Заманауи мұғалім: кәсіби іс- әрекетіндегі өзгерістер бағдарлары

Коучинг-сессия жоспары «Заманауи мұғалім: кәсіби іс- әрекетіндегі өзгерістер бағдарлары»

Жусупова Г.А.

директор,

қазақ тілі пәні мұғалімі

.

Сабақтың тақырыбы: Заманауи мұғалім: кәсіби іс- әрекетіндегі өзгерістер бағдарлары (курстан кейінгі өзгерістер, қиындықтары мен жетістіктері, проблемалық мәселелері т.б)

Жалпы мақсаты: Өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді, басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын біледі, өз ойларын дәлелдей алады, қатысушының білім деңгейін анықтайды. Топта қолайлы жағдайды қалыптастыру, қатысушылардың мінез-құлқы мен ойлауын, қабілетін, әлеуметік өзара әрекет дағдысын дамыту, топта сенімді және ашық атмосфера құра.

Оқу нәтижелері: Топтық жұмысқа қалыптасады, еркіндік атмосферасы қалыптасады, қатесін түзетеді, бірлесе мақсатқа жетудің жолдарын қарастырады, топтық жұмыста өз ролін мінсіз атқарады, өзін бағалайды, талдау барысында қажетті қасиеттердің керегін өз бойларынан өткізеді, пікір алмасады.

Түйінді идеялар: Топтық жұмыста өзін — өзі реттей алады. Диалогтік қарым — қатынасқа түсу арқылы күмәнді жауаптарын түзете алады.

І.Сергіту сәті: «Қара жорға» (1-2 мин)

ІІ Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті семинарға қатысушы ұстаздар! Біз бүгін тамаша, бізге мазмұнды әрі қажет семинарға қатысып отырмыз. Жұмысымызды бастамас бұрын танысып алайық. Бәріміз орнымыздан тұрайық.  Танысуымыз «Менің көңіл- күйім неге ұқсайды?» деп аталады.Ережесі: Сіздер кезекпен есімдеріңізді, қайдан келгендеріңізді айтып, бүгінгі көңіл- күйлеріңіздің қандай жыл мезгіліне, табиғат құбылыстарына, ауа райына ұқсайтынын айтасыздар. Мысалы, Менің есімім- Алуа, Еңбекшілдер ауданы Казгородок орта мектебінен келдім. Менің бүгінгі көңіл- күйім- көк аспандағы ақ бұлтқа ұқсайды.

ІІІ. Топқа бөлу. «Тәтті сыйлық» әдісі (кәмпиттер бойынша бөлінеді)

ІV. «Әлем өзгереді» видеосын көру (45 сек)

-«Еуропалық, адамзаттық білімді игеру және оған жету жолындағы барлық кедергілермен батыл күрес- даму мен мәдениетке қабілетті әр халықтың түпкі мақсаты болуы керек» деп айтқан Ш.Уәлихановтың сөзі қазіргі біздің заманға да дәл келеді.

  1. Тренингімізді жалғастырамыз. Тақырыбын ашу үшін топтарға сұрақтар қойылады. Мағыналарын 2-3 сөйлеммен ашыңыздар ашыңыздар:
  2. Мұғалім- дәстүрлі сабақ беруші
  3. Мұғалім- зерттеуші.
  4. Мұғалім- тәлімгер
  5. Мұғалім- көшбасшы

Қорытынды:Мұғалім – дәстүрлі сабақ беруші- дайын материалды береді,соны сұрайды. Мұғалім зерттеуші- сыныпта рефлексиялық зерттеу жүргізу жолымен өзінің оқыту тәжірибесін үнемі жақсартушы. Мұғалім- тәлімгер- әріптестерінің оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында оларға кеңес беруші. Мұғалім- көшбасшы- мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастырушы, коучинг пен тәлімгерлік үдерістерін жүзеге асырушы, мектептердегі мұғалімдер тобының жетекшісі.

VІ «Бәрі өз қолыңда» видеосын көру.Расында да бәрі өз қолымызда, алдымыздағы оқушылардың білім алу деңгейлері де біздің қолымызда,  курстан кейін қалай жұмыс істейміз, қандай өзгерістер енгіземіз- бәрі өз қолымызда.Сол себепті жауапкершілікті ұмытпайық!

VІІ.Жүргізуші: Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
Оқушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін — өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау — бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екі талай.Кәсіби біліктілігі жоғары, өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау — бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»- деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден — бір қызмет етуі керек.
        Атақты педагог – ғалым В. А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым — шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер — ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.» — деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттер шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт.

VІ.Семинар тақырыбына көңіл аударайық

Осы тақырыпты ашу үшін қазір 4 топ мынадай жұмыс орындаймыз:

SWOT талдау жасаймыз, яғни тақырыпты ашу үшін талдау, анализ жасаймыз.

SWOT талдау- стратегиялық жоспарлаудың әдісі, ұйымның ішкі және сыртқы факторларын көрсетеді. Алғаш рет SWOT талдауды енгізген профессор Кеннет Эндрюс. 1963 жылы Гарвардта бизнес пен саясатқа арналған конференцияда айтылды. Бұл талдау 4 категорияға бөлінеді. Strengths- әлді, мықты тұстары. Weaknesses- әлсіз тұстары. Opportunities- мүмкіндіктері. Threats- қауіптері. Әр топ постерді 4-ке бөліңіздер де курстың жетістіктерін, проблемалық мәселелерін, курстан кейінгі өзгерістер және қиындықтарын жазып толтырыңыздар. Сосын қорғайсыздар. Уақыты- 15 минут.

Қорытынды: О мен Т тұстары(өзгерістері мен қиындықтары)- сыртқы факторлары, обьектімен бақыланбайды, обьектіге сырттан әсер етеді). Ал S және W тұстары (әлді және әлсіз) — анализдің ішкі жағдайы, ортасы. Немесе обьект оларға тікелей әсер етеді. Яғни әлді тұстардан мүмкіндік туады, ал әлсіз тұстардан қауіп немесе қиындық туады.

Біз осыншама жұмыстарды өзіміз істей алмаймыз, яғни бізге кім керек, не керек?

Осы сұраққа жауап беру үшін видео көрейік

VІІ. Видео «Команда құру»  Яғни біз команда құрамыз, құрдық. Бірақ сонымен мәселе шешіліп, жұмысымыз алға басып кетті ме?

Ендеше бізге көмекке табиғаттың өзі келеді. Біз кәдімгі қаздардан үйренемі

Видео «Қаздар сабағы». Әр сабаққа тоқталу, талдау

VІІІ. «Қарым- қатынас жасаудың 21 қағидаты» слайд көрсету

 

ІХ. Бастарыңызға қиындық түскенде өміршеңдік ережесін естерсіңізге алып, өз өмірлеріңіз — өз қолдарыңызда екеніне сеніңіздер.

Өміршеңдік ережелер.

   Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

Жігер деген – Мен.

Күш деген – Мен.

Махаббат деген – Мен.

Кешірім деген – Мен.

Құдырет деген – Мен.

Жасөспірім деген – Мен.

Жастық  деген – Мен.

Даналық деген – Мен.

Денсаулық деген – Мен.

Жарқындық деген – Мен.

Бар ғажайып деген – Мен.

Бәрі маған байланысты.

Бәрі менің қолымда !!! – деп өзіңізді сендіріңіз.

 

Мен Сіздердің өмір жолыңызға қуаныш,бақыт, сәттілік тілеймін !

Х.Қорытынды «Фишбоун» әдісі. Профессор Кауро Ишикава ойлап шығарған «Балық сүйегі» деп те аталады. Басы- негізгі тақырып, проблема. Жоғарғы сүйектері- тақырыптың негізгі ұғымдары. Төменгі сүйектері- ұғымдарға түсініктеме. Құйрығы- қорытынды, сұрақтың жауабы, шешу жолдары. Қысқа ұғымдар арқылы жазылуы тиісті.

ХІ Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»

Ресурстар: Видеоматериалдар, нұсқаулық, постер, маркер, үлестірмелі материалдар, Интернет материалдары