Возрастание,убывание и экстремумы функции

Тлеубаева Жамал Балгабаевна
.
.
Мақсаты:
Функцияның туындыларын табу ережелерін пайдаланыпфункцияның өсу және кему белгілерімен танысу,туындының көмегімен функцияның өсу мен кему аралықтарын табу дағдыларын меңгерту.  Функцияның өсу және кему аралықтарын анықтау алгоритмін енгізу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,  үлестірмелі карточкалар, презентация
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:
а) Туынды табу ережелері
ә) Жанама теңдеуі
б) Күрделі функцияның туындысы
в)Тригонометриялық функциялардың туындысы
Функцияның кемімелі болуының жеткілікті шарты:
Егер (а;b) интервалының әрбір нүктесінде   f /(x) ˂ 0 теңсіздігі орындалса, онда функция осы  аралықта кемімелі болады.
Функцияның өсу немесе  кему аралықтарын интервал әдісі бойынша анықтау келесі алгоритм негізінде орындалады:
  1. Функцияның анықталу облысын табу
  2. Функцияның туындысын есептеу
  3. Функцияның сындық нүктелеірін табу.
  4. Аралықтарға (интервалдарға) бөлу.
  5. Әрбір аралықта функцияның таңба тұрақтылығын анықтау .
  6. Теорема бойынша өсу немесе кему аралықтарын анықтау.
Мысал 1: Функцияның өсу және  кему аралықтарын табыңыз: f(x) = х2-5х+6.
Ұй тапсырмасы:
№269
Функцияның экстремум  нүктелерін анықтаңыздар:
а) f(x)=-3x2+13x-12
№274
Функцияның максимум  және минимум  нүктелерін табыңыздар:
а)  f(x)=16x3-15х2-18х+6
ә)  f(x)=4-8х-5x2
 
            Р Е Ф Л Е К С И Я    
“ Функцияның өсу және кему белгілері” тақырыбы бойынша өз ойын жазу
Пайдаланған әдебиеттер: 10 сынып « Алгебра және анализ бастамалары» 2006ж
 10-11 сынып « Алгебра және анализ бастамалары» 2002ж, Интернет желісі
Өткен тақырыпты қайталу