Ұялы телефонның зияны

Елтай Самал Ержанқызы

2 курс студенті

.

.

   Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес.

Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде «отырамыз». Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады?

Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.

«Канцерогенді болуы мүмкін» – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал «мүмкін» сөзі қорқуға себеп береді. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас. Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады. Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс индустриясы да ерекше қарқын алды. Бұл үрдістен Қазақстан да шеткері қалмады. Ресейден кейін өзінің ұялы байланыс құралын шығаруды қолға алған біздің еліміз үшін 2004 жылдың жөні бөлек. Дәл осы жылы Қазақстандық тұңғыш брендтің нарыққа шығуы іске асқан болатын.

  

 

 

 

        Ұялы телефонның адам ағзасына зияны.

    Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.

Телефонға тым әуес адам бүйрегінде тас байлануына, жүрек қан тамырлары ауруына әкеледі. Дәлелдеу үшін, қан айналымын зерттеп, 60 сағат аралығында сәулелендіру жұмыстары жүргізілді.

Обыр тудыратын басты себепкер ұялы телефон алғашқы орын алады. Бөлініп шыққан зиянды сәулелер кішкентай баланың қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келеді. Ұзақ уақыт телефонды ұстатуға болмайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Massaget.kz

Bilim-all.kz