Өткізгіштің кедергісі. Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік

Алдонгарова Гаухар Абильдиновна
Физика пәнінің оқытушысы
.
.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Электр кедергісі ұғымын қалыптастыру. Өз жетістіктерін сезініп, сын көзбен қарауға үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің танымдық қасиеттерін,  шығармашылық  қабілетін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге баулу. Студенттердің ой — өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді  ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Жұмбақ шешуді сабақтың кейбір тұстарында пайдаланып, студенттерді  пайымдауға, ойлануға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:  Электронды оқулық, слайдтар,  Амперметр, Вольтметр, жалғағыш сым, ток көзі, кілт.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ — жауап, есептер шығару
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, информатика, математика,химия
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру.
ІV. Бекіту тапсырмалары
V. Бағалау
VІ. Кері байланыс
VІІ. Үйге тапсырма
  1. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен амандасу, түгендеу.Студенттердің сабаққа қатысын, дайындығын, оқу құралдарын тексеру.
 Сыныпты екі топқа бөлу. 1 — топ «Ток күші», 2 — топ «Кернеу»
Бүгінгі сабақта «Өсімдіктердің жұмбақ әлеміне» саяхат жасаймыз
II. Үй тапсырмасын тексеру.
  1. Сөзтізбек құрау
  2. Сұрақ — жауап
  3. Есеп
  4. Шығармашылық жұмыс
1.Бүгінгі сабақта апельсин мен лимонның алыс тумасы қалай аталатынын білуіміз керек. Ол үшін сөзтізбек шешеміз. Ортадағы торкөзде ол жемістің аты шығады.
1. Аттас зарядталған денелер қалай әсерлеседі?(тебіледі)
2. Янтарь сөзі қандай мағына береді? (электрон)
3.«Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)
4. Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген итальян ғалымы (Гальвани)
5.«Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)
6. Электрон зарядының мәнін анықтаған американ ғалымы (Милликен)
7. Атомның ортасында не бар?(ядро)
8. Денелердің электрленуін анықтайтын құрал(электроскоп)
Сонда торкөзде «Бергамот» сөзі шығады.
2. «Сұрақ — жауап» бөлімі
1.Екі топқа сұрақтар қойылады.
1 — топқа. Сұрақтарға дұрыс жауап берсек конвертте бергамоттың Отаны шығады
1. Ток күші дегеніміз не?
2. Ток күшінің формуласы
3. Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?
4. Ток күшін немен өлшейміз?
5. Амперметр тізбекке қалай қосылады?
6. Амперметрдің шартты белгісі қандай?
7. Электр тоғын тасушылар нелер?
8. Электр тогының бар болу шарттары қандай?
Жауап: Бергамоттың Отаны болып Оңтүстік–Шығыс Азия саналады.
2 — топқа. Сұрақтарға толық жауап берсеңдер конвертте бұл цитрус тұқымды өсімдіктің неліктен бергамот аталуы шығады.
1.Э.Қ.К. дегеніміз не?
2. Ток кернеуге қалай тәуелді ?
3. Кернеу дегеніміз не?
4. Кернеудің формуласы
5. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
6. Кернеуді немен өлшейміз
7. Вольтметр тізбекке қалай қосылады?
8. Вольтметрдің сызбадағы шартты белгісі?
Жауап: Бергамот аталуы оны ең алғаш май ретінде өндіріп сатқан Италияның Бергамо қаласының атауына байланысты.
2-топқа. 1.Шартты белгілерін сызыңдар.(гальвани элементі, шам, амперметр, вольтметр, кілт, резистор, аккумулятор, сымдардың түйісуі)
2. Тізбек құрастырыңдар ( шам, ток көзі, амперметр, кілт, вольтметр.  резистордағы токты өлшеңдер)
  1. Есеп шығару. Екі топқа есеп беріледі.
    1. Ток көзі ішінде 10 Кл зарядты оның бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30 Дж жұмыс атқарады. Ток көзінің ЭҚК-і неге тең?
    2. Қыздыру шамы арқылы 0,5 А ток өтеді. Шамның көлденең қимасы арқылы 4 секундта еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен?
    Бергамоттың қолданылуы: Бергамот майы(Эфир майы) жемістің қабығы, жапырағы, гүлінен алынады. Бергамот майы сұйықтық. Өзіне тән иісі, ащы дәмі бар. Парфюмерияда, кулинарияда, медицинада ароматерапияда депрессия ауруына, ас қорытуды жақсартуға қолданылады. Оның қабығынан жасалған варенье Грецияда кең қолданылады.
  2. Шығармашылық жұмыс
    5. Сергіту сәті. Жұмбақ шешу
    1. Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,

    Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават (Кернеу)
    2. Бойындағы зарядты ұзақ  уақыт сақтайды,
    Реленің күшімен бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)
    3. Пайдаланады  мені  жұрт отын және жарыққа,
    Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)
    4. Жіпке ілдім мен өзім,
    Кіп–кішкентай  күн көзін. (шам)
    5. Мұз жарғыш жүзіп келеді,
    Бауыры қызып келеді.
    Абайла ойып түсер,
    Ондайлар бұзық келеді (Үтік)
    6. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егер де,
    Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан (Энергия)
III .Жаңа материалды түсіндіру
1.Өткізгіштің кедергісі.
2.Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі.
3.Асқын өткізгіштік
IV.Сабақты бекіту:
1.Сұрақ-жауап. Слайдтар
2.Постермен жұмыс
3.Карточкамен жұмыс
  1. Бағалау.
  2. Сабақтағы іс-әрекетке кері байланыс
1.Сабақ  барысында ұнаған сәттерді көрсетіп, оларды неліктен ұнағанын айтып беріңіздер.
2.Сабақта қиын болған  мәселені айтыңыз және  неге қиын болғандығы туралы өз пікірлеріңізді жазыңыздар.
3.Қандай ұсыныстарыңыз бар?
VII. Үйге тапсырма. «Өткізгіштің кедергісі. Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік.» §9.1-.12,1 Кронгарт Б.А, Кем В.И 10-сынып 231-234 бет