«Жылыту жүйесі» макеті

Пашен Ж.Қ.

Жетекшісі: Ильяс С.Қ.

..

.

Экспонат пластик материалдан тұрады: «Қазандық жабдықтарын аралаушы-машинист» мамандығына байланысты білім алушыларға арналған.

 Мұнай-газ қоры мен басқа да жерасты қазба байлықтарының жыл санап кеміп жатқан заманда энергияның табиғи көздерін пайдаланудың маңызы артып келеді. Әлем халқы, әсіресе, күннен қуат алатын панельдер мен батареяларды экологиялық таза өнім ретінде жоғары бағалауда. Сондықтан дүниежүзі ғалымдары халыққа қолжетімді әрі сенімді құрылғыларды жасауда алдына жан салмауда. Бұл технология эко­логиялық тұрғыдан таза болуымен ерекшеленеді. Күн панелі, уақытша және мерзімді сақтау аккумуляторы пайдаланылады. Күн энергиясын мау­сымдық жинау технологиясы деп аталатын бұл әдіс жаздағы күн энергиясын сақтай отырып, қыста оны жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне пайдаланып, ғимараттар мен үйлерді жылытуға арналған. Су арнайы резервуарда ұзақ мерзімде сақталынып тұрады. Су насос арқылы газ пешіне  беріледі. Газ сыртта арнайы цистернадан бөлініп тұрады. Пеш арқылы жылы еден астында  құбырлармен жылыту радиаторлары секциясымен жылы ауа циркуляция етіп тарай бастайды. Жалпы күн алынған энергия көзі, немесе газ, су т.с.с. қауіпті себеп- салдары пайда болған жағдайда автоматты түрде сигнал, яғни дабыл берілу мүмкіндігі қарастырылған. Әр қауіп-қатердің өзіне тән ерекшелінген жарық түсі бар. Көк жарық жанса—газ таусылғаны, сары түс—күн энергиясы тапшылығы, қызыл түс—резервуарда судың азаюын білдіреді.