Жаңа білім беру парадигмасында мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім мазмұнын үздіксіз қамтамасыз ету

Елікбай Айгерім Шамшидинқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
.
.
Жаңаша оқытудағы басты нәрсе бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім алу парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие. Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе студенттің басты мақсаты көптеген пәндерден, олардағы ұшан теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін таба білу.
Жаһандану жағдайында өркениеттіліктің өлшемі, тетігі, құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты. Себебі әлемдегі ғажайып жаңалықтарды өзі білім, білікті шығармашылық құндылық ретінде бағалаумен, оны ізгі мақсаттарға сәйкес қолданып, жаңаны табумен мүмкін болады.
Еліміздегі орта білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуді, әлемдік білім беру кеңістігіне бағдар тұтуы білімге деген көзқарасты жаңаша тұрғыдан қарастыруды көздейді. Осыған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — білімді, бәсекелестік қабілеті бар, шығармашыл, дербес, ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Қазіргі кездегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығы мен шығармашыл тұлғасын қалыптастыру мәселесіне қызығушылықтың артуы осы міндеттерді шешудің бағдары ретінде қарастырылып отыр.
«Парадигма» латын тілінен аударғанда «үлгі» деген мағынаны білдіреді. Ал қазіргі педагогикада білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылып келеді. Білім беру парадигмаларының көптеген түрлері бар. Кейбір ғалымдар білім беру парадигмаларының көптүрлілігін педагогикалық өркениетке байланыстырады, адамзат қоғамы көптеген сатылардан: табиғи және репродуктивті-педагогикалық өркениеттен өтіп, креативті-педагогикалық өркениетке енуде деген пікірлер айтылуда. Бұл педагогикалық өркениет мұғалім іс-әрекетінің жаңа қырларын аша отырып, кәсіби педагогикалық сапалары мен қызметтерін түбегейлі түрде жаңартуды талап етеді. Бұл ізденістердің жарық жұлдызы ретінде педагогикалық парадигма, яғни адамзат қоғамының әлемдік әсер тәсілдерін меңгеруі мен педагогикалық ой-өріс пен қарым-қатынастың онтологиялық және жеке аспектілерін қамтитын жүйесі ретінде алға шығады.
Модульдік сабақ білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмаларына жатады. Оқушыларға мұғалім алдын-ала да       йындалған сабақтың жүру жоспарын таратып береді. Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Сондықтан оқушы өзінің не істеу керектігін, сабақ соңында нені біліп шығуы керектігі жөнінде мағлұмат алады. Оқушыларда ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателігін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Өз білімін өзі бағалай алады. Жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын жасауды жоспарлайды. Сабақ барысында әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың үнемі өзгерістерге бейім болуы мен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуды басым бағыты ретінде айқындады.
Балаларды мектепке дейінгі сапалы тəрбиемен жəне оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тəрбиелеудің жəне оқытудың əртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету көзделеді. Міндеттері: 1. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту. 2. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту. 3. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету. Нысаналы индикатор: 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен қамтамасыз ету (2015 жылы – 73,5 %, 2020 жылы – 100 %).
Қазіргі уақытта Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаларды, оның ішінде ерте жастағы балаларды дамытудың әртүрлі нысандарын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізуде:
  • мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтерінің желісін кеңейту;
  • консультативтік пункттер желісін кеңейту, ата-аналарға арналған телехабарлар тарату бағдарламаларын, оқыту сайттарын жасау, отбасылардың интернет-ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ата-аналарды білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету;
  • мектепке дейінгі білім беру жүйесінің, оның ішінде балаларды ерте жастан дамыту бойынша мазмұнын бағдарламалық-әдістемелік жаңарту;
  • балаларды ерте жастан дамыту бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Қазіргі таңда Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшу кезінде мектепке дейінгі білім берудің негізгі рөлі мектеп жасына дейінгі баланың балабақшадан бастауыш мектепке қиналмай ауысуына жағдай жасау, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуының сабақтастығы мен үздіксіздігі болып табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында 2018-2019 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру жүйесі келесі міндеттерді шешуді қарастырады:
  • балалардың физикалық және психоәлеуметтік саулығын нығайту;
  • балаларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу;
  • патриоттық, толеранттық, рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру («Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламасы);
  • балалардың ерте дамуы үшін әлеуметтік дағдылар мен өздігінен үйрену дағдыларын дамыту;
  • балалардың дарындылығы мен жеке қабілеттерін дамыту;
  • мақсатты түрде балаларды мектепке дайындау.
Аталған міндеттер білім беру қызметін одан әрі ұйымдастыру барысында:
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын;
  • балаларды мектепке сапалы даярлауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды;
  • мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу;
  • балалардың ерте дамуы үшін әлеуметтік дағдылар мен өздігінен үйрену дағдыларын дамыту.
ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды болып табылады.
Бастауыш сыныпта оқыту оқушыларды төменде аталған мүмкіндіктер есебінен дамытуды  көздейді:
  • ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну;
  • кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын белсенді дамыту;
  • өзіндік рефлексия және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
  • кез келген өмірлік жағдайда немесе жұмыста кездесетін негізгі жаһандық проблемаларды түсіну және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Сабақтарды жоспарлаудың басты аспектісі ретінде оқушыларға пәнаралық байланыс орнатуға көмек көрсетумен қатар, оқушылардың білім-білік дағдыларының артуына қарай жүзеге асырылатын лайықты педагогикалық тәсілдерді таңдау болып табылады. Мысалы, мұғалім оқушылардан пән бойынша білімі мен дағдыларын қолдануын талап ететін проблема шешу тапсырмасын бере алады. Тіпті оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты – білімді сапалы ету, оқушының толыққан жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Жалпы білімнің үш міндеті бар, олар – баланың өзіндік жалпы дамуы, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, оны болашаққа белгілі бір кәсіпке даярлау. Дауылпаз ақын М. Дулатов айтқандай «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда… Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман», егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз
мемлекеттің саналы, білімді ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу – біздің мұратымыз.