуға деген   жауаптылық сезімін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі, арнайы білімді қалай игеретінін, қандай қиыншылықтар туындайтынын, үлгермейтіндерге қандай көмек қажеттігін байқайды. Өндірістік оқыту шеберлері  тәртіпті нығайту және үлгерімдерін арттыруда көмектесіп қана қоймайды, олардың оқу үрдісін көрнекті құралдармен қамтамасыз етеді.