Тұрмыс-салт жырлары

Бекматова Ботагөз Ескендірқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
.
.
Сабақтың мақсаты:
*Тұрмыс-салт жырлар туралы білімдерін молайтады, күнделікті тұрмыста пайдаланып, қазақ халқының бойына біткен ұлттық ерекшелігіне көздері жетеді.
* Оқушылардың  салт-дәстүр туралы ұғымдары  дамиды, таным белсенділігі артады.
* Халықтық педагогика тұрғысында тәрбиеленеді.
Сабақтың міндеттері: Тұрмыс-салт жырларының түрлері мен адам өмірі үшін маңыздылығын ашып, оларды күнделікті тұрмыста пайдалана білуге үйренеді.
Сабақ түрі: жаңа білімді игеру.
     Әдіс-тәсілдер: мәтінмен жұмыс, пікір айту, алма кезек оқу.
Көрнекі-құралдар: суреттер, «Балалар әдебиеті» хрестоматия.
                                 Сабақ барысы
І Қызығушылықты ояту
 Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
  • Қазақ халқының бойындағы өзіне тән ерекшеліктері не?
  • Қандай салт-дәстүрлеріміз бар?
  • Төрт түлік мал деп қандай малдарды айтамыз?
  • Наурыз жыры дегеніміз не?
  • Ата-аналарыңнан қандай жыр жаттап алдыңдар?
 ІІ Мағынаны ашу
1.Алма кезек оқыту стратегиясы
— топта мәтін көлеміне қарай бөлінеді.
— алма кезек оқылған бөлімдердің мазмұны бір-біріне айтылады.
— топ мүшелері бір-біріне сұрақ қояды.
— топбасшысы  жауап береді.
2.Төрт түліктің  мына бағасына қандай баға бересіңдер?
Түйе-байлық,
Қой-мырзалық,
Ешкі-кедейлік,
Жылқы-сәндік,
Сиыр-ақтық.
                               Оқушының берген бағасы
 
 
    Менің ойымша, түйе-төрт түлік малдың басы,өйткені байлық деп тұр. Әттең, біздің жақта түйе өспейді.Қойды қазақ халқы көп өсіруге тырысады, себебі қонақ келсе, той болса, қой сойылады. Ешкі малын әсіресе лағын мен жақсы көремін. Неге кедейлік деп бағасын берді екен? Біздің жақта малдың төресі жылқы дер едім. Жылқы мен сиырдың пайдасы өте зор.Сондықтан елдегі атамның үйінде  түйеден басқаның бәрі бар деп мақтана аламын.

 

  1. Наурыз мейрамында айтылатын жырлар мен тілектерді дәптерлеріне           жазғызу.
  2. Сөздік жұмыстарын жүргізу.
  3. Тұрмыс-салт жырларының түрлеріне (бесік жыры, тұсау кесер жыры,жар-жар, той бастар, беташар, бата-тілек, жоқтау) түсініктеме беру.
  4. Қос жазба күнделігі.
Төрт түлік туралы жырлар.
 
     Қатты әсер еткен жерлер        Үзінді жайлы пікірің
 

Аппақ қана сүті бар,

Шағаладай құрты бар,

Шопан ата баласы,

Қойлар бассын үйіңді!

Қойлар басса үйіңді,

Қоймай бассын үйіңді!

 

 

Төрт түлік малдың бірі-момын қой.Сүті аппақ, жүні жұмсақ, сойсаң тәтті еті бар, қойды кім жаратпайды дейсің!? Бұл өлеңде үйіңді қой бассын деп, байлық, тоқтық тілеген тілекті байқауға болады.

  1. Сергіту сәті.
 
ІІІ Ой толғаныс.
 1.Төрт түлік мал туралы сурет салып, шағын әңгіме жазу.
  1. Рефлексия.
   Үй тапсырмасы: 1. Тұрмыс-салт жырларына арналған ребус құрап келу.
  1. Сыныптан тыс оқу. Бата –тілек жырлар.
Сабақта қолданылған қосымша мәтіндер
Мақсаты: балаларды  үш тілдікке қызықтыру.
Сүйінші
Сүйінші (салт) «Сүйінші, келініңіз келеді деп,
                           Әдеппен қол қусырып сәлем берді»
                            («Наурызбай-Қаншайым»  жырынан)
Қуанышты хабарды жеткізуші адам: «Сүйінші, сүйінші»-деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі: «Қалағаныңды ал»-дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл-шын қуанудың, ризалықтың белгісі.
Сүйінші
«Сүйінші»-радостная весть. Человеку, принесшему радостное известие хозяин говорит: «Бери, что пожелаешь» или дарит что-то по своему усмотрению. При словах «Сүйінші» каждый сразу догадывается, что человек принес добрую весть.
Suiinshi
Suiinshi is the happy news. To a person who has brought  the good news the host tells «take whatever you want»,or gives him some good present.Having heard «Suinshi» people understand right away that the person has come with
     good news.
Сыбаға
Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.
Сыбаға
«Сыбаға»-доля. Для почетных гостей или близких и родных в доме всегда хранятся мясные деликатесы. К примеру, аксакалам, сватам преподносят бас, жая,жамбас, белдеме, омыртка. Для свах, девушек, зятьев и детей, также, хранится причитающаяся им часть (мүше).
Sybaga
Sybaga is the lot. For honored guests, friends, or family members the most some delicious meat is always kept. For example, aksakals and matchmakers are served bas, zhaya, zhambas, beldame, omyrtka. For women-matchmakers, girls,sons-in-law, children their lot (mushe) is also kept.
Traditionallj, everj person who arrived and asked for bed must have his sybaga. Ifhe does not have superior meals, he has the right to blame the host and be offended.
   Оқушылар үш тілде сөйлеген өз ата-аналарын көріп, үлкен бір жетістікке жеткендей болды. Кей оқушыларда өз ата-аналары үшін зор мақтаныш сезім пайда болғанын байқадым.
 
Мұғалімнің ой толғанысы
            Оқушылармен тұрмыс-салт жырларын  өту сабағына ата-аналарын шақырдым.  Ата-аналар осы  сабақта той бастар, тұсаукесер, бата түрлерін айтып, бір-екі көрініс түрінде көрсетті. Оқушыларға сабақ барысында қазақ халқының бойында қандай қасиеттер бар және қандай салт-дәстүрімізді білесіңдер?-деп сұрақтар қойылған болатын. Оқушылар өз білгендерін ортаға салды. Ата-аналар балалармен бірге топқа бөлініп, олардың жауаптарын толықтырып отырды. Сабақта ата-аналарды оқушылармен бірге қатыстыру және жауап берулері қатты әсер етті.Оқушылар үлкен жауапкершілікті сезінді, өз ұлтының ерекшелігін біліп алуға деген ынталары, ұмтылыстары пайда болды.  Оқушылар мынадай қосымша сұрақтар қойды:
  • Маған қандай бесік жыры айтылды?
  • Менің атымды кім қойды?
  • Сүйінші дегеніміз не?
  • Сыбаға дегеніміз не?
Менің өтінішім бойынша кейбір сөзге түсінікті ата-аналар үш тілде айтты. Ата-аналардың ішінде қызметтеріне байланысты үш тілді де жақсы білетіндері бар болғандықтан,  мен осы сәтті ұтымды пайдалануға тырыстым.