Ғылыми жоба: Африка елдерінің мәдениеті

Біржанқызы Ажар

МК 17-15 тобының студенті

.

.

Мазмұны:

  1. Алғашқы мәліметтер
  2. Африка елдерінің халқы және мәдениеті
  3. Қызықты деректер
  4. Жануарлар әлемі
  5. Зерттеулер (археологоиялық қазбалар)
  6. Қортынды

1.Тақырып

 

Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі.

Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан.

Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.

Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 350 – 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.

Африка- үлкен өзендер құрлығы.[3] Ол құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері – Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж.[4] Нілдің су алабының кеңдігі соншалық. ол бүкіл Африка құрлығының оннан бір бөлігін торлап жатыр. Ніл Руанда мен Эфиопияаның таулы аймақтарынан бастау алып, оңтүстіктен солтүстікке қарай қарай ағады. Оранж өзенінің төменгі бөлігі Калахари мен Намибия шөлдері арқылы ағады. Өзеннің сағасында өте бай гауһар кені бар. Асау Нигер өзені Батыс Африканың бес мемлекетінің қалқы үшін азық пен су көзі болып отыр. Африканың жиырмадан астам тайпасы тіршілігін Нигермен байланыстырып, осы өзенге үміт артады. Заир ( Конго) өзені ұзындығы жағынан әлемде бесінші орында. Ал қара құрлықта солтүстік шығыс Африкадағы Нілден кейін екінші орында. Замбези — Африканың Ніл, Заир, Нигер өзендерінен кейінгі төртінші өзен жүйесі. Ол Орталық Африкадан Үнді мұхитына қарай алты мемлекеттің жерінен ағып өтеді. Лимпопо өзені Ботсванадан бастау алады.[3] Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.

 

2.Тақырып

Африка туралы мәлімет өте ерте кезден-ақ белгілі болған, әсіресе, оның жерортатеңіздік жағалауындағы ірі мемлекеттер туралы деректер көп. Египет перғауынында қызметте жүрген финикиялықтар біздің заманымыздан бұрынғы 600 жылы шамасында бүкіл құрлықты айнала жүзіп шыққан. 14 ғасырда марокколық араб Әбу Абдаллах ибн-Баттута қазіргі Сомали мемлекеті аймағын, кейіннен Мали мен Тимбукту жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. Құрлықты біздің заманымызда ең алғаш рет Үндістанға баратын қысқа жол іздеу мақсатында Васко да Гама (1497 – 1498) басқарған португал экспедициясы айналып шыққан, бірақ құрлықтың ішкі бөлігіне ешкім тереңдеп енбеген. Тек 19 ғасырдағы отаршылық науқаны кезінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың ішінде ағылшын саяхатшысы Давид Ливингстонның 1840 – 1870 жылдары және орыс саяхатшысы Василий Юнкердің 1876 – 1896 жылдары зерттеулерін атауға болады.

Орта ғасырлардағы Африка елдерінің мәдениеті айтарлықтай жетістіктерге жетті. Египеттегі Александрия, Каир қалалары мәдениеттің, ғылым-білімнің орталығы болды. XI ғасырдың басында Каир қаласында «Білім үйі» ашылды. 1004 жылы обсерватория салынды. Онда астрономиялық бақылаулар жүргізіліп, таблицалар жасалды. IX-XII ғасырларда Египеттегі философия, тарих ғылымдары зор табыстарға жетті, көптеген философиялық, тарихи шығармалар жазылды. Олардың ішінен біздің заманымызға жеткен тарихи еңбектің бірі Абдрах мен ибн-Абд-әл-Хакимнің шығармасы болды. Тіл білімі де дамыды. VIII ғасырда «Әл-Китаб» (Кітап) деген грамматика саласындағы атақты трактат (ғылыми шығарма) жазылды. Сәулет өнерінде де зор табыстарға қол жеткізілді. Оған дәлел — VII ғасырдың 40-жылдары салынған Фустаттағы әл-Аса мешіті, XI ғасырдың 70-жылдары салынған Каирдегі ибн-Тулун мешіті, XIII ғасырдың аяғында салынған Қалауын сұлтанның сарайлары.

 

VII ғасырдың ортасындағы араб жаулап алушылықтарынан кейінгі Египеттегі музыка өнері едәуір өзгерістерге ұшырады. Енді жергілікті копт халқының музыкалык туындыларынан араб мақамдары кең орын ала бастады. Египеттік А. Умайя, Ибн әл-Хайтан, ан-Нувайр сияқты музыка теоретиктері мен әншілердің есімі кеңінен белгілі болды. Ортағасырлық Африканың басқа елдерінде де мәдениет дамып жетіле түсті. Мысалы, Аксумда IV ғасырда жергілікті жердің жазуына реформа жасалды. Сол кезде қабылданған әліпби (алфавит) казіргі кезге дейін қолданылып келеді.

 

Көптеген Африка елдерінде сәулет өнерінің әсем құрылыстары өмірге келді. Сарай кешендері мен ескерткіштер, ғибадатханалар мен кесенелер салуда өзіндік сәулет стилі қалыптасты. Жұмыр немесе төрт кырлы әсем тіреулер мен мүсіндер салтанатты сарайларды көріктендіріп түрды. Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Африка елдерінің орта ғасырлардағы мәдениеті араб-ислам мәдениетінің ықпалымен қалыптасып, үлкен табыстарға қол жеткізді.

3.Тақырып

Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны.

Африка осыдан 8-5 млн жыл бұрын алғашқы адамдардың отаны болған. Қазіргі таңда бұл құрлықты, негізінен жергілікті тұрғындар мекендейді. Дегенмен Африкадағы бір мемлекетті екіншісімен салыстыру қиын. Олар әртүрлі тілде сөйлейді, діни-ұстанымдары, салттары бір-бірінен өзгеше.

Африкалық бетперделердің тарихына үңгілсек, олардың ежелгі тас дәуірінде пайда болғанына көз жеткіземіз. Ойын кезінде киетін бетпернені африкалықтар теріден, матадан және басқа да ағаш түрлерінен жасаған. Африкалық бетперделер әлемдегі өнертанушылардың ішінде ерекше орын алады. Өнер туындылармен жинақтаудын айналасатын мамандар тамаша бетпердені өте қымбатқа бағалайды. Бетперде жасау дәстүрі африкалықтар өмірінде тарихи, мәдени айрықша маңызға ие.

Африка жер бетіндегі ең үлкен шөл — Сахара шөлінің отаны. Құрлықта негізінен үш шөл бар: Сахара, Намбий және Калахари. Жыл бойы күн сәулесі түсіп тұратын алып жазықтар Африканың ауқымды бөлігін қамптып жатыр. Шөл даланы өзінің құрғақ сағалары кесіп өтеді, мұнда құрғақшылыққа шыдамды бұлттар ғана тамыр жаяжы. Карас пен Хун сияқты кішкентай тау тізбектері де кездесіп қалады.

Сахара шөлі жер бетіндегі ең ыстық мекендердің бірі. Бұл өлкеге жылына шамамен 8 см-дей ғана жауын-шашын түседі. Тіпті ең жаңбырлы аймақ дегенінің өзіне жауын аптасына екі рет жауып содан бірнеше жыл тамшы тамбай қалуы да мүмкін. Сахара шөлі Солтүстік Африканың 9 400 000 шаршы шақырымын алып жатыр. Нарлар және ешкілер ғана шөлге шыдамдылық танытады.

  1. Тақырып

Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр, адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы лемурды атауға болады. Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған. Ірі ұлттық саябақтарға Рувензори, Кения, Серенгети, Вирунга, Цаво, Кафуэ, Калахари-Хемсбок, Крюгер, Намиб жатады.

Материктің солтүстік бөлігі Сахарамен бірге Голарктика зоогеографиялық облысының Жерорта теңіздік кіші облысына, қалған бөлігі фаунасының ерекшк байлығымен ерекшеленетін Эфиоп облысына кіреді. Дегенмен материкте айқын зоогеографиялық шекаралар білінбейді және Африканың жеке аудандарының фауналарындағы айырмашылығы негізінен қазіргі ландшафттық айырмашылықтарға байланысты болады. Материктің солтүстік бөлігінің фаунасы көп жағдайда Оңтүстік Европа мен Батыс Азияның фаунасына жақын келеді.Атластың қуаң аудандары мен Сахараны суды көп қажет етпейтін немесе тамақты алыс жерлерден іздеп табатын жануарлар мекендейді. Бұлар-әр түрлі бөкендер,бубал,мендес.Саваннадан шөлге арыстандар келеді.Атлас тауларында маймылдардың Оңтүстік Испанияда мекендейтін кішкентай түрі(құйрықсыз манан)тіршілік етеді.

 

Өзен жағасындағы қаулар мен өзендерде крокодил, тасбақа, улы ніл жыланы мекендейді.Солтүстік Африканың шөлі мен шөлейтін африка түйеқұсы,дуадақ, бозторғай, ал Атлас тауларын тау құры, қара күшіген,қарақұс, қозықұмай мекендейді. Солтүстік Африканың сипатты құсы-ақсары сандуғаш, ол ормандар мен бақтарға, сондай ақ тауларда айтарлықтай биікке ұялайды.

Жергілікті халыққа көкқасқа шегіртке көп зиян келтіреді. Олардың жиі қаптап кетуінен Солтүстік Африка елдерінің ауыл шаруашылығы зиян шегеді. Қоңыздар, әсіресе ашық түсті көбелектер көп. Адамдарға бүиі, шаян қауіп туғызады.

 

Эфиоп облысының фаунасы материк алабында барынша біркелкілігімен ерекшеленеді, тек мекендеген жер жағдайына қарай кейбір өзгешеліктер болады, ол кіші  облыстардың айқын көрінуінен айқын байқалады. Мадагаскар фаунасының өзіндік ерекшелігі бірден көзге түседі.

  1. Тақырып

Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.

Африканың тропикалық аралық жерлерінде топырақ латерриттік процесспен құралған. Оның ылғалды, мәнгі жасыл ормандары — экваторлық бөлігі құнарлы қызыл-сары латерит топырақты жерлер. Өзендер баяу ағаиын Конго ойыс батыс бөлігінің топырағы латерит-глей топырақ және тропиктік батпақты топырақ. Жапырағын түсіретін мәнгі жасыл аралас ормандар мен ылғалды саванналарда қызыл топырақ, құрғақ саванна шөлейтте қызыл қоңыр жцне карбонатты қызғылт топырақ пайда болды. Суданның қазан шұңқырлары мен Шығыс және Оңтүстік Африка — негізінен гидроморфты қара топырақтық және тропиктік батпақ топырақты жерлер. Шығыс Африканың оңтүстігі мен Оңтүстік Африка әжептәуір қызыл қошқыл топырақты келеді. Оазистерге шалғын-сор және сор топырақ тән. Африканың жерортатеңіздік климатты, субтропиктік белдеуіндегі карбонатты, гипсты қошқыл топырақ, неғұрлым қуаң аудандарда сұр қошқыл топырақ шөлейт пен шөлде сұр топырақ кездеседі.

Африка құрлығының айналасындағы алғашқы танымал саяхат б.з.д. 600 жылдары жүзеге асырылды. Е. Ежелгі Египетті зерттеушілер Фараон Нехоның бұйрығы бойынша. Африканың пионерлері құрлықты айналдырып, зерттелмеген жерлерді тауып алды.

 

Орта ғасырларда әлемнің осы бөлігі қытайлық және үнді тауарларының үлкен бағасына сатылып, түріктермен белсенді сауда жасайтын Еуропаға қызығушылықты бастады. Бұл еуропалық теңізшілерді түріктердің медиациясын жоққа шығару үшін Үндістан мен Қытайға өз жолын табуға талпындырды.

Африкандық шотланд зерттеушісі Дэвид Ливингстон Калахари шөлін оңтүстіктен солтүстікке қарай еңсерген алғашқы еуропалық ғалым болды. Ол шөлдің ландшафты, жергілікті тұрғындарды — қашықтағы шетелдіктерді — тсвананы және көшпенді бушмендерді сипаттады. Калахаридің солтүстігінде ол өзендердің жағасында өскен галереяларды тауып , Африкадағы ірі өзендерді зерттеуді жоспарлады

6.Тақырып

Біз бұл жобадан африка елі туралы көптеген қызықты деректерді білдік. Қоса кететін, айтылмай кеткен жайттар әрине өте көп. Соладың біріне – Африка қазба байлықтарын және де оның пайдалану саясатын жатқызсақ болады. Намиб жерінде уранның, Ливия жерінде табиғи газдың мол қоры бар. Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойы өз қажеттілігіне аяусыз пайдаланады. Уақыт өтуіне байланысты қазба байлықтарды көптеп игеруде. Бірақ «айдың бір жағы жарық, екінші жағы қараңғы» демекші бұл эклологиялық тұрғыдан кері әсерін тигізеді, яғни су тапшылығына, топырақтың тозуына өсімдік жамылғысының құрып кетуі шөлге айналу процесін жеделдетуде.

 

Медициналық тұрғыдан қарағанда ең «таза» ауа температура мен құрғақ ауа жкғдайында жұқпалы ауруларды микроптар мүлде кездеспейді. Ал керісінше ылғалы мол аудандарда көптеген қауіпті ауруларды жұқтыратын жәндіктер кең тараған. Дегенмен өзендер сирек таралған құрғақ аудандарда жер асты суларының мол қоры жинақталған. Мысалы: Сахара,Калахарида жер асты тұщы суының мол қоры анықталған.

 

Ал егерде дүниежүзілік глобальді қиындықтарына тоқталсақ, қазіргі  таңда антропогендік процестердің нәтижесінде саванналардың шеткі бөліктері шөлге айналуда. Соңғы елу жыл ішінде Сахара саваннаға қарай 650 км 2– ге ілгерленіп келеді. Шөлдену процесі қазіргі таңда ғаламдық проблемалардың біріне айналып отыр. Бұл мағлұматтар адамзат баласын бір сәт тоқтап, ойлануына талпындырады деп үмміттенеміз. Әрине, ғылыми жоба тақырыбы мүлде бұл жайында емес. Бірақ, мәдениет жайлы сөз қозғап, қалайша адамгершілікті шет қалдыруға болады?! Егерде әр адам тұрып жатқан Жер атты үйімізге адамгершілікпен, сыйласыммен және де жауапкершілікпен қарайтын болса, алдымызға төніп келе жатқан бұл ахуалдың алдын ала алатынымыз еш шүбәсіз!!!

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. 2013 World Population Data Sheet. Population Reference Bureau (2013).
  2. How many countries in Africa? How hard can the question be?
  3. Балаларға арналған танымдық энциклопедия. Географиялық аймақтар, 24-бет
  4. Балалар Энциклопедиясы, II- том
  5. Материктердің физикалық географиясы Москва 1976 Власова.Т.В
  6. Опубликавано в журнале «Туризм и Отдых» №20 от 2 июне 2003 г
  7. Қазақ Ұлттық Энцеклопидия 4 том 375-376 бет
  8. Қазақ Ұлттық Энцеклопидия 7 том 596-597 бет
  9. География оқушы анықтамасы. А.М. Бейсенбаева, Н.Ә. Бейсенбаева.

10.Энцеклопедия. Я познаю мир. Страны и континенты. М: «Астрель» 2001

  1. Энцеклопедия Планета Земля М: « РОСМЭН» 2001
  2. Аубакирова Ж.А. Абдрахманов С.А. Базарбаев К.Б. Русско-казахский толковый географический словарь. « Ғылым» 1965
  3. Казахский- русский, русско-казахский словарь Алматы « Crebo» 2001 24 ст

w.w.w yonbex.ru. file: \\ A : E book. Краткая физико-географическое характеристика зоны пустынь 18.06.2007 г.

w.w yonbex.ru. 26.05.2005 г. Науки о Земле: Коментировать.

  1. МАТЕРИКТЕР МЕН ЕЛДЕР материктер географиясы бойынша кітабы. Смирнова Н. П., Шибанова А.А. «Мектеп» 1983ж