Вирустан қорғану

Сыдыкова Акмарал Ерболсыновна
.
.
Алғашқы өздігінен көбейетін жасанды құрылымдарды зерттеулер өткен ғасырдың ортасында өткізілген: фон Нейманның, Винердің және т.б. жұмыстарында ақырғы, сонымен бірге өздігінен қайта өндірілетін автоматтарға анықтама берілген және математикалық анализ өткізілген. “Компьютерлік вирус” термині кейінірек пайда болған – ресми түрде оны алғаш рет 1984 жылы АҚШ-та өткен ақпараттың қауіпсіздігі бойынша 7-ші конференцияда Лехай университетінің (АҚШ) қызметкері Фред Коэн қолданды деп саналады.
Компьютерлік вирус деп өзінің көшірмелерін (түп нұсқамен сәйкес келуі міндетті емес) жасай алатын және оларды компьютердің жұмысын бұзу мен әр қилы мүмкін кедергілер жасау мақсатымен файлдарға, компьютердің жүйелік облысына, желілерге енгізе алатын бағдарламаны айтады. Сонымен бірге көшірмелер одан әрі таралу қабілеттілігін сақтайды.
Компьютерлік вирустардың өмірлік айналымдары келесі кезеңдерден тұрады:
-Ену (инфециялау);
— Инкубациялық кезең;
-Өздігінен көбею (репродуция);
-Арнайы функцияларды орындау;
— Көріну.
Берілген кезеңдер міндетті болып табылмайды және де басқа реттілікте болуы мүмкін. Компьютерді пайдаланушылар үшін апатты салдарға әкелетін арнайы функцияларды орындау кезеңі ерекше қауіпті төндіреді.
Компьютерлік вирустар шектеусіз уақыт дискеталар мен қатты дисктерде сақталынып, одан кейін кездейсоқ немесе әдейі зақымдалған файлдарды қолданғанда компьютерлерді зақымдауы мүмкін. Вирус компьютерге зақымдалған бағдарламаны орындағанда жұғады.
 
Компьютерлік вирустардың топтастырылуы
Вирустарды келесі белгілері бойынша мына топтарға бөлуге болады:
— жұмыс алгоритмі бойынша;
— вирустың өмір сүру ортасы бойынша;
— өмір сүру ортасын зақымдау тәсілі бойынша;
— деструктивті мүмкіндіктері бойынша.
Жауабы: 
1.Вирус дегеніміз  —  компьютерлік вирус деп өзінің көшірмелерін (түп нұсқамен сәйкес келуі міндетті емес) жасай алатын және оларды компьютердің жұмысын бұзу мен әр қилы мүмкін кедергілер жасау мақсатымен файлдарға, компьютердің жүйелік облысына, желілерге енгізе алатын бағдарламаны айтады. Сонымен бірге көшірмелер одан әрі таралу қабілеттілігін сақтайды.
  1. Макровирустар, полиморфты, құрт секілді вирустар (червь), трояндық вирустар
  1. Ену (инфециялау); Инкубациялық кезең; Өздігінен көбею (репродуция);Арнайы функцияларды орындау; Көріну.
  1. Файлдық, жүктемелі, арнайы, желілік, макро- вирустар.
  1. Резиденттік, резиденттік емес
  1. Қиянатсыз (қалжыңдар)
     қауіпті (БҚ-ге зақым келтіреді)
     өте қауіпті (ДК-ге зақым келтіреді)
  1. Компаньон-вирустар, “құрт”-вирустар , паразиттік, студенттік, көзге көрінбейтін вирустар,  полиморфтік.
  1. Компьютердің жұмысында қиын кедергілерге әкеліп соқтырады, бағдарламалардың жоғалуына, мәліметтердің жойылуына, механизм бөліктерінің тез тозуына немесе зақымдалуына әкеліп соқтырады.
  1. Антивирус аты айтып тұрғандай компьютерге енген қауіпті нұсқауларды яғни вирустардан, қауіпті тудырғыш программалардан қорғап, операциялық жүйе мен файлдардың ластануынан және қайсібір кедергісі көп кодтардан қорғайды.
  1. Dr.Web, NOD32, Norton AntiVirus,  Panda Antivirus,  McAfee VirusScan AsaP, Касперский антивирус.
 
  1. Жаңа сабақты қорытындылау: сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу, жаңа тақырып бойынша ойын өздіктерінен қорытып және қолдануға дағдыландыру.
 
  1. Үй тапсырмасы: үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.
 
  1. Сабақты бағалау кезеңі: өзара бақылау, жеке оқушының және топтың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру.
 
8. Рефлексия кезең: Сұрақ-Жауап