Тренинг «Ақыл-ой тәрбиесі»

Нуртаева Кымбат Нурислямовна
Арнайы пәндер оқытушысы
.
.
Мақсаты: студенттерге ақыл-ой тәрбиесі арқылы болашақ ұрпақты сауаттандыру жолдарын түсіндіру,көрсету,жетелеу.
Барысы:
Ой толғау: Баланы қалай ақылды етіп тәрбиелеуге болады? Неліктен кей адамдар өз дамуында өте биік нəтижелерге жетеді, ал екінші біреулер — ондай мүмкіндікке ие емес? Бұл процесс жəне оның нəтижесі неге байланысты?
Педагог: Ұзаққа созылған зерттеулер осы сұраққа орай жалпы заңдылықты ашты: адам дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайларға тəуелді. Ішкі жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық жəне психикалық қасиеттері. Сыртқы жағдайлар – бұл адамның қоршаған ортасы, ол жасаған жəне дамыған аймақ. Сыртқы ортамен ықпалды араласу процесінде адамның ішкі мəні өзгереді, жаңа қасиеттері қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде алдағы өзгерістерге жол ашады.
Назерке: Ақыл-ой тәрбиесінде зейіннің де алар орны ерекше деп санаймын. Зейін ақыл-ойдың дамуына өте қажет жаттықтырушы. Ол іс-әрекет пен заттарға қарапайым көңіл аударудан бастап, оларға толық бір назар аударуға дейінгіні кезеңді қамтиды. Зейінді адамның кез келген басқа іс-әрекеттен шеттеп нақты бір ақпаратқа көңіл аударуын және  оны қабылдауын қамтамасыз ететін сыртқы немесе ішкі объектке немесе іс-әрекетке бағытталуы мен шоғырлануы деп түсінуге болады. Зейін — ағза мен психиканың қоршаған ортаға бейімделуіне қызмет етеді. Ол практикалық немесе ақыл-ой, ішкі және сыртқы іс-әрекеттерде  дамиды және көрінеді. Зейін адамның мінез-құлқын ерекше түрде ұйымдастырады және оны белгілі бір обьектіге немесе іс-әрекетке бағыттап сол обьект пен іс-әрекетте сананы керегінше ұзақ ұстап тұра алады.
Ақбөпе: Психолог Л.С.Выготскийдің пікірінше, зейіннің даму сатысы белгілі бір жағдайда баланың мектепке дайындығының көрсеткіші болып табылады. Олай болса, зейін дегеніміз — өте маңызды психологиялық құбылыс. Ол ағза жұмысын және психикалық қабылдауды ұйымдастырады. Сондай-ақ іс-әрекеттің кез келген түріндегі ақпаратты қайта өңдеуде басты құрал. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етуін оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Л.Н.Толстой мектепке дейінгі  шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне де ие болмаған шығармын. Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық» — деп жазды.
Педагог: Жақсы,балалар. Жауаптарынды қабылдаймын.
Тапсырма: Екі кіші топ бөлініп, қағаз таратылады. 1– ші топ баланың дамуына әсер ететін жағымсыз факторларды анықтаса, 2- топ жағымды факторларды анықтауы тиіс. Екі топ та өз ойларымен бөлісіп, талқылайды.
Педагог: Мида белгілі бір мөлшерде нейрондар жиынтығы бар. Он айлық баланың ми қабығындағы нейрондық байланыс біздің басымыздағы байланысқа қарағанда бірнеше есе көп. Бұның себебі неде? Бұған байланысты зерттеушілер бірнеше тәжірибелер жүргізген. Тәжірибе барысында мысықты тік сызықты цилиндрде өсірген. Нәтижесінде ол тек тік жолақты көріністі қабылдаған. Оның көру қабығында көлденең жолақты заттарды көру нейрондары жоғалып кеткен. Осыдан шығатын қорытынды: ми тек миға түскен ақпаратты ғана өңдеп, сақтай алады. Егер ондай ақпарат түспесе, онда қорытып, сақтайтындай ештене болмайды, сондықтан нейрондар жоғала бастайды. Яғни сыртқы әсерді, қоғамдық және әлеуметтік, тұлғалық мүсін қалыптастырушы десе де болады.
Ақпараттың алмасу  үрдісі табиғатынан бәсекелістікке жақын. Мидағы нейрондар барлық ақпаратты бір мезгілде өңдей алмайды. Бір ақпарат өңделгенінше, екіншісі ығыса береді. Ақпараттың болуы нейронның сақталуында өте маңызды.
 Суретпен жұмыс: слайдтан кезекпен шығатын суреттерді топпен талқылау, педагог әрекеті мен бала әрекетінің дұрыс не бұрыс екенін анықтау.
Сымбат: Баланы ақылды етіп тәрбиелеу үшін оның қоршаған ортасы ақылды болу керек, яғни бұл ата анасының немесе тәрбиешісінің қабілетімен анықталады. Егер балаға дұрыс ақыл-ой тәрбиесін бере алсақ, онда бала ертенгі күні өз ойын әрқашан биік деңгейде жеткізе алады. Мысалы, әжесінен тәрбие көрген баланың өзіндік зейіні күшті бекітілгені байқалған. Өйткені әжесі балаға тәрбие берумен айналысқандықтан, зейіннің тысқары қалмасы анық.   
Зейінді басқару іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Егер адам затпен жұмыс істей алатын болса, онда зейін сол затта кідіреді. Яғни сыртқы әрекет ішкі әрекетке, ақыл-ой әрекетіне айналады, сонымен бірге өзінің көмегімен затта зейінді кідіртетін басты аспап болып табылады.
Педагог: Адам зейіні белсендідігінің бастауы — оның қажеттілігі болып табылады. Ең бірінші қажеттіліктер бұл-биологиялық. Олар ағзаның тіршілік етуіне керекті қажеттіліктер болып табылады. Сондықтан олар қоршаған орта мен адам ағзасын өзгертетін, тіршілік әрекетіне әсер ететін зейінді жандандырады. Тәрбие үрдісінде адамның қоғамдық өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін әлеуметтік қажеттіліктер шығады. Бұның негізінде ерісіз зейіннен ерікті зейін дамиды. Зейінді іштен басқаратын жаңа ішкі әрекеттер қалыптасады. Осындай зейін тек мектепке дейінгі жастың соңында қалыптасады.  Негізгі қолайлы қалыптасу жасы бұл кіші мектеп жасы болып табылады.  Зейін — ол тек қана үлкендердің нұсқауымен қалыптасады.  Зейін міндеті-заттың кейіпін  зерттеу үшін оны мида кідірту.  Зерттеу үрдісінің болуы, естегі бар затты шын кейіпте беттестіре алуында.
Мәриям: Зейінді ұйымдастырудың әмбебап құралы — бұл сөйлеу болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тапсырманы орындай отырып, жиі нұсқаулықты дауыстап айтып отырады.  Осылайша нұсқаулық түріндегі сөз немесе үлкендердің талабы баланың зейінін басқаруына көмектеседі.
Педагог: Баланың зейінін сақтаудың негізі алаңдатушы факторларға қарсыласу мүмкіндігі жатыр.  Баланы ішкі және сыртқы қоздырғыштар алaңдатуы мүмкін.  Бұл қоздырғыштар эмоциялық куй немесе  бөгде қауымдастықтар болуы мүмкін.  Балаға «бөгеттермен күрес» механизіміне шынығу керек.  Бұнда ата-ана көмегі ол- негізгі іс-әрекеттің аяқталуына бағыттайтын сөйлеу нұсқаулығынан көрінеді.
      Сондықтан балалардың  ақыл-ойын дамытуда тәрбиешінің,  ата-анасың және қоршаған ортаның, сондай-ақ балалардың өзіндік білімдерінің маңызы зор.   Демек, мектеп жасына дейінгі балаға біріншіден, табиғат пен ішкі жан-дүниесінің байланысы, екіншіден білім алатын ортасы, үшіншіден жақсы жетекшісі,  төртіншіден жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, бесіншіден жанұяның ықпал ету жағдайлары болғанда, ақыл-ой тәрбиесі арта түспек.
Сендерге, болашақ мектепке дейінгі мекеме педагогтарына зейінді дамыту ойындарын ұйымдастыру бойынша мынадай ұсыныстар:
  • Біріншіден, ешқашан эмоцияны жасырмаңыз. Баламен ойнай отырып, шаттық пен қызығушылық танытыңыз.
  • Екіншіден, баланың көңілін аудару үшін бірегей тәсілдер ойластырыңыз. Оның көңілін аулау үшін тосын, көрнекі және эмоционалды нәрселер ойластыру керектігін ұмытпаңыз.
  • Үшіншіден, балаға кез келген тапсырма бере отырып, нұсқаулығыңыздың анық, нақты  және игілікті болуын қадағалаңыз.
  • Төртіншіден, баланың көңіл күйі жақсы болғанда, ештеңе кедергі болмаған жағдайда баламен шұғылданыңыз.
  • Бесіншіден, баланың қолы бос болмаса, оған жаңа тапсырма беріп алаңдатпаңыз.