«Үздік — технолог» атты сайыс сабағы

Шатаякова Жанна Джанбаевна
Арнайы пәндер оқытушысы
«Мұнай — газ ісі пәндері» циклдік — әдістемелік бірлестігінің төрайымы
.
.
.Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік:
Ақпараттық құрылғыларды пайдалана отырып, өткен тақырыптар бойынша теориялық, тәжірибелік  және логикалық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін тереңдету, нақтылау, толықтыру және қорытындылау. 
  1. Тәрбиелік:
Оқушыларды топтар бойынша жарыстыру арқылы ұйымшылдыққа ұйымдастыру, қабілеттерін арттыруға, жауапкершілікке, жалпы қоғам үшін еңбек етуге тәрбиелеу.
  1. Дамытушылық:
Компьютерлік әдіспен пәнге деген  қызығушылығын арттырып, өз білімдеріне талдау жасап, одан әрі тереңдете түсуіне,  дамыта оқуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, қайталау-пысықтау сабағы
Сабақтың өту әдісі мен тәсілдері: Жарыс түрінде, модульдік әдісте жаңа ақпарат технологиясын пайдаланып, дамыта оқыту.
Қолданатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд-сұрақтар, бейнероликтер.
Сабақтың барысы:
Топтар жарысқа түседі. Жарыс  5 турдан тұрады. Сарапшылар тобы сайланады.
1 – тур. «Шебер қол». (Тәжірибелік тур) Әр топтан екі оқушы фонтандық ысырманы жинақтап, шашу керек; аз уақытта тапсырманы орындаған топ жоғары (5) ұпай алады.
2 – тур.  «Бәйге». Сүрақтарға тез және дұрыс  жауап беру қажет.
  1. Газ энергиясы арқылы скважинадан сұйықтықты көтеру әдісі? (газлифт)
  2. Жетектегіштің механикалық энергиясын сұйықтықтың энергиясына түрлендіретін  механизм? (Сорап)
  3. Мұнай тұтқырлығын анықтайтын аспап?  (Визкозиметр)
  4. Қандай сораптарда сұйықтықтың қозғалысы ось центрінен радиалды бағытта қозғалады? (ортадан тепкіш)
  5. Мұнайдың құрамына кіретін негізгі химиялық элемент? (СН– көмірсутектер)
  6. Штанганың диаметрін ата?  ( 16,19,22,25мм)
  7. Балансирлі теңестіруде қарсысалмақ қайда орналасқан?  (балансирде)
  8. Салынатын, салынбайтын сорап ретінде сораптардың қандай түрі қолданылады? (көлемдік)
  9. Тығыздықтың өлшем бірлігі? (кг/м3)
  10. Зерттеу аспаптарын скважина ішіне түсіру үшін сағада не орнатылады? (лубрикатор)
  11. Су немесе газ айдайтын құбырлар қалай аталады? (айдау)
  12. Сорапты-компрессорлы құбырлардың диаметрі? (60, 73, 89, 102, 114 мм)
  13. Скважина өнімін реттейтін құрылғы? (штуцер)
  14. Буферлік манометр не үшін арналған?  (сағадағы қысымды өлшеу үшін)
  15. Газлифтті клапандар қайда орналасады? (скважиналық камерада)  
3 – тур. «Ойлы болсаң – озып көр!». Келесі мәселелерді шешіп, дұрыс жауабын дәлелдеу керек.  
1)  Шартты график бойынша кен орынды игерудегі мұнай өндіру тәсілдерін таңдаңыз.  
P – орташа динамикалық қабат қысымы;  qT  — мұнай өндіру;    B – мұнайдың сулануы, %,  n – ұңғыма саны; Г – газды фактор.
1 – фонтанды тәсіл қолданылады, мұнай өнімділігі артуда, қысым жоғары, газды фактор жоғары, судың мұнайдағы құрамы өте аз; 2 – газлифтті тәсілді қолдануға болады, қабат қысымы төмендеген, өнімділігі әлі жоғары, сулануы өсіп жатыр; 3 – сораптық тәсілге көшеміз – қабат қысымы төмендеп кеткен, өнімділігі азайған, қабаттан мұнайды сумен ығыстыру үшін оның мұнайдағы құрамы көбейген.  
2) Ұңғыны фонтанды тәсілмен пайдалануда манометр көрсеткіштері келесіні көрсетті:
Таблица 1
Мерзімі Буфердегі манометр, МПа Желідегі манометр, МПа
Айдың басы 27,6 15,2
Айдың ортасы 24,3 20,1
Айдың соңы 20,1 29,7
Таблица 2
Мерзімі   Буфердегі манометр, МПа Скважина дебиті, м3/сут
Айдың басы 27,6 115
Айдың ортасы 24,3 125
Айдың соңы 20,1 138
Ұңғының жұмысы туралы не айта аласыз?  
Таблица 1 – Буфердегі манометр көрсеткіші төмендеуде, ал желідегі — өсуде, бұл құбырда құм тығынының немесе парафин жиналуын көрсетеді.  
Таблица 2 — Буфердегі манометр көрсеткіші кенет төмендеп, өнімділіктің өсіп кетуі – штуцердің қажалғанын көрсетеді.  
3) Шартты ұңғыдағы плунжердің диаметрін анықтаңыз:
Qф = 29,85 м3/сут; n=10;  Sпл=2,1 м   Дұрыс жауабы: » 35 мм
 4 – тур «Топ басшысы». Әр топ басшысына  сұрақ беріледі, орнында тұрып жауап беру қажет.

  1. Фонтанды арматураның негізгі параметрлері:
а) өту қимасының диаметрі және жұмысшы қысым
в) арын мен өнімділік
с) қуат пен жұмыс
д) пайдалы жер коэффициенті
е) қондырғының жұмысы
  1. Ортадантепкіш сораптың негізгі бөліктері:
а) подвод, отвод, жұмысшы дөңгелек, ротор
в) поршень, клапан, шток, жұмысшы камера
с) электроқозғалтқыш, кривошип, шатун, поршень
д) жұмысшы дөңгелек, ротор, клапан, поршень
е) ротор, электроқозғалтқыш, жұмысшы камера
  1. 3. Фонтанды арматура неден тұрады:
а) құбыр басы және сораптан
в) сорап пен СКҚ — дан
с) теңселмелі станок пен сораптан
д) құбыр басы мен теңселмелі — станоктан
е)  құбыр басы мен фонтанды шыршадан
  1. 4. Сұйықтықты айдау үшін не арналады:
а) компрессорлар
в) аспаптар
с) құбырлар
д) штангалар
е) сораптар
  1. 5. Көлемдік бергіштік дегеніміз:
а) сораптардың айналуының
в) бір жүріскезіндегі сұйықтық көлемі
с) қос жүріс кезіндегі сұйықтын көлемі
д) сорап жетектегішінің айналудың жоғарғы мәніндегі сұйықтық көлемі
е) сораптың уақыт бірлігіндегі сұйықтықтың көлемі
  1. 1. Үш жақты арматураны қай жағдайда қолданады:
а) жоғары қысым кезінде
в) қысым жоқ кезінде
с) өте жоғары қысым кезінде
д) орташа және төмен қысым кезінде
е) өте төмен қысым кезінде
  1. 2. Шестерналы, бұрандалы сораптар қай сораптарға жатады:
а) динамикалық сораптарға
в) осьтік сораптарға
с) ортадан тепкіш сораптарға
д) көлемдік сораптарға
е) қалақшалы сораптарға
  1. 3. Қысымды қандай аспаппен өлшейді:
а) ареометрмен
в) спидометрмен
с) расходомермен
д) динамометрмен
е) манометрмен
  1. 4. Жұмысшы камераның сұйықтықпен толу процесі қалай аталады:
а) ығыстыру
в) сору
с) құйындау
д) созылу
е) бүлкілдеу
  1. 5. Пайдалы қуаттың жалпы қуатқа қатынасы дегеніміз:
а) меншікті жұүмыс
в) пайдалы әсер коэффициенті
с) кернеу
д) кедергі
е) қысым

 
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
  1. А.Г.Молчанов, В.Л.Чичеров «Нефтепромысловые машины и механизмы», М., Недра 2001
  2. Е.И.Бухаленко, Ю.Г.Абдуллаев «Монтаж, обслуживание и ремонт нефтепромыслового оборудования», М., Недра 1992
  3. А.Б. Сулейманов и др. «Техника и технология капитального ремонта скважин», М., Недра 1987
  4. Нефтяная компания «ЮКОС», Учебное пособие, г. Новокуйбышевск, 2001г.
  5. «Кәсіптік мектеп- Профтехшкола» журналы, № 4, 2006