Жағалардың базалық конструкциясы

Сабақтың мақсаты: Топқа бөлу арқылы студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, жағалардың түрлерін және оларды конструкциялауды үйрету.
Білімділік: 
  • Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін жетілдіру
  • Киім үлгілері мен онда кездесетін жағалардың түрлерімен конструкциялық эскиздерін үйрену
  • Әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы сабаққа ынтасын арттыру
Тәрбиелік
  • Киімді эстетикалық талапқа сай таңдай білуге және жағаларды киім үлгісіне сай таңдай алуға, киім үйлесімділігін ажыратып, гигиеналық ережелерін сақтай білуге үйрету.
Дамытушылық
  • Сұрақ-жауап,түсіндіру,жекелей жұмыс жүргізу әдісі бойынша сөздік қорын кеңейте отырып сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
  • Теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, студенттердің шығармашылығын дамыту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі,ақпараттық-комуникативтік.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сұрақ карталары, манекен,жағасы бар киім үлгілері.
Пәнаралық байланыс: тігін өндірісінің технологиясы.сызу, математика
Әдебиеттер:
  1. «Тігін өндірісінің технологиясы» Л.Қуатбекова.Ү.Келесов
  2. «Киімді конструкциялау» Е.Никитина. А.Талғатбекова
  3. «Конструирование одежды»  Ж.Айдынбекова.С.Нурпейсова.А.Асанова
  4. « Яндекс» желісі
Сабақтың жоспары
  1. Ұйымдастыру кезеңі (4мин)
  2. Үй тапсырмасын тексеру «Кім жылдам» (5 мин)
  3. Жаңа сабақты меңгеру (10 мин)
  4. Сызбамен жұмыс жүргізу (15 мин)
  5. Бекіту кезеңі «Ғажайып үштік» ойыны (5мин)
  6. Рефлексия (3мин)
  7. Қорытындылау.Үйге тапсырма. (3мин)
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі (4мин)
  • Студенттермен сәлемдесу.
  • Студенттердің құрал-жабдықтарын тексеру
  • Студенттердің зейіндерін сабаққа аудару.Сабақ барысында орындалатын тапсырмаларға байланысты екі топқа бөлу.
2.Үй тапсырмасын тексеру «Кім жылдам» (Үй тапсырмасын тексеру студенттердің білімін жетілдіру мақсатында қойылатын сұрақтар экранда көрсетіледі.Әр кубиктің ашылуы арқылы  сұраққа жауап беріп тапсырманы орындайды) (5мин) Әр дұрыс сұраққа бір ұпай.
Ойынның шарты:
1.Барлығы 10 сұрақ
2.Ойын барысында пайдалануға болатын үш жеңілдік бар
                       а)залдағы көрермендердің көмегі
                       в)екі дұрыс емес жауап алынады
                       с)оқулықтарды 30 секунд пайдалану
3.Мүмкіндіктерді кез-келген  ретте пайдалануға болады
4.Студент жауап бере алмаған уақытта басқа студенттің жауап беріп өзіне ұпай санын қосып алуға мүмкіндігі бар.
1.Киім дегеніміз не?
 а) жамылғы түрі.  Ж:В)сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан қорғайды
С)ақпараттық қызмет атқарады
Д) эстетикалық қызмет атқарады
2.Киім тобын  атап көрсетіңіз.
Ж:А) тұрмыстық,өндірістік,спорттық
В) тұрмыстық
С)өндірістік
Д)эстетикалық, экономикалық, арнайы
  1. киімдердің түрпішініне қарай жіктелуі
Ж:А) қатаң, кіші көлемді, жайлы, көркем қиялға негізделген
В)жайлы тік, қынамалы
С) тұтас пішілген, аралас жеңді
Д) жауаптар дұрыс емес
4.Тепе-теңдік түр сипаттарына қарай жіктелуі
А) кеуделі, трапециялы
Ж:В)долихоморфтық,брахиморфтық,мезоморфтық
С)еңкіш,бұлшық етті
Д) долихоморфтық,кеуделі
5.Қалыпты дене бітімі дегеніміз
А)Бастың, иықтың, арқаның еңкіш бітімі
Ж:В)жұлын омыртқаның жауырын мен белдің тұсында дұрыс бүгілісі
С)Жұлын омыртқаның бел тұсында қатты майысуы
Д)Кеуденің дұрыс бітпеуі
6.Киімді конструкциялау тәсілдері
Ж:А) өлшемдерді түсіру,лекало дайындау
В)қосымша өлшемдерді табу
С)муляждық,есептеу
Д) сипаттау, муляждық
7.Киім дайындау барысында нақты деректердің алғашқы және негізгісі
Ж:А)адам денесінің өлшемі
В)бой ұзындығы
С)Кеуденің жартылай айналымы
Д)конструкциялау тәсілдері
8.Бұйымның дұрыс орындалғанын тексеру үшін қолданылатын құралды атаңыз
Ж:А)манекен
В)тігін машинасы
С)жастықша
Д)электр үтігі
9.Үйге киюге арналған көйлек
Ж:А)халат
В)шалбар
С)белдемше
Д)куртка
10.Адам денесінің өлшемдерін түсіру үшін қолданылатын құрал?
А)жіп
Ж:В)см лента
С)шілтер
Д)сызғыш
Жаңа сабақты меңгеру (10 мин)
Қандай да болмасын киімнің әдемі болып көрінуі көбіне жағаның формасын дұрыс таңдай білуіне байланысты. Жаға негізінен екі бөліктен тұрады. Көрініп тұратын жаға — қыры, көрінбей тұратын жаға — тіктемесі. (Бұл сызба жұмысын орындағанда) араларынан бүгу сызығы өтеді. Жаға киімнің құрамдас бөлігінің бірі. Киімнің сәніне қарай үлгі жасайды. Жаға матаға байланысты жалаң не қос қабатты етіп тігіледі. Астыңғы және үстіңгі беті. Жағаның үстіңгі беті астыңғы бетінен 2 мм дей артық болады. Пішініне байланысты жағалар әр түрлі болады. Жаға, негізінен, екі бөлектен тұрады: көрінетін жаға — қырынан және көрінбейтін жаға — тіктемесінен, араларынан бүгу сызығы өтеді.
Жағаны мойындыққа қосудың өзіндік ережесі бар. Оны мойындыққа қондырып тігілген және негізгі бөлшекпен, көбінесе алдыңғы боймен бірге пішілген (тұтас пішімді) деп екі топқа бөледі. Пішіміне қарай олар: тік жаға
( биіктігі 3 — 4,см), тік — қайырма жаға (биіктігі 2, 5 — 3, 5 см) жартылай тік жаға (биіктігі 2см-дей), жазық жаға (биіктігі 0, 5 см) деп бөлінеді.
Сызба сызғанда қондырып тігу сызығы қаншалықты түзу болса, жаға тіктемесі соншалықты биік болады. Мойындық ойындысына қарай жағаларды: ашық мойындықты және жабық мойындықты деп бөледі.
Слайдттағы жаға түрлерімен таныстыру.Осы жағаларардың ішінде тік жаға мен жартылай тік жағаның сызбасын сызамыз. Жағаның ұзындығы алдыңғы бой мен артқы бой мойын ойындысын өлшеу арқылы алынады. Жаға ені 3-4 см болад.
Сызбамен жұмыс жүргізу (15мин)
1.Жаға түрлерінің сызбаларымен танысу
2.Өлшем бойынша  тік жағаның сызбасын миллиметрлік қағазға түсіру
3.Кальканың көмегімен лекало дайындау
5.Дайын болған сызбаны тексерту
«Ғажайып үштік» ойыны. (5 мин)
Киімді құрастыру пәні бойынша.
30 ұпай 1. Жағаның ұзындығын қалай табамыз?  Ж: Алдыңғы және артқы бойдың мойын орамы арқылы
20 ұпай 2. Ашық мойындықты жағаларды ата.  Ж: шәлі жаға, лацканды пиджак типті жаға.
10 ұпай3. Жабық мойындықты жағалар.

Ж:тік жаға, қайырма жаға.жартылай тік жағы

Сызу пәні бойынша.
30 ұпай 1. Жаға бөліктерінің өлшемін  ата. Ж: жаға ұзындығы мен ені
20 ұпай 2. Жаға қандай бұрыштық сызбада сызылады?  Ж:жаға көбіне  тік бұрышты сызбада сызылады
10 ұпай 3. Жаға сызықтарын ата.Ж: бүгілу сызығы,қондырып тігу  сызығы,жиек сызығы

Математика пәні бойынша.
30 ұпай 1. Жағаның бүгу сызығының ортасын қалай табады? Ж:Жағаның ұзындығын 2-ге бөледі.
20 ұпай 2. Тік жаға сызбасының қондырып тігу сызығы неше см есебімен алынады? Ж:қондырып сызу сызығы 3см көлемінде алынады

10 ұпай
3. Жартылай тік жаға сызбасының көтеру мөлшерінің биіктігі неше см есебімен алынады?Ж:Жартылай тік жағаның көтерілу мөлшері 2-4 см аралығында алынады.
6.Рефлексия (3мин)(тақырып бойынша түсінген сұрақтарды қызыл жұлдыз, түсінбеген көк, ізденемін жасыл жұлдызды көтеру арқылы білдіреді)
1топ
1. Сызба қандай бөлшектерден тұрады?

2. Базистік тор қандай өлшемдерге байланысты жасалады?
3. Алдыңғы бойдың бел сызығына дейінгі биіктігі.
4. Бұйымның ұзындығы.
5. Жаға  конструкциясын орындау үшін қандай өлшемдер алу керек?
Тақырып бойынша кездескен сөздерді үш  тілге аударып білімдерін толықтыру
Алдыңғы бой- полочка — front side
Артқы бой- спинка-back side
бөлшектер- деталь-part
Түйме-пуговица-button
Белдік- пояс —  belt
Тілік-шлица-sloot
Жаға-воротник-collor
2топ
1. Тұлға өлшемдерін ата.

2. Киімді конструкциялау процесі.
3. Өлшемді адам денесінің қай жағында тұрып өлшейді?
4. Көлденең өлшем мен ұзындық өлшемдер қалай жазылады?
5. Өлшем алу кезінде сақталатын ережелерді атап бер.
Қалта- карман- pocкet
Иініш-какетка-coguette
Жеңдер-рукава-sleeves
Киім-одежда-clothes
Бекітпе -закрепка- fasten
Тігіс-шов-seam
Мүсін-фигура-figure
 
7.Қорытындылау.Үйге тапсырма. (3мин). Ұпай санын санау.Сабақ барысында белсенділік танытқан студенттерді бағалау.Жағалар туралы слайд дайындау.