Викторина

Садықова Ғазиза Абдуллақызы
Өндірістік оқу шебері
.
.
Сол жақтағы 10
Трансмиссия деген не?
Жауабы: автомобильдің жетекші доңғалақтарына қозғалтқыштың айналу моментін жеткізеді.
Ортадағы 10
Ілініс қандай қызмет атқарады?
Жауабы: қозғалтқыштан трансмиссияны аз уақытқа ажыратып және оларды өзара бірқалыпты қосу қызметін атқарады.
Оң жақтағы 10
Беріліс қорабының қызметі?
Жауабы: жетекші доңғалақтардың тарту күшін, беріліс санын анықтауға, қозғалтқышты трансмиссиядан ұзақ уақытқа ажыратуға және жүру бағытын өзгертуге арналған.
Сол жақтағы 20
Беріліс қорабының түрлері
Жауабы: механикалық, автоматты, вариаторлы.
Ортадағы 20
 Беріліс қорабының және жетектегі біліктері белдіктерінің  басты берілісін не жалғайды?
Жауабы: карданды беріліс
 
Оң жақтағы 20
Дифференциал не үшін қажет?
Жауабы: жетекші доңғалақтарға айналу моментін таратып, ол доңғалақтардың автомобиль қозғалысында бұрылыс және жол кедергілерінен өту жағдайында  әр түрлі жиілікте айналуына мүмкіндік береді.
Сол жақтағы 30
Іліністің ақаулары
Жауабы:
передоның кетуі;
фрикционды төсемелердің желінуі;
корзина жапырақтарының сынуы;
сығымдауыш подшипниктердің шашылуы;
майдың ағуы.
Ортадағы 30
Беріліс қорабының ақаулары
Жауабы:
тістердің желінуі;
подшипниктердің желінуі;
май тұтқырлығының бұзылуы;
майдың ағуы.
Оң жақтағы 30
    Карданды беріліс пен дифференциал ақауы
Жауабы:
  • карданды берілісте крестовинаның шашылуы;
  • подшипник резиналарының желінуі;
  • дифференциалда тісті тәждердің желінуі;
  • майдың ағуы.