Web – технологияларының негізгі ұғымдары. Web қосымшаларды жасаудың аспаптық құралдары

Амирханова Гүлдана Арынбековна
Магистр оқытушы
.
.
САБАҚТЫҢ Мақсаты:
Білімділік:  Білім алушыларға Web – технологияларының негізгі ұғымдары туралы түсіндіріп,   білімдерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Әр деңгейде  Web қосымшаларды жасаудың аспаптық құралдары байланыстыра жүргізуі үшін орындауға қажетті алдын-ала берілген функцияларды қолдана білу. Web технологияларды қолдану орталары негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу мәдениеттілігін, пәнге деген қызығушылықтарын  арттыру. Қоршаған әлемдегі ақпараттарды біліммен ұштастыру, өз бетінше білім алуға, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға әдеттендіру.Білімгерлердің ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық  мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:  Білімгерлерді компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Білімгерлердің шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
Өткен үй тапсырмасы
Web сайтты тестілеу, жариялау, сүйемелдеу. Интернет ресурстарын пайдалану. «Блум түймедағы» әдісі
Жаңа тақырып

 Web технологиялардың негізгі ұғымы дегеніміз — ақпаратпен жұмыс жасау концепциясы. Компьютерлік желілер Web технологиялардың техникалық негізі болып табылады.

 Ең алдымен web технологиялардың web-сайт жэне web-парақ деген негізгі ұғымдарымен танысайық. Пайдаланушылар осы екі ұғымды бірдей мағынаны білдіреді деп қателеседі.
Web-парақ — бұл Бүкіләлемдік өрмектің ең кіші логикалық бірлігі, қайталанбас URL арқылы идентификацияланған құжат, экрандағы кұжаттьщ бір беті.
Web-сайт — бір серверде орналасқан, ұқсас тақырыптар бойынша топтастырылған, жеке тұлғаның немесе мекеменің web-парақтары жиыны. Бір ғана web-парақтан тұратын web- сайттарды да кездестіруге болады.
Бүкілэлемдік өрмектің негізі HTML — (Hyper Text Markup Language) гипермәтінді белгілеу тілі болып табылады (1.5-сурет).
WEB-технологияларын пайдалана отырып  HTML бетінін құжаттарының арнайы редакторлар көмегімен жасауға болады, бірақ WEB-беттерін жасаудың автоматтау құралдарының барлығы аяғында тегтері бар, HTML-құжаттарын жасайтынын ұмытпаған жөн. Одан басқа WEB-беттерін профессионалды жасау үшін сіз олардың ішкі құрылымын, яғни HTML кодтарын білуіңіз қажет.
Мысалы, БЛОКНОТ редакторын ашып келесі мәтінді теріңіз.
 Осылайша, қарапайым  WEB-бетінің құрылымы келесі:
<HTML>
<HEAD><TITLE> Жай құжат </TITLE>
</HEAD>
<BODY>
Бұл мәтінді экраннан оқуға болады
<BR> Жаңа жол. <BR> Екінші жол.
Жол жалғасы.
</BODY>
</HTML>