Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әкелер мен аталардың ерліктер

Мухамедина К.
7 ә сынып оқушысы
                         
        Біз ұрпақ өз тарихын ұмытпаған,
        Бар өткенін жиып, теріп қомақтаған.
        Мен де бір осы ұрпақтың бөлшегімін,
        Өзімше жас ұрпақтың сезімін өлшеп едім.
        Осы күнді қадір тұтқан түгелміз бе,
        Аталардың әз жолына түсеміз бе.
        Қан төгіп, жанын берген атамызды,
        Біз бала түсімізде көреміз бе.
        Әлде жас, берілдік пе жаңа өмірге,
        Ойлап қойып, соның бізге керегі не.
        Жоқ, болмау керек ұмытудың,
        Орнына алға қарай ұмтылудың.
        Біреу көрген, біреу білер суретін,
        Аталардың тірілтерік өсиетін.
        Бақыт үшін ерліктері санамызда,
        Санаулы ардагерлер арамызда.
        Білеміз осы өмірдің қаншалықты,
        Қымбат түскен біздер үшін соншалықты.
        Рақмет саған, ата, әке
        Биіктерге самғармыз келешекте!
                                                              Шығарма авторынан.
     Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ  емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін.Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді  еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізген.
    Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш етіп, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді алға қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер әперді. Бірақ ардагерлеріміз азайып бара жатыр. Бұл күннің толғағы ашщы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл мереке. Аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған, елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз  ұмытпасақ, тарих та ұмытпайды. Ол – өмір заңы.
     Біз Ұлы Жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол үшін, меніңше, бірлік  керек . Қаншама халық бірігіп күштерін бір арнаға салды. Сол кезде басқа халықпен бірге жауды талқандап, жеңіске жету үшін Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық  батырлар : Талғат Бигелдинов, Сұлтан Баймағамбетов, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Хиуаз Қайыпқызы, Нұркен  Әбдіров және т.б. өзінің  ержүректілігін, батырлығын Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін басқа ұрыстарда ерен  ерлік көрсеткен. Кеңес Одағының батыры атағын алған Бауыржан Момышұлы. Өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, әділдіктен жаралған Бауыржан  есімі, ерлігі жанымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. Майданда мерген қыз Әлия Молдағұлова ерлікпен шайқасты. Достары оны еркелетіп Лия деп атаған. Одан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл соғыста тағы бір мерген қыз Мәншүк Мәметова асқан ерлік көрсетті. Ол да шайқаста мерт болды. Олар кейінгі ұрпақ үшін үлгі. Қазақстан майданда ғана шайқасып қойған жоқ. Жеңісті жақындату үшін қолдан келгенін бәрін істеді. Қазақстандық еңбекшілер “Бәрі  де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!” деген  ұранмен  демалыссыз еңбек етті. Тылдағы халық жеңісті жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Олар жасаған ерен еңбек пен шыдамдылықтың әрқайсысы майданға көп өнім, жауға соққы берді.
Қазақ ақыны Жамбыл Жабаев “Ленинградтық өренім!” атты өлең жазды. Өлең радиодан оқытылды. Ленинградтықтардың тағдыры бүкіл елді алаңдатты, оларға барша халық  қолдау көрсетті. Отанды қорғауға бүкіл кеңес халқы көтерілді. Көптеген адамдар майданға ерікті түрде аттанды. Қазақстанда әскери бөлімдер құрылды. Қазақ жауынгерлерінің ешбірі тайсалмады. Олардың барлығы дерлік жер жастанды. Сталинград шайқасы соғыстың шешуші сәті болды. Ол соғыстың барысын күрт өзгертті. Кеңес әскері осы шайқаста жеңіске жетіп, басқыншыларды өз жерінен біртіндеп қуа  бастады. 1418 күнге және түнге созылған  Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. 9 мамыр жеңіс күні деп жарияланды. «Ер есімі – ел есінде», — демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Соларың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашады.
     Ұлы жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің! 
     Бейбітшілік, қазіргі сәулетті қалалар, қала ішіндегі зәулім үйлер, ол біздерге дейін 70 жыл бұрын болған оқиғаны растайды. Ата-бабаларымыз Отан үшін, өзінің отбасы үшін күресте болып, қаза тапқан. Әр адам, сол кезде көп қиыншылық көріп, бір үзім нанмен қоректенген. Сол кездерден арамызда жүрген аталарымыз, әжелеріміз бар. Соғыста болған ата-әжелеріміз сол оқиғаны мәңгіге ұмыта алмайды. Олар бізді және барлық елдерді біріктірген. Біздің тәуелсіз ел аталарымызға  өте риза! Естеріңізде болсын! Әр ғасырдан кейін, әр жылдан кейін. Естеріңізде болсын!  Ешқашан қайтпайтын ата-әжелеріміз туралы. Қандай қиыншылықпен біздің бақытымыз үшін күрескен. Соғыстың бірінші күнінде олар 17-20 жаста болды. Осы жастың 100 шақты балаларынан 97-сі қаза тапты. Міне, осы соғыс! Естеріңізде болсын! Соғыс- ол 1725 құрыған, отқа күйген қалалар және ауылдар. Біздің елімізде 70 мыңнан астам ауылдар бар. Соғыс- ол 32 мың жарылған фабрикалар және заудтар. Ол күніне 125 грамм нан. Бұл тонна бомбалар, снарядтардың, адамдардың бейбітшілігіне құлауы. Естеріңізде болсын! Соғыс бұл- 20 сағат бойы күзетте болу. Егіннің құрғақ және тұзды жерде өсуі. Ол сендей қыздар, ұлдардың қолындағы азабы. Естеріңізде болсын! Соғыс… Брестен Мәскеуге дейін — 1000 км. Мәскеуден Берлинге дейін — 1600 км. Барлығы — 2600 км. Аз болған сияқты, иә? Ұшақпен 4 сағат, ал жүргенде — 4 жыл 1418 күн. Естеріңізде болсын! 1941 жылдың маусымында Литваның Шяуляй қаласын қорғаған – 219 — атқыштар полкі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан, 1919 жылы қазір Сирияға өз еркімен кірген. Бірыңғай қазақ кедейлерінен тұратын бұл полк енді КСРО құрамындағы Литва жерін қорғады. 1919 жылы құрылған 78- атқыштар полкі Молдованың Бельцы қаласы үшін ұрыстарға қатысты. Петропавлда жасақталған 314- атқыштар дивизиясы Свирь көлі маңында ерлік көрсетті. Волховта 310-  Ақмола дивизиясы соғысса, 1941 жылдың желтоқсанында  Мәскеу түбінде 312, 316, 238, 391, 387- атқыштар дивизиялары, 39- атқыштар, 74, 75- теңіз атқыштар бригадалары асқан ерліктің үлгісін көрсете білді. 312- Ақтөбе дивизиясы Мамоярославль түбінде өзінен  басым жауға қаймықпай қарсы тұрды. Біздің бір дивизиямызға фашистердің 3 бірдей дивизиясы соғысты. Соғыстан кейін қаншама жыл қалпына келтіру жұмыстары
жүргізілді. Ол кезде де халық өз күшімен бәрін қалпына келтіре білді.
Өз ойым, қазіргі кез оқушыларының барлығы өткен өмірге, яғни, халықтың басынан өткен қиыншылыққа құрметпен қарай бермейді. Замандастарыммен осындай тақырыптардың біріне сөйлесе қалсақ, әркімнің ойы әркелкі болып шығады. Бірі ұмытпауымыз керек десе, бірі ол тарихи кезең, оны құрметтеуге біз міндетті емеспіз, өйткені оған біз кінәлі емеспіз дейді. Мүмкін уақыттың алшақтағаны болар, не адамдар өз тірліктерімен өздері болғаны себеп пе екен, әлде. Әрине, адамдар өз мақсаттарына жетуге талпынады, оны да жақсы түсінемін. Бірақ сол сұрапыл соғыста біздің аталарымыз жеңіске жетпегенде
халық тағдырын не күтіп тұрғанын кім біледі.
     Қаншама отбасы әкесіз, анасыз, баласыз қалды. Аштықтан, қуғын – сүргіннен запа шеккен қарапайым халық тағы да бір сынақтан, сыннан өтті. Тағдырдың кезек – кезек сүрлеуінен өткен неткен ұлы халық. Оны оқымысты болмай ақ кез келген адамгершілігі бар адам сезуі тиіс деп өзім іштей ой түйіндеймін. Бәрібір де бір күмән жүрегімнен кетер емес. Өзінің тарихын, кешегі күнін ұмыта отырып ары қарай алға ұмтылу ол барып тұрған надандық, тіпті сатқындық деп те қосар едім. Өткенін құрметтеп, кеткен қателіктерді болдырмай, болар елдің ерлері іспеттес бірін – бірі батыр деп болашаққа үлкен сеніммен жол бастасақ, әрине, бұнымыз рухы биік елдей ата – баба аруақтарын сыйлағанымыз болар еді деген өз қостауымды айтып отырмын. Ата – бабаларымыз бізге ұлан байтақ қазақ жерін ақылды оймен, білектің күшімен, найзаның  ұщымен аманат етті. Ендеше біз, «Жастар, аталар ісін құрмет тұтып, оны бірге жалғастырайық!» — деп ұран тастағым келеді. Біз жас ұрпақ аталарымыз бен әкелеріміздің бізге сыйлаған осы бақытты өмірін қадір тұтып, бағалай білуіміз керек. Жас ұрпақтың қуанышын,
бүлдіршіндердің күлкісін көргенде еріксіз көзіңе жас аласың.
      Мың да бір алғыс біздің батыр аталарымыз бен әкелерімізге. Біз сендердің
игі істеріңді мәңгі құрметтеп, өнеге етеміз.