Тренинг сабақ «Жан досым,үстем болсын мерейің»

Айдосова Лаззат Нурлановна

Педагог-психолог

.

.

Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынасын нығайту.Сынып ішінде ауыз біршілікті сақтауға шақыру.

Тренинг барысы

 Кіріспе /психолог сөзі/

  1. «Сәлемдесу»  /жаттығу/
  2. «Таңды қалай қарсы аламын» /тренинг/
  3. / Бейнеролик көрсету
  4. «Жұбыңды тап»жаттығу
  5. «Жұмыла көтерген,жүк жеңіл»жаттығу
  6. «Жүректен жүрекке» Жігіттер тобының әні
  7. Қорытынды

 

Кіріспе

 1.Психолог: — Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!Сәлеметсіздер ме,достарым!Мен бүгін сіздерді көргеніме қуаныштымын.Бүгінгі «Жан досым,үстем болсын мерейің»атты тренингіме қош келдіңіздер.

 2.«Сәлемдесу» жаттығуы 

— Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

3.«Таңды қалай қарсы аламын»  тренинг

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Челендж дегенді түсінеміз бе? Ол не? (балалардың жауаптары тыңдалады) Олай болса, «Таңды қалай қарсы аламын?» деген челенджімізді бастайық (жүргізушінің оң жағындағы қатысушыдан  бастап) бір қатысушы  қимыл-қозғалыспен жауап береді. Қалған қатысушылар да оның айтқанын және қимылын қайталап жасайды. (мысалы: Таңертең тұрып бет-қолымды жуамын, ватсапқа кіремін, шәй ішемін т.б. деп қимыл-қозғалыспен көрсетеді). Осылай шеңбер бойымен жалғаса береді.

 4.Бейнеролик көрсету.

  • Бейнероликтен не түсіндік?

Бейнефильм көрсетіледі,содан соң әр тұлғаның өз ойы,пікірі тыңдалады.

   Досы уәдесіне берік болса,қандай жағдай да досымен бірге болса,қолынан келген аямаса,оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос.Балалар достықтың екі түрі болады екен.Біріншісі  адал достық,екіншісі айнымалы алдамшы достық.Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз.Олай болса балалар бір-бірімізге адал дос болайық.

  1. «Жұбыңды тап»жаттығу.

Нұсқау: Мақал-мәтелдер екі қағазға бөлініп жазылады.Ал оқушылар екінші жартысын таупып, жалғастырып оқып ,мағынасын ашу қажет.

  1. «Жұмыла көтерген,жүк жеңіл»жаттығу

Мақсаты:Оқушылардың қарым-қатынасын нығайту.

  1. «Жүректен жүрекке» Оқушыларды шеңберге тұрғызып, қол ұстастырып.Жігіттер тобының орындауындағы «Жан досым»әнін бірге орындап,тренингімізді аяқтаймыз.

 Қортынды: Стикерге достың қандай болу керектігін жазып, бейнеленген күннің суретіне жабыстырамыз.