Қысқа мерзімді жоспар. Әдебиеттік оқу. «Жақсы»деген – немене? «Жаман» деген – немене?

Баякеева Алмагул Бейсенбековна

Бастауыш сынып мұғалімі

.

.

Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: «Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ

Күні:18.10.2019

Мұғалімнің аты-жөні: А.Баякеева

Сынып: 4-сынып Қатысқандар саны:   17        Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақ тақырыбы

Уақыт  — біздің құндылығымыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.4.1. мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау, ақпаратты сызба түрде көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

• Оқушылар тақырыпқа сәйкес  өлеңмен танысады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет) анықтауды жалғастырады 

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Оқушыларды түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, уақыт  туралы шежіре сырлары туралы ойларын ортаға салады.

Жетістік критерийлері

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен өлеңдегі негізгі ойды анықтай алады.

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясына негізделген құндылықтар: қазақстандық патриотизм; азаматтық жауапкершілік; сыйластық; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, математика пәнімен байланысты тапсырмалар орындайды.

Бастапқы білім

Жақсы деген – немене?  Жаман деген – немене?

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру. Әдебиеттік оқу пәнінің ұранын  айтумен сабақты бастаймыз:

«Артық білім кітапта,

Ерінбе оқып көруге» А. Құнанбаев

Шаттық шеңбері.

«Абай ата» кемеңгер, данышпан,…. солай тізбектеліп кете береді. 

Үй тапсырмасы. «Кезбе гүл» арқылы үй тапсырмасы «Адамгершілік» тақырыбына жазылған эссе оқыту.

Өткен тақырыпты пысықтау. «Достым, менде… » әдісі арқылы жүргізіледі. «Шал мен бала» шығармасынан бірнеше сөйлемдер беріледі.  Сөйлемнің басы оқылады, сөйлемнің соңы жазылған оқушы « Достым, менде…» деп жалғасын оқиды.

1.      Бұлтты аспан әлі де сыз бүркіп, …/ түнере салбырап тұр/

2.      … , кешігіп қалғаным. / Күн жауып/

3.      Шиенің өзін ғана алса, … . / ештеме емес қой

4.      … , ұстатпай кетті.  / Секіріп түсіп/

5.      Атасын күтіп алмақ болып, … ./трамвай аялдамсына қарай кетіп бара жатқан/

«Ой қозғау». «Уақыт» жайында видео көрсету.

Видео көріп болғаннан кейін «Белгі» әдісі бойынша тұжырымдар анықталады. «Иә» болса жасыл, «Жоқ» болса қызыл түсті сигнал белгілерін көрсетеді.

«Топқа бөлу» . Сұрақтарға  жауап беру арқылы топқа бөлінеді.

І топ. Абай Құнанбаевтың шын аты кім? / Ибраһим/

ІІ топ. Абайдың әжесінің аты кім? / Зере/

ІІІ топ. Қазақтың ұлы ақыны кім? / Абай/

Жұмыс ережесімен келісу

        Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

        Уақытты үнемдейміз!

        Нақты,дәл жауап береміз!

        Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

        Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Бағалау сағат суретін беру арқылы жүзеге асады. Әр дұрыс жауап бір сағат суреті.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сигнал белгілері

Экран

Сабақтың ортасы

Автормен таныстыру «Тауып көр» әдісі арқылы жүгізіледі.

«Ол»  (1845 -1904) – ұлы ақын. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей өңіріндегі Шыңғыстауда дүниеге келген. Шығармалары дүниежүзінің көптеген тіліне аударылған. Оның өлеңдері, әндері, қарасөздері, аудармалары ел арасында кең таралған. 2020 жылы «Оның» туғанына 175 жыл толмақшы.

—          «Ол» кім?

—          Абай Құнанбаев.

Таныс емес сөздермен танысып алайық.

Мақрұм қалу – бос қалу, құр қалу

Медресе – ислам дінін оқытатын және жоғары оқу орны

Шен алу – дәреже, атақ алу.

-Балалар бүгін біз сендермен ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының «Жасымда «ғылым бар» деп ескермедім» атты өлеңімен танысамыз.

·         Мақсатымыз: Өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаймын

·         Ақпаратты сызба түрінде көрсетемін.

«Не білгім келед?» айдары бойынша оқылғалы тұрған өлең тақырыбы төңірегінде оқушылар сұрақтар қояды.

Тыңдалым. Сыныпта дарынды оқушыға алдын ала жаттауға беріп қойылған өлеңді тыңдайды.

«Бейтарап» әдісі. Топпен жұмыс жүргізіледі.

І топ. Жасымда «ғылым бар» деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра, тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Осы шумақ мазмұны бойынша сурет салу ұсынылады.

ІІ топ. Бұл мақрұм қалмағыма кім жазалы?

Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?

Адамның бір қызығы «бала» деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім. Осы шумақтың ішінен тірек сөз болып келетін сөзді таңдап, мақал – мәтел құрастыру ұсынылады.

ІІІ топ. Баламды медресеге: «Біл» деп бердім,

«Қызмет қылсын, шен алсын деп!» — деп бермедім… Осы өлең жолдарының мағынасын ашу.

«Егер мен…» шығармашылық жұмыс.

І топ. Ата болсам, …. үлгерер едім

ІІ топ. Жас болсам, …. үлгерер едім

ІІІ топ. Бала болсам, … үлгерер едім

Дарынды баламен жұмыс. «Абайдың он бесінші қарасөзінен» оқып, оқулықтағы 5 – тапсырманы орындату.

Үлгерімі төмен баламен жұмыс. «Диаграммамен жұмыс» оқулықта  берілген  7 – тапсырманы орындау сұралады. Диаграммадағы Айбардың 5 сағат бос уақытын қалай пайдаланғанын түсіндіреді

Белсенді оқу тапсырмалары.

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері,

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маркер, плакат

Сабақтың соңы

Бекіту. «Сағаттық тіл» әдісі бойынша «Уақыт неге құнды?» Оны қалай түсінеміз? «Уақыт» дегенде ойымызға не түседі?

1 – тоқтамайды           7- тұрақсыз

2-  өтеді                         8- қайтып келмейді     

3 –күтпейді                  9- жұмсалады

4 – құнды                      10 – асыл қазына

5 – қымбат                 11 – өткен өмір

6 –емдейді               12- болашақ

-Сендер біздің болашағымызсыңдар, сондықтан сендердің қолдарыңа уақыт өте келе Отанымызды тапсырамыз. Сендерге Сеніммен қараймыз.

Бағалау. Жинаған сағат суреттерін санау арқылы  5 сағаты бар оқушыларға «Керемет!» «Жарайсың!» қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау. Абай әндерінің тізімін жасау.

Кері байланыс. Сағат суреті арқылы жүргізіледі. Сағаттың жоғары жағына сабақ түсінікті деген оқушылар, төменгі жағына әлі де сұрақтарым бар деген оқушылар стикерлерін жабыстырады.

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

1-      12 сандар

 

 

 

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Сағат суреттері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Иә. Уақыттың құндылығын ұғынды. Білім алуға кеш қалмау керектігін түсінді.

Иә.

Иә.

Енгізген жоқпын

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Бейтарап» әдісі

2.  «Не білгім келеді?»

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Белгі»  әдісі

2. «Егер мен….»

Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1. әдістердің тиімділігі

2. жекеле жұмыстар