Ғылыми жұмыс: Имандылық – тәрбие негізі

Кончибаева Молдір Ержановна

.

.

Кіріспе

Адамзат тарихына екі мың жылдан асып барады. Соншама уақыттан бері таңның атуын, күн мен түннің белгілі бір мөлшерде ғана ауысуын әбден үйреншікті қабылдаудамыз. Ешбір ғылым мұны өзі атқара алмайды. Жыл мезгілдерінің ауысуы да дәл осылай. Осы реттілік пен таңғажайып ұлы үйлесім механизмі ешқашан бұзылмаған. Солай бола тұра осы ұлы реттіліктің мәнін жаратылған табиғатқа телуіміз неткен сауатсыздық? Адам баласы да сол баяғыдай: туады, есейеді, дүниеден өтеді. Олардан біздің бүгінгі айырмашылығымыз: киім, тағам, көлігіміз басқаша. Өзінің ғаламдағы орнын тану үшін адам қаншама білім саласын тудырған! Бірақ бұлар да басты білімге әкелетін әрекеттер ғана.

Адамның пейілі, құлқы өзгерген бе? Бұл сауалға дүниежүзі әдебиеті мен тарихынан толық мағлұмат алуға болады. Тарихтағы соғыстар басқаға үстемдік көрсетіп оны бағындыру, отарлау, жою… Әдебиеттегі сонау алғашқы аңыздардағы аңқау адамнан басталған Петрарке, Данте, Шекспир, Бальзак, Сервантес, Пушкин, Толстой, Достоевский, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адам бейнесінен адал мен арамды ажыратудағы түрлі әрекеттерін көреміз. Тарихтағы соғыстардан адам тәнінің күресін аңғарсақ, әдебиеттен пенденің жан арпалысын байқаймыз. Інжіл, Зәбур, Таураттағы білімнің, соны дәлелдеп тұрған оқиғалардың жалғасын тек Құраннан табамыз. Бұл шынайы ғылым сөзі адамның бастан кешкен бүкіл пенделік қателерін көрсетумен қатар оны құрқарар жолды анықтап берумен айқындалған.

Ислам діні – адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ басуымен көгалды шалғын, көк майсалы жерге айналды. Мұсылмандық Орта Азияға, оның ішінде қазақ еліне біздің дәуіріміздің VIII ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінінің ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты. Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ғылым, білім жанданды. Көптеген қалалар салынды. Онда медреселер мен ғылыми ошақтар жұмыс істеді. Жергілікті халық арасынан Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири секілді өз шығармаларында гуманизмді марапаттаған терең ойлы ғұламалар шықты.

Біз – өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Солай бола тұрса да, соңғы кездерге дейін қазақтар көшпелі болды. Соның салдарынан ұлы далада туып өсіп, дүниежүзілік өркениетке үлес қосқан көптеген мұсылман ғалым бабаларымыздың аттары ғасыр парақтарында қалып қойды. Мысалы, Абай, Ыбырай, Шоқан бабаларымыз. Жаратқан бізге тәуелсіздік сыйлап, өз елімізге тән рухани, діни, мәдени жәдігерлерімізді қайта жаңғыртуға қол жеткізіп, олардың біразын анықтап маңдайымыз жарқырап жатқанымыз да бар. Ілгеріде өткен бабаларымыз, мысалы, Абай атамыз бізге рухани мол мұра қалдырып кетті. Оларды игеріп қана қоймай, зерделеп, қастерлеуіміз керек. Әдебиетіміз бен мәдениетіміз ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпымыз бен мінез-құлқымыз, халықтық болмысымыз, өмір салтымыз, тәрбиеміз, менталитетіміз де, Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан құндылықтарға емес, Ислам мәдениеті негізінде қалыптасқан. Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі, тіпті елдігіміз, бүгінгі тәуелсіздігіміз. Сол себепті рухани мұрамызды да осы тұрғыдан зерделеу қажет деп есептеймін. Олай болса Исламның інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтау, оны игеру, қорғау, ілгері дамыту, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүріне қаншалықты сіңісті болғанын зерделеу – бүгінгі біздің міндетіміз.

 

Абай атамыздың дін жөніндегі түсінігінің өз кезеңі үшін прогрестік мәні зор. Абай Ислам дінін үгіт – өсиет ете халықты, жастарды имандылыққа, терең білімге, өнерге, адамның асыл қаситеттеріне шақырады. Қазақ даласында Ислам дінін үстемтаптың идеялогиялық құралына айналдырып, дінді дәріптеуші дүмше молдалар мен сопылар, ишандар мен имамдар, қажылар мен қазіреттердің іс – әрекеттері мен теріс қылықтарын аяусыз әшкерелейді.

Халыққа пайдасы аз, құлқынның құлы, жемқор, пайдақұмар молдаларды, олардың жасанды бет пердесін бейнелі сөзбен келістіріп әшкерелеуде Абайға тең келетін ешкім жоқ. Игі үгіттерге ұмтылу жолында Абай Сократ пен Аристотельге, Байрон мен Гетеге, Низами мен Науаиге, Пушкин мен Толстойға жақын, рухтас. Ол ешкімді дініне, нәсіліне, ұлтына қарай бөлмей, «Адам – адамға дос» деген халықтар достығын дамытуға үн қосып, жаппай ынтымақ, имандылық, достық идеясының жаршысы болды. Егер мұсылман ғұламалары «ақыр заман», «қиямет қайым» дегендерді ғасырлар бойы халық санасына сіңіріп, табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірдегі өзгерістерді, ғылымдағы жаңалықтарды сол «ақыр заман» мен «қиямет қайымның» таяп келе жатқанының белгісі деп түсіндірсе, Абай ескі заманның орнына жаңа заман, жаңа заманның орнына жақсы заман келеді деп, өз халқын жақсылық атаулыға, имандылыққа, білімге үндеді: «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел», «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» деп тәңірге табынып, уақытты босқа өткізбей, әркімді өмірден өз орнын табуға шақырады.

Абай атамыз дінге қоғамның маңызды институты ретінде қарады. М.Әуезов пікірінше, Абай үшін дін адамның жеке басының моральдық жетілуінің құралы болған. Абай дін мәселесін қарасөздерінде де алға тартып, оның әлеуметтік мәнін, мазмұнын ашады. Дінге беріле сенеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп, құдайдың барлығына жұртты мойындатуды жөн санайды.

Абай атамыз «Отыз сегізінші қара сөзінде»: Құдай тағала дүниені кәмалатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды – әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық шақырады. Ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің.

Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.

Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты – адамгершілік жолы. Ақын өзінің көптеген шығармасына «адам бол» деген этикалық принципті арқау етеді. Абай «адам» деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның түсінігінде адам – ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі нағыз иманды адам дейді.

Халқымыз Ислам дінін қабылдағаннан кейін ондағы адамның жаратылысына тән құндылықтар салт – дәстүріміз, әдет – ғұрыптарымыз бен наным – сенімдеріміздің негізіне айнала бастады. Бұл әдет – ғұрыптар мен сенімдердің негізгі қайнар көзі – Құран аяттарынан бастау алып жатса, олардың көбі Исламның екінші негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттерден тұрады.

Дүние жүзінде Аллаға құлшылығынан бастап, мінез-құлқы, адамгершілік қаситетері, саясаты, әкімшілік басқару істері, тәлім-тәрбиесі, әлеуметтік жұмыстары, әскери шаралары секілді әмбебап іс – әрекеттері мен жеке басына қатысты қарапайым амалдарына дейін үлгі ретінде ұсынылып, ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, әр бір іс-әрекеттеріне дейін қайталанып келе жатқан Мұхаммед пайғамбардан басқа ешқандай жан жоқ.

Біздің қазіргі әдет-ғұрып деп ұстанып жүрген ата – баба мұраларының көпшілігін бабаларымыз сол кезеңдерде «сүннетті ұстану» ниетімен қалыптастырған. Бұған дәлел – көптеген әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдеріміздің хадис және сүннеттерімен үндесіп жаттуында. Енді осы үндестіктердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін:

Әрбір істің бастауында «Бисмилла» сөзінің айтылуы. Бұл әдет мына хадистен туындаған: «Бисмиллаhпен басталмаған әрбір істің соңы келте»

Сәлемдесу. «Сәлем – сөздің анасы», дейді дана халқымыз. Пайғамбарымыздан бір күні «Қандай амал ең қайырлы?» – деп сұрағанда: «Адамдарға тамақ беру және таныған, танымағандардың бәрімен амандасу», – деген.

Нанды жерге тастамау, оны құрметтеу, жерге түскен нанды алу, нанның қиқымын баспау, нанды бір қолмен бөлмеу. Халқымыздың нанды құрметтеуі, жерге түскен қиқымды да баспай, жоғары көтеріп қоюы Пайғамбарымыздың: «Нанды құрметтеңіздер. Себебі, ол жер мен көктің берекеті», – деген өсиетінен туындағаны анық.

Ислам дінінде ата-анаға қатты мән беріліп, адамзаттың ішіндегі ең қастерлі де сыйлы жан ретінде құрмет көрсетілген. Құран аяттары мен хадистерде ата-ананы сыйлау, оларға қарсы келмеу, қолғабыс болып, айтқанын екі етпеу, қартайғанда көңілдеріне қаяу түсірмей, қамқорлық көрсету мәселелері жиі айтылған.

Адамзаттың ардақтысы хазрет Пайғамбардың хадистеріне сүйеніп, Шал ақын:

Мекке менен Мәдине жолдың ұшы,

Алыс сапар дейді ғой барған кісі.

Ата менен анаңды құрметтесең,

Мекке болып табылар үйдің іші, – деп халыққа өсиетін айтса, Шортанбай ақын:

Атаңды сыйла анаңмен

Меккені іздеп таппаққа, – деп, ата-ананы сыйлауға үндейді. Ал Ақтамберді жырау:

«Меккені іздеп нетесің,

Меккеге қашан жетесің?

Әзір мекке алдыңда

Пейіліңмен сыйласаң

Атаң менен анаңды!» – деп ата-анаңа көрсеткен сый – құрметің құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара-пар деген ойды қорытады.

Адамды өзін өрде жүргендей сезінетін, ал шын мәнінде оны өрге емес, керісінше құрдымға сүйрелейтін жағымсыз қасиеттердің бірі – өркөкіректік. Пайғамбарымыз өркөкірек, тәкаппар адамдар жайлы: «Бір күні бір адам әдемі киімдерін киіп алып, маңғазданып кетіп бара жатыр еді. Шашын тараған, өз-өзіне көңілі толып, жұртқа өзін көрсеткісі келген әлгі адамды Алла тағала жердің түбіне түсіріп жібереді. Қиямет күніне дейін жердің астында тыпырлаған күйінде қалды» – деген. Тәкаппарлықтың абырой әкелмейтінін жақсы білген аталарымыз:

Құдайдың барын білмеген

Айтқан жерге жүрмеген,

Менменсіген зор кеуде

Қисық жүріп кете алмас,

Аспанменен өте алмас,

Алдындағы жолығар

Құдайдың құрған тезіне… — деп оны сынайды әрі халықты бұл жаман қылықтан бойды аулақ салуға, ізгілікке, қарапайымдылыққа шақырады. Мұсылмандықты ту еткен халқымыз: «Ұлық болсаң кішік бол», «Кішіпейіділікпен кішіремейсің» деп, ұрпақты кішіпейіл болуға шақырған.

Алла тағала Құран Кәрімде: «Мұсылмандар – бауыр», – деген. Хақ Расул да өз хадистерінде осыны ескертіп: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Мұсылман – бауырына қастандық жасамайды, оны дұшпанға тастамайды. Кім мұсылман бауырына жәрдем етсе және оның кем-кетігін толықтырса, Алла тағала оған жәрдем етеді.» Осыны кейінгі ұрпаққа қатаң ескерткен халқымыз:

Жаңағы айтылған тәрбиелер ұлттық дәстүрге айналған сүннеттердің бір-бір тамшысы десек артық айтқанымыз емес. Себебі, мұсылман елі болғандықтан әрбір тыныс тіршілігімізде құран мен сүннетті негізгі өлшем етіп алған халқымыздың ғасырлар бойы жалғасқан өмір жолында бұл қазына жыл өткен сайын толыға түседі.

Елімізде дін айналасында атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы қазақ жерінде әлемдік дәстүрлі діндер өзінің бейбітшілік рухын ұялатқанын мәлім етті. Ұлтаралық, дінаралық татулығы бар елдің шоқтығы әрқашан биік болмақ! Қазіргідей берекесі мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымыз – Елбасының салиқалы саясатының арқасы. 130 ұлт пен ұлыстың аспанына бейбітшілік көгершінін қондырған Елбасының саясатын қолдаймыз!

ІІ. Қазақ  Хандығы кезінде араб жазуы қолданылып, діни оқу кең өріс алады. Қазақ Хандығының астанасы Түркістан қаласында, басқа да қалаларда мешіт, медреселер салынды.

Мешіт: Оқу — Араб әліппесін тану (28 әріптен тұрады), «Иманшарт» (наным шарттары), «Әптиек» (Құранның жетіден бір бөлігі).

Медресе:  Тілі — Араб, парсы, Түркі.

Оқулық:  «Сопы Аллаиад»,  «Кесік-бағы», «Батуам»,  «Хиса Сләбие»,  («Хисаса ұл әнбие»).

ХҮ-ХҮІІ ғасырларда медреселік оқу діни сипатта бола тұрса да осы медреселерде оқып, білім алған адамдар арасында сауатты, өз заманына лайық ғұлама ғалым, жазушылар шықты.

Ғалымдар: Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551), «Тарихи Рашиди».

Қадырғали Қосымұлы Жалайри «Жамих-тауарих». Кемеңгер ойшыл Асанқайғы да тарихта қазақ халқының философиялық ой-пікірін өрістетуге үлес қосқан ғұламаларды бірі.

ХҮ-ХҮІІ  ғасырлардағы ақын-жыраулар:  Асанқайғы (ХҮ ғасыр), Қазтуған жырау (ХҮ ғасыр), Доспамбет жырау (1490-1523 жылдар), Шалкиіз жырау (1465-1560), Жиембет жырау (ХҮІІ  ғасыр), Марқасқа жырау  (ХҮІІ ғасыр), Ақтамбет жырау (1675-1768 жылдар).

Ұлы ғұламалар еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыру мақсатын көздеген.

Аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «Мұсылмандық тұтқасы» кітабында діннің аяттарындағы адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын түсіндіреді.

Ұлы педагог: “Адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік, тәрбиелік нәтиже бермейді” деген тұжырым жасайды.

 

“Иман” араб тілінде — сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді.

 

Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын,биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп бағалайды. Ұрпақтарымызды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қорғап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, көпшілдік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру — әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің ұлттық парызы. Баланы үлкендерді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, яғни иманды болуға, адамгершілікке, әдептілікке баулу — адамгершілік тәрбиесінің тарихи жемісі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекелеген елдердегі діни сана-сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттық және мәдени бірліктілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», — дейді (5).

Сөйтіп, ислам дінінің қоғам дамуы барысындағы рөліне тоқталатын болсақ тарихтағы кейбір оқиғалардың алдың — алуына, халықтың басына түскен және білуіне себепші болды. Ислам діні имандылыққа жетелейді, имандылық деген ұғымда үлкен мән, мағына бар. Имандылыққа – адамның ар-ұжданы, тазалығы адамгершілігі, әдептілігі жатады.

Ислам – тек біржақты уағыз емес, жан-жақты ғылым саласының көзін ашатын басты арна.

 

Абай айтқан «толық адам» болу үшін не істеу керек деген сауалға да нақты шарттар қойылған. Ол кемелдік кілті қалай іске асады? Себебі «өзіндік ақыл-ес, сана-сезім, түйсігімен дараланатын адам баласының бұл өмірге келуіндегі ең әуелгі міндет әлем жаратылысындағы осындай сырды түсініп, өзін қадірлі етіп жаратқан Жаратушысын танып, Оның құдіреттілігі мен ұлылығының алдында бас иіп, өзінің әлжуаздығы мен дәрменсіздігін сезініп, құлшылық ету». Аллаһ тағала осы жолды көрсетіп адамның үлгілі өмір сүре алатынын іске асырып кеткен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) әрине «күллі әлемге тек рахым етіп қана жіберілді». Оның нұрлы жолы — адамзат үшін өнеге. [3]

 

Ислам дінінің негізін қалаушы ұлы пайғамбар Мұхаммет жаңаша күнтізбекпен алғанда 569 жылы, сәуір айында, Меккеде дүниеге келген. Ол әрі батыр, әрі атақты Құрейіш тайпасынан шыққан. Бұл тайпаның негізгі екі бұтағы бар, яғни үлкен-үлкен, ағайынды екі рудан тұрған. Біріншісі – Хашим, екіншісі – Әбді-шамис. Мұхамметтің арғы атасы Хашим Меккенің ұлы жарылқаушысы болыпты.

 

Аллаһ тағала бізді өзінің сән-салтанатты, таңғажайып сарайын тамашаласын деп бұл әлемге құтты қонақ қылды. Өмір сүруімізге барлық оңтайлы жағдай жасап, жерді жайлы бесіктей тербетті. Жер шарынан мыңдаған есе үлкен күнді жарық пен жылудың көзі етіп, жан-жануар мен өсімдіктерді құлдарының қызметіне бағындырып берді. Егер адам баласы бір жұтым суды немесе бір дәнді қолдан жасар болса, ол үшін жүздеген фабрика мен зауыттарды салуы керек, бірі оттегін, енді бірі сутегін, бірі жылу мен жарықты шығарса, бірі топырақты өңдеп, осылайша бір жұтым су яки бір ғана дән бізге өлшеусіз шығын арқылы келген болар еді. Оның үстіне мұрың бір де біреуін адам баласы табиғи жаратылғандай етіп жрсай алмайды. Жомарт Жаратушымыз осының бәрін біздің игілігімізге ақысыз берген болса, енді мұның бәрін кездейсоқтық деу ақылға қонымды ма? Ғаламдағы сансыз құбылыстарды зерттеп, терең танып білген ғалымдар тым жіңішке жолмен жігі жатқызылған жүйеге таңғала отырып, ұлы Жаратушының хас шеберлігіне бас иіп мойынсына білді.

 

Батыстық зерттеуші Джон Клин галактика жайлы зерттеулерін жүргізу барысында оның орасан кеңдігіне таңданады. Бірқатар ізденістің нәтижесінде ғалым ең кішкентай бөлшек болып табылатын атомның алып күн жүйесіне өте ұқсас екендігіне қатысты төмендегідей тұжырымдар айтқан.

 

«Атомдар да аспандағы жұлдыздар сияқты бір ядро айналасында жүйелі схемаға сай айналады. Айналатын – электрондар. «Атом» деп айдар таққан ең кішкентай бөлшектен, «галактика» деген ең алып жаратылысқа дейінгі біздің айналамыздағы барлық нәрсе белгілі бір жоба бойынша өз осьтерінен айналады. Бұл көріністің кездейсоқ болуы мүмкін бе? Кеңістіктегі қозғалыстар барысында сан мыңдаған денелердің кенеттен өз осьтерін осындай жүйелі түрде айнала бастауын кездейсоқтыққа тели ааламыз ба? Өз басым бұған сене алмаймын. Өйткені, бұл жерде белгілі бір тәртіп пен жүйе бар. Галактиканың ұшан-теңіз кеңдігі маған Ұлы Құдіреттің бар екенін дәлелдейді. Ендеше мұның барлығын уысында ұстап, басқарып, белгілі бір жүйемен жүргізуші «Ұлы күш» міндетті түрде бар».

Міне, ол осылайша өзіне қарсы шығып, тіпті өлтіруді жоспарлап, елінен, жерінен кетуге мәжбүр еткен пенделердің де аманаттарына қиянат етпеген. Не деген сенімділік, не деген туралық десеңізші!

Мекке халқы оның қырық жасына дейін бір рет болсын жалған сөйлегеніне куә болмаған. Жалғандық оның (с.а.с.) үш ұйықтаса да түсіне кірмеген.

Адамның дүниеге келуі, өсуі — өнуі басқа жандыларға қарағанда ерекше. Жануарлардың төлдері қысқа уақыттың ішінде жетіліп, өзінің төл қызметін атқаруға бірден кірісіп кетеді. Ал, адамның ес біліп, етек жабуына, одан есейіп ақыл тоқтатуына бірнеше жылдар керек.

 

1.2. Ислам діні отбасыға, әсіресе, оның ең негізгі екі тірегі – ата-анаға ерекше мән берген.

 

Ұлы Жаратушымыздың ата-анаға жақсылық жасау бұйрығы – тек адам баласына ғана тән бұйрық. Басқа жануарлар мен жәндіктердің табиғатында кішкентайлардың үлкендерді қорғап, пана болуы кездеспейді. Құран мен хадистерде ата-анаға жақсылық жасауға ерекше көңіл бөлген.

 

Ислам діні әйел затына ана болу сипаты арқылы ең жоғарғы әрі қымбатты дәрежені берген. Әртүрлі тарихи кезеңдерде қорлық пен кемсітушілікке душар болып, тіпті, соңғы ғасырларға дейін Еуропадағы христиандардың арасында «әйел деген адам ба, әлде шайтан ба?» деген қызу пікірталас болған кезде ислам әйел затын бұл қорлаудан азат ету былай тұрсын, ең жоғары дәрежеге шығарып «жаннат аралардың табанының астында» деп жаннаттағы ең жоғары мәртебені аналардың аяғының астына жайып салды. Нағыз ана өмір бойы тәнімен қоса жанын баласына пида етеді. Баланың мойнында әкеге қарағанда шешенің ақысы көбірек. Өйткені, ол баласын жатырында тоғыз ай көтеріп, қаншама қиындақ көреді. Анаға құрмет жайлы айтылған мына хадис көпшілікке мәлім. Пайғамбарымызға бір кісі келіп: «О, Аллаһтың елшісі! Кімге жақсылық жасайын?», — деп сұрағанда, Ол: «Анаңа», деді. Ол кісі қайта сұрағанда тағы да: «анаңа», үшінші рет сұрағанда да: «анаңа», — деп жауап бергеннен кейін төртінші, әкеңе, содан кейін жақындығына қарай басқа жандарыңа», — деп жауап берген.

 

Адам құқына ерекше көңіл бөлген ислам ата-анаға құрмет көрсетуді мойнымызға борыш етіп жазған. Ата-анаға құрмет – тек ар-ождан мәселесі ғана емес, басқа да парыздар сияқты ғибадат.

 

Ата-ана балаларына жеткілікті дәрежеде көңіл бөліп, қарай алмаған болса да балалары оларға жақсы қарауға міндетті. Өйткені, кісі қартайған сайын бала сияқты қорғансыз болып қалады. Сәбиінің балаң шақтағы нелер қырсық әрекеттеріне кешіріммен қарап, мейірімділік танытып, енді өздері балаларына мұқтаж болған кезде оларға жақсы қарау – адамдықтың асыл борышы. Бұл міндет «әке-шешемді құрметтеймін» деген құрғақ сөзбен бітпейді. Олардың қажеттіліктерін өтеп, қарасып, рухани әрі материалдық бар мүмкіндіктерді жасаумен ғана жүзеге асады.

 

Орайы келген тұста мына бір әңгімеге де назар аударайық.

 

Бір жас жігіт үйленгелі бері үйінде бірге тұрып келе жатқан әкесі үшін әйелімен ылғи да қырықпышақ болып сөзге келіп қалатын болған. Арадағы ұрыс-керіске әйелінің қайын атасына тыжырына қарап, үйге артық адам керек емес деп жақтырмай қарайтын шайпау мінезі себеп болатын. Кейде сондай бір ұрыстардың адам айтса нанғысыз бас бермей кететін кездері де жиі орын алатын. Ондайда жанжалды ушықтырып, жан алқымнан алатын әйелі үйді басына көтере: «Не бұл үйден мен кетем, не әкең кетсін!» деп долылыққа басатын.

 

Әйелімен ажырасуға дәті бармайды. Үйде бірге тұрып жатқан әкесі үшін лап ете қап, өршіп ала жөнелетін ұрыс-керістер болмаса, былайғы өмірі тып-тыныштұғын. Осы әйелге кезінде қолы әрең жеткен еді, үйдегілерді қалай әрең көндіріп еді десейші?! Әйеліне өлердей ғашық болғаны соншалық, әлі қатты жақсы көреді. Енді міне, шақшадай басы шарадай болып, не істерін білмей дал болып отырған оның есіне бұл тығырықтан алып шығар бір ғана жол түсті. Ол – кезінде аң аулауға керек болар деп тұрғызған таудағы күркесымақ ағаш үйге әкесін апарып орналастырсам деген ой еді. Аптасына бір рет соғып, тамағын апарып беріп, керектісін жеткізіп тұрса, күнде құлақ етін жемей үйде әйелі де тыныш табар деген үміт еді.

 

Әкесіне керекті бар заттарды дайындағаннан кейін төсеккке таңылған әкесін көтеріп әкеп жеңіл көлікке отырғызды. Баласы да барам деп етегіне жармаса кеткендіктен оны да машинаға отырғызып, жолға бірге ала шықты.

 

Қақаған қыс айы. Даладағы үскірік аяз бет қаратар емес. Қарсы алдарынан құйындатып борай соққан қардан жолды әрең-әрең көріп келе жатты. Қасында отырған кішкене баласы әкесінен қайда бара жатқандықтарын мазалап, қанша сұраса да еш жауап ала алмады. Ал өзін қайда апара жатқанын ұққан көкірегі ояу қарт іштей егіле жылап, көзінен сорғалай аққан жасын жеңімен сүрткен күйі немересі мен баласына білдірмеуге тырысты.

 

Бірнеше сағат жол жүріп таудағы үйге де келіп жетті. Бұл жерге ат басын бұрмағалы да біраз уақыт болыпты. Үйсымақ ағаш күркенің әбден тозғаны соншалық, төбесінен су ағып, еденге тастаған тақтайлардың кейбірі шіри бастапты. Күркенің бір бұрышын тазалап болғаннан кейін машинадағы төсекті әкеліп, сол бұрышқа жайлап орналастырды. Артынша басқа да заттарды өз орнына реттестіріп қойғаннан кейін ең соңынан әкесін түсіріп әкеп, әлгі төсекке жатқызды. Ал, үй деп әкелген күркесі үйден гөрі далаға көбірек ұқсайды.Едені сыз, суық күркеде әкесі төсекке басы тимей жатып-ақ тісі – тісіне тимей сақылдап, жаурай бастады. Денесі қалшылдап, тоңа бастаған әкесіне қарап тұрып «Ертең жылырақ көрпе-жастықтар әкеліп беремін» деп ойлады. Бірақ, өзегін өртеген қалың ой мен еңсесін зіл ғып басқан мұңнан біртүрлі арыла алмады.Ол осылайша өзін күнәлі сезініп тұрғанда, әкесінің ішкі жан дүниесінде аласапыран дауыл тұрып, көңілі астаң-кестең күйде еді. Қаншама жыл бұрынаузына тосып, аялап баққан баласы қартайып, әл-ауқатынын айырылып, мынадай қауқарсыз күйге түскен шағында қадір-құрмет көрсетудің орнына өзін тірідей көміп, қыстың көзі қырауда ессіз далаға тастап кетіп бара жатқан жоқ па?! Бұл не, ит-құсқа жем болсын дегені ме, әлде аязда аштан қатып өлсін дегені ме?! Бұдан өткен бақытсыздық, бұдан асқан масқаралық болар ма?! Осындай қорқынышты әрі сұрықсыз ойлар жетегінде іштей қатты мүжілген қарт онысын сыртқа сездірмеуге тырысты. Болған жайттан ешнәрсе ұқпаған тек қарттың немересі ғана. Кіп-кішкентай бала жүрегі, әйтеуір, атасынан айырылып бара жатқанды ғана сезіп, көңілін қорқыныш биледі.

 

Қайтатын уақыт та таяды. Қоштасарда әкесінің төсегіне еңкейіп, оны құшақтаған бойда өксігін баса алмай көп жылады. «Мені кешірші» дегендей бетінен, көзінен, қолдарынан қимай-қимай көп сүйді. Екеуі де көз жастарына ие бола алмай, әкелі-балалы құшақтасқан күйі күңірене іштей егілді. «Осыған мәжбүр болдым, әке, қайтейін» дегендей ұлы артқа қайта-қайта көз тастап, кішкене баласының қолынан дедектете жетектеген күйі күркеден алыстай берді.

 

Көлікке келіп отырды. Қайтар жолға бет алғаннан-ақ қасына ерте келген кішкене баласы «Атамды суық жерге неге тастап кеттің?» деп ал кеп жылады. Баласына не деп жауап берерін білмеген әке байғұстың басы қатып, сасаты. «Шешең осылай болуын қалады» деп айта алмады. Баласы бір уақытта жұлып алғандай «Сен қартайғанда мен де сені осында әкелем бе?» дегенде, төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей қалш-қалш еткен күйі тұрды да қалды. Бірден көлігін артқа қайта бұрды. Күркеге жете бере «Әке, мені кеш?!» деп әке құшағына қарай далақтап жүгіріп, тамағына тығылған ащы өксікке ие бола алмады. Мойнынан тас қып құшақтады. Кемсеңдеген әке мен кешірім тілеген ұлдың құшақтары көпке дейін айырылмады. Өз қателігін енді ұққан баласы «Жаза бастым, жаңылдым, әке мені кеш» деп аяғына бас ұрып кешірім сұрағанда, әкесі оған еш күтпеген жауап қайтарды:

 

— Сенің қайтып келетініңді білгенмін, балам. Сен мені тауға әкеп тастап кететіндей мен өз әкемді қартайған шағында тауға апарып тастаған жоқпын ғой. Мені тауға алуын алып келсең де, дәтің шыдап тастап кетпейтініңді, қайта оралатыныңды білгенмін, балам, — деген еді қарт сонда…

 

«Ата-анаң жынды болса байлап бақ» деп бұны дәстүрге айналдырып, ислам шуағынан нәр алған біздің халқымыздың тарихында әке-шешесін қарттар үйіне, далаға тастау деген жаман әдет бұрын-соңды болмаған. Бұл да исламның әке-шешеге берген маңызын көрсетсе керек. Өкінішке орай, дініміз бен салт-дәстүрімізді ұмытуға шақ қалған қазіргі таңда «Пәленбай қарттар үйі, түгенбай жетімдер үйі бар, оларға мынаны жасап жатырмыз, қамқорлық етіп жатырмыз» деп мәз болудамыз. Бұл – біздің мақтанышымыз емес құлдырауымыздың белгісі.[66]

Алла Тағала сіздердің жүректеріңізге нұр, шапағат, шаңырақтарыңызға жылылық ұялатсын.

 

Қорытынды: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

 

Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі – салт – дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет – ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым – зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.

 

Міне, осындай басты – басты үш қасиетті берік ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында қарабет те біз болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата – бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен… Екіншісі намысқор келеді екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш – жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік дегім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кемелдік кілті

 

Бес ғасыр жырлайды: екі томдық. – Алматы,1989. — Т.1.-93-97 бб.

 

Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл». – Алматы, 2003. – 110- б.

 

Абай. Қарасөздері. Алматы «Өнер» 2005ж.

 

Абай Шығармалары ІІ томдық толық жинағы. Алматы «Жазушы» 1995ж.

 

Аңдатпа

Осы мақалада Ислам діні имандылыққа жетелейтіні, имандылық деген ұғымда үлкен мәні, мағынасы бар екендігі туралы айтылады. Имандылыққа – адамның ар-ұжданы, тазалығы адамгершілігі, әдептілігі, мейірімділігі, қайырымдылық,  жомарттық,  ақкөңілдік, кеңпейілділік,  адалдық,  шыншылдық,  сенімділік, сауапшылдық, әділдік,  ізеттілік, инабаттылық жатады. Ал, Дін мен білім әр уақытта бірін-бірі қолдай отыра дамиды. Сонда ғана жастарың тәрбиелiк жүйесiнiң негiзгі рухани — адамгершiлiк құндылықтар ашылады.

 

Аннотация

В статье говорится, о том, что религия Ислам ведет к гуманизму, в данном слове лежит большой смысл, большое значение. К гуманизму относится совесть, чистота, духовность, тактичность, справедливость, добрата, искренность,верность, блогадарность. А религия и образование всегда развивается в взаимо поддержке. Только в этом случае открывается главная основа воспитателной системы – духовно — нравственные ценности.