Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы аламыз

Сары Салтанат Әбілхайырқызы
.
.
Қатысатындар:  Мақта қыз – Аяна, маысық – Жігер, Сиыр – Ерхан, Ағаш – Секеш  Азамат, Қыздар – Айша, Жұлдызай,
Дүкенші – Хақназар, Бақдәулет, Тауық – Нұрсұлтан,
Тышқан – Исмаил.
Жүргізуші: 
Жаңа  жылдың  тауы  неткен  арайлы,
Ақ  мамыққа  орап  алды  маңайды.
Армысыңдар  халайық,
Бармысыңдар  халайық!
Жаңа  жылды  жұп  жазбай,
Бірге  қарсы  алайық!
Дарын:
Оралды  өлкеме,
Жаңа  жыл  армысың!
Оранды  ақ  көрпе,
Асқар  тау  қарлы  шың.
Сандуғаш:
Жаңа  жылды  балалар,
Тек  қуаныш  көріңдер.
Ауырмаңдар  ешқашан,
Жақсы  болу  өзіңнен.
Нурали:
Қалып  едік  сағынып,
Күріп  алдық  жабылып.
Жолын  қойдық   жарық  қып,
Шыршаларға  шам  іліп.
Бақдәулет:
Басталарды  жаңа  әлем
Құйылады  жаңа  нұр.
Жүрекке  арман  бөлеген,
Қош  келіпсіз  жаңа  жыл!
Ән  орындалады:  «Келді   міне, Жаңа  жыл!»
Жүргізуіші:  Жарайсыңдар,  балалар!Ал  енді  ортаға  мерекенің  басты   қонақтары  Аяз  ата  мен  Ақшақарды  ортаға  шақырайық.
Қуаныңдар  ағайын,  тамсаныңдар,
Қуанышпен  маңайға  жар  салыңдар.
Аяз  ата  Ақшақармен  келе  жатыр,
Қол  соғып  қошеметпен  қарсы  алыңдар!
(Аяз  ата  мен  Ақшақар  кіреді)
Аяз  ата:
Уа,  жұртым  жиналған,
Көңілдерің  дүр  маржан.
Айналайын  ұлдарым,
Айналайын  қыздарым.
Жаңа  жылдаырңың  құтты  болсын!
Ақшақар:  Сәлеметсіздерме, балалар! Жаңа  жылдарың  құтты  болсын!
Жүргізуші:
Келді  жылым  бақытым,
Кемелденді  уақыт.
Сәлем  саған,  Жаңа  жыл!
Әкелсін  жыр,  ырыс  құт.
Әлемде  той  тыныштық,
Жарқын  өмір  жаңаша,
Жаңа  жылым  тамаша!
Балалар  қараңдаршы,  біздің  шыршамыздың  шамдары  жанбаған  екен,  шамдарын  жағамыз ба?
Балалар:  Ия!Ия!Ия!
Ақшақар:  Жоқ,жоқ! Мен  алдмымен  балаларға  алдымен  жұмбақ  жасырайын, сол  жұмбақтың  жауабын  балапанадар  тапса, шырша  шамдары  жарқырайды,  ал таба  алмаса  Шырша  шамдары  жанбайды. Ал  мен  бастаймын.
1.Қыста   ғана  болады,
Ұстасаң  қолың  тоңады.    (қар)
2.Көзі  жоқ  сурет  салады,
Қолы  жоқ  шымшып  алады.     (аяз)
3.Жасыл  ине  киемін,
Жайлаймын  тау  биігін.
Жаңа  жылды  тойласаң,
Төріндемін  үйіңнің             (шырша)
Ақшақар:  Жауабын  дұрыс  таптыңдыр!
Жүргізуші:  Жарайсыңдар,  балақайлар! Ал  енді  шырша  шамдарын  жағайық. 1,2,3, шырша  шамы  жарқыра! Ой  жанбады, балалар  сендер  дұрыс  айтпадыңдар,  дауыстарыңды  шығарыңдар. 1,2,3 шырша  шамы  жарқыра! (шырша  шамы  жанады,  балалар  қуанады) Кезекті  Аяз  атаға  арналған  тақпақтарға  берейік.
Адия:
Жаңа  жылым  әсемсің,
Гүл  өндіріп  түзге де.
Әр  сәт  бақыт  әкелсін,
Доста-достар  бізге  де.
Жанайым:
Жаңа  жылым  мол ь болсын,
Басқан  қадам  оң  болсын!
Төрлет,  төрлет ,  Жаңа  жыл!
Бізге  құтты  жыл  болсын!
Томирис:
Жылдың  әнін  бастайын,
Аяз  ата  кеп  қалды.
Майысады  жас  қайың,
Көтере  алмай       көп  қарды.
Алишер:
Бақша  іші  мереке,
Ойын –күлкі  асқақ  ән
Жақсы  достар  жаңа  кеп,
Мерекені  бастаған.
Жүргізуші:  Жарайсыңдар,  балалар! Енді  кезекті  биге  берейік. Біздің  қыздардың  биін  тамашалаңыздар!
Би:  «Ақшақар»
Жүргізуші:  Қыздар  жарайсыңдар!  Ал  енджі  балақайлар, ертегі  әлеміне  саяхат  жасайық.
Ертегі  «Мақта  қыз  бен  мысық»
Жүргізуші:  Тамаша!  Балалар  өте  жақсы  ойнадыңдар, Рахмет! Ой  балалар,  тыншыталыңдаршы,  бізге  қонақ  келе  жатқан  сияқты. (Маша  мен  Аю  әуені  естіледі)  Ал  мынай  қандай  ән?
Балалар:  Маша  мен  Аю
Жүргізуші:  Дұрыс  айтасыңдар,  балалар!  Маша  мен  Аю  ертегісі.
(Осы  кезде  музыка  әуенімен Маша  мен  Аю  кіріп келеді.)
 
Ойын:  «Қар  жинау»
Жүргізуші:  Балалар  біз  ертегі  әлеміне  қонаққа  барды,  оларджы  қонаққа  да  шақырджық.  Енді  осы  ертегі  кейіпкерлеріне  арнап  біздің  Аяла  қызымыз  ән  айтып  беремін  дейді,  тыңдаймыз  ба  балалар?
Балалар:  Ия,  тыңдаймыз!
Ән орындалады:   «Ертегілер»  орындайтын  Аяла
Жүргізуші:  Жарайсың  аяла,  рахмет  саған!   Балалар  Аяз  атаға  өлең-шумақтардан  тарту  етейік.
Ясмина: 
Ақ  қырауға  малынған,
Сақалы  да,  мұрны  да.
Аяз  ата  сағынған,
Сәлем  берді  жұртына.
Назым:
Безендіріп  шыршаны,
Жыл  қуантты  шыршаны.
Той  маскарад  басталды,
Аяз  оны  басқарды.
Е.Айша:
Тілеймін  мен  бар  әлемге,
Дос  коп  болсын  Жаңа  жыл
Ата- әже,  Әке-ана
Құтты  болсын  жаңа  жыл!
Сабит  А:
Аппақ  тонға  оранып,
Базарлықты  мол  алып.
Келді  алыс  сапардан,
Аяз  ата  оралып.
Үмітжан:
Жаңа  жылды  қарсы   алдың
Мініп  алып  күймеге.
Мен де  бүигін  ән с алдым,
Араластым  биге  де.
Рақымжан:
Жаңа  жыл, Жаңа  жыл!
Жаңа  жылға  жаңа  жыр.
Жасыл  шырша  жанында,
Билеп  барлық  бала  жүр.
Абдуллах:
Жасыл  желек  жамылған,
Жасыл  моншақ  тағынған.
Міне  сұлу  шыршамыз,
Көптен  күтіп  сағынған.
Кәусар:
Басталады  жаңа  әлем,
Құйылады  жаңа  нұр.
Жүрекке  арман  бөлеген,
Қош  келіпсіз  Жаңа  жыл!
Жүргізуші: Ой  жарайсыңдар,  балалар!  Ендігі  кезекті  әнге  берейік.
Ән  орындалады:  «Жаңа  жыл!»
Жүргізуші:  Жарайсыңдар,  балалар!
 
Би  орындалады:  «Жаңа жыл» флэш-мобы
 
Жүргізуші:
Жаңа  жыл – Жаңа  ниет, Жаңа  күнсің,
Ғаламға  ғашық  болған, жанарамсың.
Қалсыншы  ескі   жылда  бар  қиындық,
Шаттақтың  шарайнасы  бала  білгің! –   дей  отырып, Жаңа  жыл  мерекесіне  арналған  ертеңгілігімізді  аяқтаймыз. Барлықтарыңызды  жаңа  жылмен  құттықтайм ын! Отбасыларыңызға