Қызықты өмір – студенттік көніл

Сүлейменова Айгул Тұраққызы
Директордың тәрбие ісі жөнідегі орынбасары
.
.
1 ж: Армысыздар қадірменді халайық 
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық 
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп
Баршаңызға сәлем бердік халайық! 
2 ж: Армысыздар құрметті ұстаздар, кешіміздің қонақтары!
    І- ші курста аузын ашып, қоңырауда сабақтан қашып,  лекцияда секіріп, сынақтарда жүгіріп, емтиханда жылап, каникулда қыдырып, апайларға өтірік күліп, колледждің ауасын жұтып, стипендиядан лоторея ұтып, жүрген студенттерге жалынды сәлем!
1 ж: Бүгін бізде мерекелі қуанышты күн, себебі бүгін «Студенттер қатарына қабылдау» күні!  «Қызықты өмір – студенттік көніл» атты кешімізге қош келдініздер!  Бүгінгі біздің кешіміз  қызықты да, көңілді студенттер өміріне арналады!
Сіздерді бүгінгі  мерекелеріңізбен құттықтай отырып,  баршаңызға денсаулық, бақыт, еңбекте табыс тілейміз!
2 ж: Иә, шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу! Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы  қажет!  
                                        
1 ж: Студенттер, аяулы ақ армандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.
Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
“Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!”
2 ж: Студенттер, сарылып ой қуғандар,
Қарынды қанағатқа тойдырғандар.
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар.
Студенттер, болашақ жас мамандар,
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар,
Студенттер, ұстазға ұнағандар.
1 ж: Сүрінгендер, кей жерде құлағандар,
Қайтадан тапсырам деп жылағандар.
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
Сонда да жандарында жанып тұрар.
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
Студенттер,
Студенттер,
Бақыттылар!!!
2 ж: Шарықтасын шат көңілдің алабы,
Шат жүрекке ақ тілектер қонады.
Дархандай кең біз қонақжай халықпыз
Әрқашанда төрде отырар қонағы
1 ж: Достар  осы айтулы күні студенттер мерекесіне  арнайы келген қонақтармен таныстырып өтейін:
  1. Кәсіпкерлер палатасының  аудандық филиал директоры 
     Шоқпаров Абзал  Әзизұлы
  1. Аудандық маслихат депутаты, Жастар рисурстық орталығының  директоры    
    Ибраев Мұхтар Айшықұлы
  1. Қармақшы таңы газетінің тілшісі  Ақнұр  Сағынтай
2 ж: Келешек қой осылар барға шүкір,
Алдарыңда ақ қанат арманы тұр.
Жүректері лүпілдеп жас шәкірттер
Жаңа өмірге нық қадам басқалы тұр.
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр.
Бәрі ертеңгі жас маман болғалы тұр
Үлкен өмір есігін ашпақ міне
Келген қауым қол соғып қолда бүгін.
1 ж: Бүгінгі студенттер  қатарына қабылдау кешінің алғашқы  құттықтау сөзін  колледж директоры  Исламбек Сәдібекұлына береміз.
 
Бүгінгі кешіміздің көңілді шымылдығын ашуға   «Мереке»  әнімен  «Нұрай» тобын ортаға шақырамыз
 
2 ж: Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл дала деп  жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Үшінші жыл қимайды бұл орданы.
Үш жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін-бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін-бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық-ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын-тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын
   
1 ж: Студент болу – жас адамға бақытты болу деген сөзбен тең деп Тұманбай Молдағалиев айтқандай  бүгінгі мерекеміз құтты болсын, жас даурен, жас достар!
2 ж:Ажырамай халықтан бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Колледждің  I курс студенттеріне жылы лебізін  білдіру  үшін  ортаға құрметті   қонағымыз Кәсіпкерлер  палатасының  аудандық филиал директоры 
     Шоқпаров Абзал  Әзизұлын шақырамыз.
Ән:  Набиева Нұрлыханның орындауында   «Нұр аға» әнін қабыл алыңыздар.
  
1 ж: Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп  жүретұғын,
Біз сияқты «студенттер» бақыттылар!
2 ж: Құтты болсын бүгінгі мейрамдарың,
Орындалсын өмірде армандарың,
Жарқырасын жалындап шырақтарың
Жайқалыңдар, жайнаңдар құрақтарым.
Келесі  құттықтау сөз кезегі  Аудандық  маслихат депутаты, жастар ресурстық орталығының директоры  Ибраев Мұхтар Айшықұлына беріледі.
1 ж: Өнерпаздар жарысып сан салалы
Жиын десе, той десе ән салады
Бүгінгі қонақтардың құрметіне
Әуеленген әсем ән жолданады
ӘН:  Қанибекова Айдананың орындаунда «Арманыма асығамын» әнін қабыл алыңыздар.
 
1 ж:  Колледжде  түрлі  мамандықты игеріп, белгілі бір маман иесі атанып, болашақта өз ойын, арманын іске асыру мұндағы  әрбір студенттің  алдына қойған мақсаты.
2 ж: Сол мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз жақсы білім мен тәрбие алып, болашақта еліміздің игілігіне жарап, ата-анамыздың үмітін ақтасақ, міне, сол басты мақсат  болмақ.
 Міне енді нағыз студент атандыңдар. Құтты болсын!
1 ж: Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата  беріңіздер!  
2 ж: Жүректерді жырға бөлейтін, жастық шақтың жалынына бүгін тағы бір мерекенің  отын лаулатып , сіздермен бірге тойлауға бас қосып отырмыз. Бүгін шындығында сіздер үшінде, біздер үшінде ұлы мейрам. Сіздер бүгін қол ұстасып мейрімділікке жол ашып отырсыздар. 
Ғылым болып даналықпен көктерсің 
Оқысан сен адалдыққа жетерсің. 
Шырақ болып қалғың келсе өмірде. 
Лаулап , лаулап биіктерге жетерсің! 
ӘН: «Болшы жанымда» әнін  қабыл алыңыздар
                                                                                                         
1 ж: Осы кеште ат салысқан студенттерге үлкен алғыс білдіреміз.  Алтын уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі кешімізге келген қонақтарға көп-көп рахмет айтамыз!
2 ж: Бүгінгі кеш студенттеріміздің концерттік бағдарламасымен жалғасады.