«Тіл – ұлт қазынасы» тәрбие сағаты

Исмаилова Гульсара Жанатовна
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
.
.
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушылардың тіл жайында білімдерін тереңдету
2. Сөздің қорын, ой — өрісін дамыту
3. Тілді қадірлей білуге, патриоттық сезімге баулу
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта
Сабақтың әдісі: іздендіру, сұрақ — жауап
Сабақтың эпиграфы:
“Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!”
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем.
Осы менің туған өлкем.
Сабақтың барысы:
1 — бөлім “Бәйге”
2 — бөлім “Көкпар”
3 — бөлім “Зеректік”
4 — бөлім “Шапшаңдық”
5 — бөлім “Тапқырлық”
6 — бөлім “Шешендік”
1 — бөлім “Бәйге”
Сонымен, бірінші сайыста әр түрлі сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады. Әр кезеңнен соң әділқазылар алқасы ұпай санымен таныстырып отырады. Сонымен бірге бір — бірлеріңе кедергі жасамауларыңызды сұраймын.
1. ҚР — ның мемлекеттік тілі қай тіл?
2. Қазақ тіліне ғана тән әріптер саны нешеу?
3. Алфавит саны?
4.Апта күндерін ата?
5.Сендер қайда оқисындар?
6. Оқу құралдарын ата.

 Ал, екінші бақытым — тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей — кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

2 — бөлім “Көкпар”
Бұл кезеңнің шарты мынадай – алдарыңызда сандар жазылған парақшалар ілулі тұр. Сол сандардың біреуін таңдап аласыздар. Сан жазылған парақшаның артында сұрақтар жазылған, сол сұрақтарға жауап бересіздер. Егер дұрыс жауап берсеңіздер, сол сан сіздерге ұпай болып қосылады. Ең аз ұпай жинаған оқушы бірінші болып таңдайды.

10 Қазақстан неше елмен шектеседі?
20 Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
30 Қазақстанда неше облыс бар??
40 Қазақстан рәміздері қандай?
50 Мемлекеттік тіл мерекесі қай күні тойланады?
60 Сен қай Республикада тұрасың?
10 Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
20 Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
30 Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл?
40 Қ.Р тұңғыш президенті кім?
50 Бәйтеректің ұзындығы қанша?
60 Сен қай Республикада тұрасың?
3 — бөлім “Зеректік”
Бұл кезеңнің шартымен таныс болыңыздар. Қазір мақал — мәтел, тұрақты тіркестер оқылады, олардың бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, 1 тілде дұрыс жауап айтылса 10 ұпай қосылады.
1 — топ
  1. Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
  2. Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
  3. Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).
  4. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
  5. Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
  6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
  7. Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы ортақ).
  8. Қаһарлы сөз … (қамал бұзар).
  9. Бас кеспек болса да, … (тілкеспек жоқ).
  10. Айтылған сөз, атылған … (оқпен тең).
2-топ
  1. Бал тамған тілден … (у тамған).
  2. Тауды, тасты жел бұзар, … (адамзатты сөз бұзар).
  3. Жақсы сөз … (жарым ырыс).
  4. Жақсы байқап сөйлер, … (жаман шайқап сөйлер).
  5. Тіл қылыштан … (өткір).
  6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).
  7. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді).
  8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей … (шешен боларсың).
  9. Тілден артық … (қазына жоқ).
  10. Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).
  • Енді қазақ тіліндегі мақалдардың орысша баламасын тауып көріңдер:
4 — бөлім “Шапшаңдық”
Бұл бөлімде сайысқа қатысушыларға бір сөз беріледі, сол сөзден жеке сөздер құрастыру керек. Барлық сөз таптарын қатыстыруға болады.
Берілетін сөз – “Құрметтеулерінің”
1-топ:
 Жақсы сөз жарым ырыс
(Доброе слово – половина блага)
Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз
(Глаза украшают лицо, уста -слово)
Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді
(Кто слов не ценит, сам себе не ценит)
Жақсы сөз – жан азығы
(Хорошее слово – душе опора)
Айтылған сөз атылған оқ
(Сказанное слово – вылетевшая пуля)
2-топ:
 Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
(Даже говоря в шутку — подумай)
Тамшы тас жарады, тіл бас жарады
(Капля камень расколет, слово — голову)
Өнер алды – қызыл тіл
(Начало искусства красноречие)
Мағынасыз сөз болмайды,
Мақалсыз ел болмайды
(Нет народа без пословиц,
Как нет слова без значения)
Байлық – байлық емес,
Бірлік – байлық
(Достаток не богатство,
единство – вот настоящее богатство)
5 — бөлім “Тапқырлық”
Шашыраңқы сөздерден сөйлем құру.
XXI, ғасыры, техника, ғасыр.
“Ақпарат”, латын, алынған, термині, тілінен.
Ақпарат, газет, радио, телевизия, журнал, интернет, құралдарына, жатады.
“Қазақтелеком”, байланыс, көрсететін, қызметін, кәсіпорын.
Фототелеграфтық, “факс”, байланыс, деп, аталады.

6 — бөлім “Шешендік”
“Астана қаласы” тақырыбы беріледі, тақырып бойынша сөйлеген оқушы өзінің тіл байлығын, ойын еркін жеткізіп, сөз шеберлігін көрсетеді..

Көп нүктенің орнына тиісті жалғау жалғап жаз.
1.Қазақстанда көп қала… бар. 2. Оқушы…. Республика алаңына барды. 3. Алматы көшелерінде автобус…, троллейбус… , трамвай … жүреді.4. Оқушы кітап дүкенінен кітап… сатып алды.
Қорытынды
Сабақты қорытындылап, ұпай саны бойынша нәтижесі шығарылады. Бір оқушы озып шығып, жеңімпаз, “озық ойлы оқушы” болады. Оқушылардың білімі бағаланады.

Назарларыңызға көп рақмет!