«Үздік анатом» интелектуалды сайысының әзірлемесі

Рахимбаева Айнур Ахметовна
Оқытушы
.
.
1 жүргізуші. Қайырлы күн құрметті оқытушылар мен білім алушылар бүгінгі «Үздік анатом» интелектуалды сайысының көрермендері.
2 жүргізуші. Қайырлы күн достар. Бүгінгі күн колледжіміздің І курс білім алушылары үшін  ерекше күн болып саналады. Себебі олар осы колледжге келгеннен бергі білімдерін сынға салатын күн.
1 жүргізуші.Иа, дұрыс айтасың! Медицинаның маңызды бөлігі болып есептелетін анатомия пәнінен білімдерін көрсететін кезең деп айтуға болады.
2 жүргізуші. Онда бүгінгі «Үздік анатом»интелектуалды сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1 жүргізуші. Бүгінгі сайысымызға қатысушы білім алушылардың білімдерін, ғылымилығын, шығармашылығын бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
 2 жүргізуші.
1.Колледжіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары-Жандилдина Роза Қайыржановна
2.Колледжіміздің әдіскері –Сейтмагамбетова Гүлнар Аблаевна.
3.Тәжірибе бөлімінің меңгерушісі-Жанбаева Зауре Куанышовна
4.Бөлім меңгерушісі- Сейтешева Ботагөз Журсуновна
5.Жалпы кәсіптік пәнінің ТӘК төрайымы – Алтаева Венера Асқаровна
6.«Мейіргер ісі негіздері»пәні оқытушысы-Кошаева Перизат Курмангалиевна
7.2017-2018 оқу жылының «Үздік анатомы»-  21 фкб тобының білім алушысы Ларен Малика
2-жүргізуші. Ал енді құрметті әділ қазылар және көрермендер, сайысымыздың қатысушыларын ортаға қошеметпен қарсы алайық:
 1.Ыхлас Гүлбаушан -11 Фкб
2.Қайдаров Райымбек-12 Фкб
3.Көшек Нұрайым 11Фкб
4.Жақсытай Жансая 12Фкб
 5.Жұлтай Нұржан-11 Фкб
6.Айтуған Руслан 12 Фкб
 
 1 жүргізуші. Сайысымыздың талаптарымен таныстырып өтсем, 5 кезеңнен тұрады әр кезеңге  5 балдық жүйемен баға қойылады. Әр кезең сайын ұпайы аз қатысушымен қоштасамыз. Сайысымыздың бірінші кезеңі- таныстыру және үй тапсырмасы кезеңі. Мұнда үйге берілген тапсырманың тақырыбы:
« Ағзалар әлемі» Әр қатысушыға 3 минуттан уақыт беріледі.
(яғни қатысушылар өздерін таныстырады, призентацияларын  қорғайды).
2 жүргізуші.. Қатысушылар сіздерге  рахмет орындарыңызға жайғаса беріңіздер.
Келесі екінші кезеңіміз « Ой шақыру » кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде әрбір қатысушыға 4 сұрақтан қойылады. 5 балдық жүйемен анықталады.
Балы аз 1 қатысушы келесі кезеңге жіберілмейді.
Сонымен « ой шақыру » кезеңін бастаймыз.
1-жүргізуші.
 1- қатысушыға:
— Сүйектер туралы ілім қалай аталады ?(остеология
-Ірі қан тамырының ішкі қабаты (интима)
-Көмей қайда орналасқан ( 4-6 мойын омыртқалар тұсында)
-тыныс алу жүйесі латынша атауы  (sustema respiratorium)
2- қатысушыға:
— Бұлшық ет туралы ілім қалай аталады?(миология )
-Мида неше жұп нерв бар (12 жұп)
— Адамда неше бел омыртқасы бар ?(5)
-Ортан жілік латынша атауы (os femur)
3-қатысушыға
Ішкі ағзалар туралы ілім ?( Спланхнология )
-Несеп бөліп,шығару мүшелері ( 2- бүйрек, несепағар түтігі, қуық, несеп шығарғыш каналы)
-Мойын омыртқалар саны нешеу ?(7)
-Қол басы сүйектері датынша (ossa manus)
4-қатысушыға
-Адам қанынан бөлінетін ең активті гормон (адреналин)
-Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуын калай атаймыз ?(систола )
-Құрсақ бұлшық еті (m. abdominalis)
 -Аяқ басы сүйектері латынша (Ossa pedis)
5-қатысушы
 -Қанды зерттейтін ғылым (гемотология)
-Жұлынның салмағы  (80 гр)
-Өңеш қайда орналасқан (6 мойын омыртқасынан басталып-11 арқа омыртқасы денгейінде орналасқан)
-Ми сауыты латынша (neura cranium)
6-қатысушы.
-Омыртқа жотасы латынша (Columna Vertebralis)
— Musculus pectoralis maior (кеуденің үлкен бұлшық еті)
-Жүректің миокард қабаты (Бұлшық етті қабаты)
-Жартылай қозғалмалы буын (симфиз)
1-жүргізуші. Рахмет! Жарайсыңдар! Ой шақыру кезеңінде балы аз қатысушы келесі кезеңге жіберілмейді.
2-жургізуші. Құрметті әділ қазылар алқасы балы ең төмен қатысушының аты-жөнін айтсаңыздар. ……Рахмет
1-жүргізуші. Ал ендігі 3-ші кезеңімізге келейік.
«Құпия қорап » деп аталады. Яғни, сайыс қатысушылары алдарындағы жәшіктегі  адам мүшесін ұстау арқылы , дәл тауып латынша атауымен бірге шағын сипаттама беру .
(5-балдық жүйемен бағаланады.)
2-жургізуші. Жарайсыңдар ! Құрметті әділ қазылар алқасы балы ең төмен қатысушының аты-жөнін айтсаңыздар. …..Рахмет
1-жүргізуші. Келесі 4-ші кезеңімізді  бастайық . Бұл кезең  « Кім жылдам?» деп аталады . Мұнда қатысушыларымыз 3 минут ішінде анатомиялық териндермен оның анықтамаларын жазып үлгеру керек . Анықтамасын әділ қазылар алқасы бағалайды. Әр дұрыс термин 5 балмен, толық емес 3 балмен, дұрыс емес жауап 0 балмен  бағаланады.
2-жургізуші. Уақыт аяқталды. Қане ,әділ қазыларға тапсырмаларыңызды тапсыруларыңызды өтінемін.
1-жүргізуші. Әділ қазылар тапсырмаларды бағалағанша сіздердің алдарыңызға «Анатом» үйірмесінің мүшесі Бейсенбекова Динараны әсем әнімен ортаға шақырамыз. (ән орындалады). Рахмет , қошемет көрсетейік.
2-жургізуші. Құрметті әділ қазылар алқасы сөз сіздерге беріледі . Бұл кезеңнен сайысымыздың тәртібі бойынша балы төмен 2 қатысушы шығады. 5ші кезеңге 2 қатысушы ғана өтеді. (әділ қазылар шешімі).
1-жүргізуші. Рахмет , олай болса  қалған екі қатысушымен келесі 5 кезең «Ең мықтылар » кезеңін бастаймыз.
2-жургізуші. Қатысушыларға ситуациялық жағдаяттар беріледі. Билет түрінде , қатысушылар екә билеттен алады. Қане мында жақын келіп, билет алуларыңызды өтінемін.
№1. Ішімдікті пайдаланған адам биіктен құлап кеткен жағдайда, ол адамның сүйегі сынбай аман қалуы мүмкін. Оны қалай түсіндіресіз?Жауабы:Ішімдікті пайдаланған адамның бұлшық еттері босаңсиды, ми мен бұлшық еттің арасында байланыс болмайды, ол адам қауіпсіздікті сезінбейді.
№2. Жас балалар күніне бірнеше рет құласа да сүйектері сынбауы мүмкін, ал егде адамдар сүрініп жығылған жағдайда сүйектері сол мезетте сынып жатады. Неліктен?Жауабы:Жас балалардың сүйегінің құрамында органикалық зат оссеиннің көбірек болуына байланысты. Органикалық заттар сүйекке иілгіштік және серпімділік, бейорганикалық заттар мықтылық пен сынғыштық қасиет береді.
№3 .Шаштың ұшын қиғанда біз ауырсынуды сезбейміз, ал түбінен тартқанда ауырсынуды сеземіз? Мұны қалай түсіндіресің?Жауабы: шаштың ұшы өлі жасушадан, түбі тірі жасушадан тұрады.
№4. Жүкті әйелдің толыққанды емес баланы дүниеге әкелуіне ашу-ызаның зияны бар ма? Жауабы:  Иә, себебі ұрық дамуының алғашқы сатысында адамның жүйке жүйесі қалыптаса бастайды.
№5. Емдеу дене шынықтыру дәрігері іштің формасын қалыпты ұстау үшін іштің тік бұлшыұ етін нығайтуды ұсынады. Қандай жаттығу жасауды ұсынуға болады. Жауабы: омыртқа жотасын бүгу және жазу жаттығуларын жасауға болады.
№6. Гимнастың жаттығу кезінде жетекші одан жауырынды түсіретін бұлшық етінің осал екені байқалады жетекшінің айтуымен  қай бұлшық етті шынықтыру керек? Жауабы:Кіші бұлшық етімен бұғана асты бұлшық етін шынықтыру керек.
№7. Футбол ойыны кезінде доппен тепкен кезде сирақ буынын тез түрде аяқ ұшымен жазылады. Бұл аяқтың қозғалысын қандай бұлшықеттер жүзеге асырады? Жауабы: Санның төрт басты бұлшық еті.
№8. Жарақаттың нәтижесінде зардап шеккен адамда иықтың  артқы тобындағы бұлшық еттердің қызметі зақымданды. Шынтақ буынының қандай қызметі зақымданды?Жауабы: білекті жазу қызметінің бқзылуы.
1-жүргізуші. Сонымен әділ қазылар қатысушылардың жауаптарын бағалап, жалпы қорытынды шығарғанша, алдарыңызға «Анатом» үйірмесінің мүшесі Алпысбай  Іңкәрді асем әнімен ортаға шақырамыз.
2-жургізуші. Рахмет.
Жарыс заңы ежелден ,
Жеңімпазды анықтау .
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау-дей келе  сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
1-жүргізуші. Сонымен бүгінгі анатомия пәнінен интеллектуалды сайысымыздың «Үздік анатомын» , жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Әділ қазылар алқасына әділ баға бергендері үшін алғысымызды айтамыз. Алдағы уақыттада бұданда  биік шыңдардан көрініңіздер деген тілек айтқымыз келеді. Келесі кездескенше сау болыңыздар!