XIX- XX ғасырдағы дін ғұламалары

Елеусизова Данақыз Шүкірқарықызы
.
.
Сабақтың мақсаты: Қазақ елінің ошыл- философтары Ы. Алтынсарин, А. Құнанабаев және Ш. Құдайбердінің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбектері мен жан- жақты таныстыра отырып, студенттерге ақынның әдебиет, философия, педагогика, дін ғылымдарындағы, қазақ халқының тарихындарғы орнын ашып көрсету.
  1. Жаңа сабақ материалдарын оқып үйренуге, студенттердің өздерін белсенді қатыстыра отырып, олардың ойлау қабілетін дамыту. Сондай- ақ тарихи қайраткерлерді суреттеу біліктерін дамыту.
  2. Ыбырай, Абай, Шәкәрім тұлғалардың өмірі мен қызметінен нақты мысалдар келтіре отырып, студенттерді өнегелі істерінен үлгі алуға тәрбиелеу, олардың туған еліне, халқына ұлы тарихи тұлғаларға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың әдістері:  Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары. «Кім жылдам?», «Тұлғаларды тану», «кім тапқыр?», «Көрініс», «Почта ойыны», «Өлең жолдарыменен қортындылау».
Көрнекілігі: Тұлғаларға арналған суреттер, тұлғалардың еңбектері, интеративтік тақта, философ ғалымдардың суреттері, видио- ролик, почта жәшігі, домбыра, ән.
Сабақтың жүрісі:
  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақты Әнұранмен бастау.
  2. «Кім жылдам?» (3 топқа 10 сұрақ).
  3. «Тұлғаларды тану» (суреттегі тұлғалардың аты- жөні, жылы).
  4. «Кім тапқыр?» (3 топ өз топтарының тұлғаларын қорғау).
  5. «Көрініс» (1- топ: Баланың айласы,  2- топ: Ақыл,Қайрат, Жүрек,3- топ: Бай мен кедей).
  6. «Почта ойыны» (7 сұрақтан тұратын тапсырма).
  7. «Сабақты өлең жолдарымен қортындылау»(1- топ: Өсиет өлеңдері, 2- топ: Көзімнің қарасы, 3- топ: Жасымнан жетік білдім).
Жүргізуші: Қыздар, бүгінгі сабағымыз- ерекше сабақ. Себебі, сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сіздер білесіздер қазақ халқы- ежелден қонақжай халық, барын, тәтті-дәмдісін қонағының алдына қосқан. Сіздердің де қонаққа деген құрметтеріңіз болсын, сабаққа белсене қатысып, білдімдеріңізді қысылмай ортаға салыңыздар демекпін. Сабақта біз XIX- XX ғасырдағы дін- ғұламаларының ішінен ұлы ақын Абайды, ағартушы- педагог Ыбырайды, және Шәкәрім Құдайберді ұлдарының  философия пән сабағында кең көлемде ашық сабақ есебінде тоқталғалы отырмыз.
Жүргізуші:
1-топ                                                                                                         
Ы.Алтынсарин. «Оқу- білім бұлағы, білім- өмір шырағы»- дей отырып, біз бірінші топқа ағартушы- педагог  Ы. Алтынсариннің  өмірі, жастық шағы көзқарасы және шығармаларына тоқталыңыздар.                                                              
 2-топ.                                                                                                                                                  А. Құнанбаев. «Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң арқалан, Сенде- бір кірпіш дүниеге, Тетігін тапта бар қалаң.»- дей отырып Абайдың өмірі мен балалық шағы, оның қара сөздері, әндері туралы тоқталыңыздар.                                         
  3-топ.                                                                                                                                         
Ш. Құдайбердіұлы. «Адам өмірін түзеу, барлық адамдар тату тұруы үшін негізі керек. «Адал еңбек, ақ жұрек, арлы ақыл»- дей отырып, Шәкәрім тобына сөз кезегін береміз.(Видио- ролик)                                                           
Жүргізуші: Ән: «Туған жер» Орындайтын: Мусаева Айдана
Жүргізуші: «Кім жылдам?» ойынында біз сіздерге 10 сұрақтан тұратын тапсырма береміз. Ал сіздер жауабын айтасыздар. Әр бір топ жылдам жауап беруі тиіс.
1-топтың сұрақтары. II- тур. «Кім жылдам?»
  1. Түркілердің жаңа жылы? (Наурыз)
  2. Қазақстан БҰҰ- ға кірген жылы? (1992)
  3. Қазақ хандығының алғашқы ханы? (Керей мен Жәнібек)
  4. Қазақстан автономиясының алғашқы астанасы? (Орынбор)
  5. Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан? (Түркістан)
  6. Әлемдік беделге ие болған діндер?(Ислам, Христиан, Буддизм)
  7. Жер шарындағы ең көп халық?(Қытай)
  8. Адам баласының жаратушыға айнала қоршаған ортаға деген наным- сенімі?(дін)
  9. Ислам дінінің негізін салушы?(Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у)
  10. Мұсылман дінінің заңдары?(шариғат)
2- топтың сұрақтары.
  1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің салынғанына неше жылдай уақыт болды? (600)
  2. Астана қай өзеннің жағасында салынған? (Есіл)
  3. Христиан дінінің қасетті кітабі?(Інжіл)
  4. «Хижра» араб тілінен аударғанда қандай мағынаны береді? (Қоныс)
  5. ҚР- ның мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? (1992)
  6. Ахмет Яссауидің өмір сүрген жылы? (1103- 1166)
  7. Бір жылда неше апта бар? (52)
  8. Қазақстан астаналары болған қалаларды ата? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
  9. Үйдегі ең қасиетті нәрсе не болады? (Ошақ)
  10. Ел астанасы Ақмолаға қашан көшірілді? (1997)
3- топтың сұрақтар.
  1. Төл теңгеміз айналымға қашан енді? (1993)
  2. Қазақша жыл аттарын ата?(Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.)
  3. Елімізде тәуелсіздік күн қашан тойланады? (16 желтоқсан)
  4. Мұсылмандардың қасиетті айы, күні, түні? (Рамазан, жұма, қадір түні)
  5. Әл- Фарабидің толық есімі? (Абу Наср Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархани ибн Узлах әл- Фараби)
  6. Арыстан бабтың кесенесі қайда орналасқан?(Отырар)
  7. Қазақтың тұңғыш мультфьлмі? (Қарлығаштың құйрығы неге айыр)
  8. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қай жылы, қай айда дүниеге келді?( 07 айда 1940 жыл)
  9. Отырар қаласы басында қалай аталды? (Фараб)
  10. Жылда неше күн бар?(365)
Жүргізуші: Келесі жоспарда «Тұлғаларды тану». Әр топ тұлғалардың аты- жөнін атап беруі қажет.
III— тур. «Тұлғаларды тану.»
  • Б. Момышұлы
  • Н.Ә. Назарбаев
  • А. Құнанбаев
  • Ш. Уалиханов
  • Абылай хан
  • М.Ж. Көпеев
  • Әл-Фараби
  • М. Қашқари
  • Ш. Құдайбердіұлы
  • Ж. Баласағұни
  • Қ.А. Яссауи
Жүргізуші: Домбырамен күй. Орындаған: Қамысова Жадыра, Кереева Динара.
Жүргізуші: Әр топқа өз тақырыптарын «сұрақ- жауап» кезеңі арқылы қорғайды.
Сабақты қортындылау.
Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабағымызды әр бір топтың қыздары өлең жолдарымен қорытындыласа.
VII- тур. «Өлең жолдарымен қорытындылау»
1-топ: «Өсиет өлеңдері»                                                                                                               2-  топ: «Көзімнің қарасы»                                                                                                           3-топ: «Жасымнан жетік білдім»
Жүргізуші: Бүгін біз ашық сабағымызды қорытындылай келе, XIX-XX ғасырдағы Дін ғұламалардың ой- пікірлерімен, көзқарастарымен танысып білдік. Айтылған өнегелі тиым сөздер ұстаздардың үйреткен ақыл-кеңесі, білімі, ата- ананың берген тәрбиесі, бәрі-бәрі адамгершілікке тәрбиелеуболып табылады. «Ұстаз ақылшың,оқытушың шын досың» дей отырып біз бүгінгі сабақты аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп- көп рахмет! Сөз кезегі қатысқан ұстаздарға: Айбосинова Мейрамгул ұстаз. Бүгінгі сабақта көрсеткен тәрбиелі мағынасы бар ашық сабақтың жетістіктерін жеткізді. 3 топқа орын белгіледі.1- орын: Ш.Құдайбердіұлы,  2- орын: А. Құнанбаев, 3- орын:Ы. Алтынсарин.