Тура және тура емес теңдіктер

Ауезаитова Жанат Турсыновна
учитель начальных классов
.
.
Сынып: 1сынып     Қатысқандар: 16
Ортақ  тақырып:   Саяхат   Бөлім:    Алгебра элементтері
Бөлімше:   Теңдік және теңсіздік. Теңдеу.
Тақырыбы:   Тура және тура емес теңдіктер
Осы  сабақ  арқылы  жүзеге асыратын  оқу  мақсаты:
1.2.2.1. Теңдік және теңсіздікті, теңдеуді тану, тура және тура емес теңдікті айыра білу.
Бағалау критерийлер:
Барлық  оқушылар  орындай  алады:
  • Теңдік пен теңсіздікті анықтайды.
  • +,- амалдарын қолдана отырып өрнектің мәнін шешеді.
Оқушылардың көпшілігі  орындай  алады:
  • Сандарды қолдана отырып, өрнек құрастыра алады.
  • Дөңгелек сандарды ауызша қосып, азайтып түсіндіреді..
  • Сандар мен шамаларды салыстырады,олардың теңдік немесе теңсіздік болатынын дәлелдейді.
Кейбір  оқушылар  орындай  алады:
  • Тура және тура емес теңдікті талқылайды.
  • Берілген сурет бойынша есеп құрастырады.
  • Өрнек пен өрнекті салыстырады.
Тілдік  мақсат:
Түйінді  сөздер  мен  сөз  тіркестері:
Тура теңдік, тура емес теңдік, шаршы, тең бүйірлі үшбұрыш, саяхат 
Сыныптағы  диалог/ жазылым  үшін  сай  келетін  тіл  стилі:
  • Өрнектің мәнін есептеу арқылы нені табамыз?
  • Санды өрнектердің мәнін салыстырғанда не шығады?
  • Теңдік дегеніміз не?
  • Теңсіздік дегеніміз не?
  • Теңдік пен теңсіздікті қалай ажыратамыз?
  • Тура теңдік және тура емес теңдік дегеніміз не?
Алдыңғы  оқу:    Талқылауға   арналған  сұрақтар:
  • Теңдікті немесе теңсіздікті қалай құрастыруға болады?
  • Тура теңдікті тура емес теңдіктен қалай ажыратамыз?
  • Санды өрнектердің нәтижесін қалай салыстыруға болады?
Не  себепті……. деп  ойлайсыз?
  • Не себепті заттарды салыстыруымыз керек?
  • Не себепті қосылғыштары бірдей санды өрнектерді есептемей салыстыра аламыз?
  • Не себепті шаршы мен тең бүйірлі үшбұрыштың ұқсастығы бар?
  • Не себепті саяхатқа шыққан, саябақта ойнаған, қыдырған пайдалы?
Сабақтың  басы 5 минут
«Саяхат» —Біз бүгін саяхатқа шығамыз.   (Тақтаға ілінген әрбір пазлды ашу арқылы табиғат аясына саяхатқа шығады )
Қуанымын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге!
Күннің шуақтарына жазылған тапсырмалар арқылы топқа бөлінеді.
— Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
15=15;  17˃15;   5=7-2;     9-4˂6;   10-7˃1;    9-3˃4;   7-2˂8;    4; 8; 7; 2;
1-топ. «Теңдік»   2-топ. «Теңсіздік»     3-топ. «Сандар»
Сабақтың   ортасы   35 минут
Миға шабуыл жаңа тақырыпты ашу  мақсатында «АЛҒА GO» әдісі   пайдаланып берілген тапсырманы жылдам орындау
Теңдіктерді ажыратуға көмектес.Кестеге толтыру.
5=5      3+4=7     16-6=10     8+2=9  10-1=9      2=3  
Тура теңдіктер Тура емес теңдіктер
   
   
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау.
Оқулықпен жұмыс    «Саябақта» ойыны.
1-тапсырманы 3 топқа бөліп беру.   Санды өрнектерді салыстыр. Тура және тура емес теңдіктерді ата.
2-тапсырма.   «Кім жылдам?»    Тура емес теңдіктерді тап.
 1-топ. «Теңдік»    10+317-2       20+40=70-30       19-11=18-10
2-топ. «Теңсіздік»  8-416-10       90-30=80-20         10+6050-10
3-топ. «Сандар»    15-3    10+4=18-4        11+0=14-0
3-тапсырма.
«Орындап көр»   Жұппен жұмыс.
1-жұп сары түсті жолдың ұзындығын,
 2-жұп көк түсті жолдың ұзындығын табу үшін санды өрнек құрастыр, оларды салыстыр.
Сергіту сәті   Көзге жасалатын жаттығулар
Дәптермен жұмыс.    «Байқап көр»
  1. Шытырман бойынша жүріп, өрнектерді салыстыр,теңдіктің астын сыз.
  2. а) Теңдіктерді анықтап белгі қой.
ә) 4 санды өрнек құрастырып жаз, салыстыр.
Ойлан. «Сен білесің бе?»   Топпен жұмыс.
Берілген санды өрнектерді салыстыру тәсілін табыңдар.
Сабақтың   соңы   5 мин
Кері байланыс
Постер қорғау. «Менің  жетістігім»
Тура теңдік құрастыр және тура емес теңдікке айналдыр.
15 +… = 20     …+ 20 = 100     14 –… = 11     …– 30 = 10    …+ 6 = 16    17 –… = 10
«БББ»   Білемін –жасыл түс   Білдім- сары түс    Білгім келеді-қызыл түс
Бағалау .
«Жарайсың!», «Өте жақсы!»,«Тамаша!», «От шашу», «Бағдаршам», «Жапондық бағалау», «Көршіңді бағала» «Жетістік баспалдағы», «Екі жұлдыз бір тілек»