«Тіл мен әдебиеттің көркем келбеті» атты әдеби кеш жоспары

Омарова Дана Сейлхановна
Ағылшын тілінің оқытушысы
.
Мақсаты: атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген құштарлығын арттырып, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
Көрнекіліктер: видео көрсетілім, кеспелер, мәтіндер.
Фанфар:
1-жүргізуші: «Қайырлы күн, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар мен білікті білім алушылар!
2-жүргізуші:
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма
қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта Адам?
Арма, өмір, бар әлемді баурына алып
шайқаған!
Тату — тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар.
Бүгінгі тілдер апталығы аясында ұйымдастырып отырған «Рухани жаңғырудағы тіл мен әдебиеттің көркем келбеті» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Өлең деген – құдірет қой шынында,
Талант керек, кейде оны ұғынуға.
Ұлағат та, тіршіліктің сыры да,
Үңілсеңіз жатыр баба жырында.
Ендеше бүгінгі кешіміздің мақсаты – өлең сөзінің құдіретін, мәнін түсіну болмақ!!
Әдеби кешімізді мың бұрала билеген биші қыздарымыз «Тұмар» би тобының биімен бастаймыз. Қошеметпен қарсы алайық.
1-жүргізуші : — Әсел, саған өлең оқыған көбірек ұнайды ма, жоқ поэзиялық шығарманы тыңдаған жаныңа жақын ба?
2-жүргізуші: — Маған  поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқығаннан көрі, әуезді үнді тыңдаған көбірек ұнайды.
1-жүргізуші: Ендеше, Әсел, сен үшін, қонақтарымыз бен ұстаздарымыз, білім алушылар үшін ортаға өлең сөздің қас шеберлері, сөз майталмандары, колледжіміздің білім алушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз.
(білім алушылар шығып, ақын-жазушылардың туындыларын оқиды).
2-жүргізуші. Бәрекелді! Жарайсыңдар! Бұл туындылар маған таныс секілді. Арамызда осы шығармаларды білетіндер де бар шығар?! Білім алушылардан сұрап көрейік. Оқылған туындылар қай ақын, жазушынікі, кім біледі? (студенттер жауап береді).
Дұрыс айтасыңдар, студенттер. Бүгінгі әдеби кешімізге қонақ болып, сіздер мен біздерді қуанту үшін, өздерінің тәжірибелерімен бөлісу үшін аталған шығармалардың авторлары келіп отыр.
Қонақтармен таныстыру.
Жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты, Республикалық «Жалын» баспасы белгілеген сыйлықтың екі дүркін , «Қазақ әдебиеті» газетінің үш дүркін иегері, «Құрмет» орденінің  иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт мырза;
Ақын, халықаралық Физули сыйлығының иегері ……Құрал Көмек мырза;
Ақын, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер, 11 кітаптың авторы Ханбибі Есенқарақызы ханым ортамызда.  
Ендігі кезекте  Даулетқызы Аяулымның орындауында «Жаса қазағым»  әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Ендеше бүгінгі «Жауқазын маржан жырлар» атты жас ақындар арасындағы сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер:
І бөлім — «Өлеңмен өрілген ой». Білім алушылар өз шығармашылығынан  өлең оқиды.
Бұл бөлімнің мақсаты — атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген құштарлығын арттырып, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

ІІ бөлім – «Өлең деген тумайды жайшылықта»  жас ақындарымыз берілген тақырыптарға  осы жерде өлең шығарулары керек. Аталған турдың мақсаты –ақындарымыздың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума — талант, табиғи дарындарын анықтау, өзіндік «Менін» қалыптастыру.
1-жүргізуші: Бүгін сіздерге әділ баға беріп, қабілет, дарындарыңды  бағалайтын  әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік:
  1. Ақын, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер, 11 кітаптың авторы Ханбибі Есенқарақызы ханым
  2. Ақын, халықаралық Физули сыйлығының иегері  — Құрал Көмек мырза
2.   Колледжіміздің құрылтайшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор- Саттар Қуашбаев
1-жүргізуші. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп — тегіс жұмыр келсін айналасы, — деп Абай данамыз өлеңге осылай талап қояды.  Ендеше  1-тур — «Өлеңмен өрілген ой» бөлімін бастауды рұқсат етіңіздер. Жас ақындарымыз өз өлеңдерін оқып, кешімізді бастайды.
Бастауыш білім беру мамандығының білім алушысы — Бейсенбай Гүлмира
Мектепке дейінгі тәрбие қолданбалы бакалавр білім алушысы — Жамалдин Бақжан
Бастауыш білім беру мамандығының білім алушысы — Әбдираимова Ақниет
Шет тілі мамандығының білім алушысы – Асан Асылзат
 Бастауыш білім беру мамандығының білім алушысы — Байбек Хадиша
2-жүргізуші: І тур бойынша әділқазылардан әділ баға беруін сұраймыз.
«ББШТ-9г-18» тобының білім алушысы —  Сапар Назеркені «Аққу» күйімен қарсы алуларыңыздарды сураймыз.
1-жүргізуші. Өлең деген тулайды жайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа — деп, Мұқағали Мақатаев жырламақшы бұл бөлімде ақындарымызға әр түрі тақырыптар  беріледі. Осы тақырыптарға өлең құраулары керек.
«ШТ-9Г-18/1» тобының білім алушысы  Тастан Ақеркені  Мұқағали Мақатаевтың «Майгүлге» поэзиясымен қарсы алайық.
Келесі кезекте саусақтары майысып,  күмбірлетіп күй төккен күйші қызымыз Колледжіміздің  жас әншілерінен құралған дуэтіміз «Бала махаббат» әнімен ортада. Ду қол шапалақпен қарсы алайық.
2-жүргізуші. Бүгінгі сайысымыздың қорытындылап, жас ақындарымызға тілер тілектерімен жылы лебіздерін тыңдау үшін сөз тізгінін  келген  қонақтарымызға береміз.
Испан биі. Орындайтын – «БББ-9г-18» тобының білім алушылары.
1-жүргізуші:Ал енді   «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты апталыға қатысып, ат салысқан білім алушылар мен ұстаздарға алғыс айта отырып, апта бойы түрлі ұйымдастырылған шараларға қатысып, оза шапқан білім алушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер. Ортаға колледж құрылтайшысы – Саттар Қуашбаев мырзаны шақырамыз.