Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз

Зұлхарова Айжаркын Бакыткалиевна
Тәрбиеші
.
.
Мақсаты:
Балалардың өз ана тілінің  қадір қасиетін біліп өз ана тілінің ,көркемдігін сезініп,және туған жерін сүюге ,қадірлеуге мақтан етуге тәрбиелеу.Тіл көркемдігін,байлығын,өлең сөздер арқылы ,бала дүние танымын ,ой-өрісін дамыту.
Сабақтың әдістері:
Әңгімелеу,ойын көрсету,өлең тақпақ айту,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:Слайд. Рәміздер.
Балалар бізде бүгін тіл мерекесі  .Олай болса келген қонақтармен үш тілде  амандасамыз.
«Гимн» орындалады
Қазақстан мемлекетті көп ұлтты мемлекет.
Ғажайып сәт:
(Осы кезде есік қағылады. Қонаққа Англиядан Мэри  келеді)
Мэри:Сәлеметсіздер ме балалар?Мен сендерге хаттарыңды ала сала ,сендерге келдім.
Тәрбиеші: Балалар шет мемлекетінен қонақ келді.Ол бізге ұшақпен жетіпті.Арманы біздің еліміз .тіліміз туралы көп білгісі келеді екен.
Тәрбиеші: Н.Ә.Назарбаев 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін  деген бастауын қолдаған.Яғни 1997жылы 22қыркүйек күні қабылданған.Қазақстан тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін  қолдау мен дамыту,құқығының негізі бекітілген.
Сұрақ-жауап: 
Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
(Қазақстан).
-Иә дұрыс біз Қазақстан мемлекетінде тұрып әр тілде сөйлеміз. Сонымен біз тәуелсіз мемлекетпіз.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы болып жарияланды.
-Балалар біз қай тілде сөйлейміз? (қазақ)
-Дұрыс айтасыңдар.
 Тағы да қандай тілдерді білеміз?(орыс тілі,ағылшын тілі)
Дұрыс айтасыңдар біз балабақшада  орыс,ағылшын тілдерін сөйлеп үйреніп жатырмыз.
(Суретте әр ұлттарды көрсету)
Тіл -құрал егер ана тілің туған тілің болса,әр бір ұлттың өзінің тілі болады.Сол ұлттық тілді әр бір адам өз халқын ,өз Отанын ,өз мемлекеттін құрметтеуге,мақтаныш тұтуға міндетті.Оны сезінуге мемлекеттік рәміздер көмектеседі.
(экранда рәміздер суреттері.
 Тақпақтар:Қазақ, орыс тілде тақпақтар.
Ақниет:Өсірген ой білімді                                   
               Сүйем туған тілімді
               Мақсат етем әр сөзді
               Мәнін терең білуді.
Амина    Ана тілің біліп қой
               Еркідігің теңдігін
               Ана тілін біліп қой
               Мақтанышың елдігің
Айшабибі:Ана тілің арың бұл
                  Ұятың боп тұр бетте
                   Өзге тілдің бәрін біл
                     Өз тіліңді құрметте.
Жаннат:Туған тілде сыры терең жаным бар
               Туған тілде әнім меннен жаным бар
               Тәған тілім тіл болудан қалса егер
                Жүрегімді суырап ақ алыңдар.
Нұрберді:.   Я казах в степи рожден
                     Знойным солнцем ополен
                      Встречаю новую зарю
                       Как беркут гордый ополен
Адия:            Наш Казахстан наш край родной
                      Здесь есть большой семьей
                       Здест есть родные и друзья.
Тәрбиеші: Бәрімізде бейбітшілікте,татулықта сабырлықта  тұрсақ,әр халықтың мәдениеті дамып салт-дәстүрлері сақталынады.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Кетті-кетті орамал.»
Мэри:Балалар мен бұл ойынды Англиядағы достарыма үйретемін.Менде  сендерге өз суреттерімді ала келдім маған қазақша атап беріңдерші.
(Мэри:Ағылшын тілде өлең оқиды.)
Иман:Автор: М.Жұмабаев.
           Қазақ тілі -қазақтың ана тілі
           Бірақ оған адам аз бас иетін
          Қазақ тілі -қазақтың дара тілі
          Кейбіреулер түсінбем қасиетін
          Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды
          Орыс тілі сінген ғой санамызға
          Неге олар тілім деп қуанбайды
          Шынымен-ақ басқа боп барамызба
          Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым
          Өз тілімде керемет ақыл ойым
           Қасиетті қазақ ілі бабам тілі
          Ол,тарих сенің менің абыройым
Тәрбиеші: Мақал сөздің мәйегі  демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал-мәтелдер айтайық.
1.Өнер алды қызыл тіл
2Тіл қылыштан өткір
3.Тіл тас жарады
  Тас жармаса бас жаражы
4.Басқа пәле тілден.
(Мэри балалармен қоштасады)
Тәрбиеші:Тіл-ата баба аманаты.ғасырдан-ғасырға,ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан.Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру біз тілімізді құрметтеуге  міндетіміз.
Ән: «Ана-тілім.»
Қорытындылау: