ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ҚОҒАМНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Кажияхметова Айнур Бауыржановна

Тарих пәні оқытушысы

.

.

Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үдерістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілетті әлеуметті-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.

Жаһандану дәуірде ұлттық бәсекеге қабілетті, ақпараттық технологиялар, педагогикалық-психологиялық өзгеріс кезеңдеріне ілесе алатын, ой-өрісі жоғары,интелектуалдық дені сау, халықаралық деңгейде білімі бар азаматты өсіру – мемлекеттің ең маңызды стратегиясы болып табылады.

Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған Қазақстан оның бүкіл халқы экономикасы мен әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, ғылымы, білімі қоғамның жаңа даму белесінде.  Демократиялық бағыт кең өріс алып, адамға жан-жақты саяси, діни таңдау жасау еркіңдігі, құқығын қорғау, еркін ойлау, еркін сөйлеу құқығы берілді.
Жаңа үшінші мыңжылдықта алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар, Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік ақпараттық, білім және ғылым кеңістігіне халықаралық талаптар мен стандартқа және ұлттық ерекшілікке сай үйлесімді жетілдірудің жолдарын қарастыруда. Атап айтқанда, Қазақстанның болашақ дамуына арналған «Қазақстан-2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел экономикасының бүгінгі сұранысына жауап бере

алатын тәрбие, білім алуы қажет екендігіне баса назар аударылған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сьезінде өткен он жыл Қазақстан үшін ерекше жыл болғанын, еліміз шын мәнінде егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде құрылғандығын атай отырып, экономиканы реформалаудың негізінен аяқталғанына және Еуропа одағына Қазақстан нарықтық экономика елі болып танылғандығына талдау жасады, Ғылым мен білім саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің мынадай өзекті 3 бағытын атап көрсетті[1]
— бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болғандықтан, олармен жүйеліжұмысжүргізугебасаназараудару;

— Қазақстанда жүріп жатқан ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрла даярлау жүйесін құру қажеттігін ашып, ең алдымен, бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу тәрізді ең жоғары адамгершілік қасиет-сапаларымен ықпал жасай отырып, тәрбиелеу;

— жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Сол себепті бүгінгі таңда реформалардың тиянақты, жедел жүзеге асырылуы үшін мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі жөнінде ғылыми-теориялық білімі болуы керектігіне және өзін-өзі дамытудың субьектісіне айналу қажеттігіне назар аудару. Cондықтан өз зерттеуімді қазіргі кезеңге байланысты жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың кейбір мәселелерін қазіргі педагогика ғылымының жаңа бағытына сай қарастыруды көздедім.Тарихи дамуға көз жіберсек, адам тәрбиесінде, жеке тұлғаны қалыптастыруда халықтық педагогика мұрасы шешуші орын алғаны белгілі. Қазақ халқы жан-жақты дамыған адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән беріп, ұрпақ тәрбиесінде халық ауыз әдебиетінің шығармашылығына сүйеніп, соны тірек еткен. Мәселен, халқымыздың мақал-мәтелдері жай ғана айтылған ұйқас сөздер емес, олардың бәрінің тәрбиелік, адамгершілік мәні болған. Бұған «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Заманына қарай амалы», «Адамды заманы билейді», «Әдептілік ар-ұят-адамдықтың белгісі», «Сақалды адам сағынды сындырмас» тәрізді кісілік қасиеттерді, парасаттылықты арқау еткен мақал-мәтелдер дәлел бола алады.
Құндылық проблемасының ең басты өзегі — Адам. Адам үшін ең басты құндылық – өмір мәнін сезіне білу, өмірдің мәнін өз бойынан іздеп, өмірді рухани толықтыру. Адам өмірінің мән-маңызды іс-әрекет, мақсат, мұрат, күш-қайрат және өмір сүру жолдарымен бағаланады. Адам мақсаты адамгершілік қасиеттер арқылы орындалып, рухани қасиеттер арқылы жүзеге асады.Демек, еліміздегі қоғамымызды ізгілендіру жағдайындағы ең басты мәселе-адамды құндылық ретінде бағалау. Құндылық – адамдық қасиеттің өлшемі, оның жақсылыққа талпынысы, өзге адамға жанашырлығы, айналадағы адамдарға қайтарымы, өмірді жақсартуға ұмтылысы, өмір сүру ізденісі, тіршіліктегі әр пенденің орны мен рухани-адамгершілік қасиет.

Кейінгі жылдары әлеуметтік — экономикалық себептерге байланысты әлеуметтік жетім балалар мен жетімдер үйінің саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық — педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес, әлеуметтік педагогика, жалпы педагогика, психология және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы әлеуметтік педагогтар мен психологтар, дәрігерлердің ең басты зерттеу нысанына айналуда.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда.Қазақстан Республикасының президенті Н.А. Назарбаев «Қазақстан жолы — 2050» Мәңгілік Ел халыққа жолдауында: «Жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие» деп көрсеткен болатын [1.1]. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие

тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы болып отыр.

Олардың рухани және адамгершілік құндылықтары, тәртіп мәдениеті туралы түсініктері теріс, себебі олар толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Аталып отырған мәселе қоғамда кеңінен орын алуда, сондықтан да одан сырт айналу қажет емес. Бұл мәселе жөнінде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды жүздеген мектеп-интернаттардың, балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелердің және т.б. ұйымдардың жұмысынан байқай аламыз. Жетім балалар мәселесіне байланысты қабылдаған бірқатар нормативтік құжаттарда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша, түпкілікті отбасында тәрбиеленулері, рухани-адамгершілік, еңбек тұрғысынан жан-жақты дамуы, білім алуы және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуі қадағаланады[2].

Жетім балаларды зерттеуші ғалым І.Халитованың еңбегі бойынша, әлеуметтік педагогикада және тиісінше ғылыми зерттеу жұмыстарында «табиғи жетім» және «әлеуметтік жетім» деген екі ұғым қолданысқа енген. Табиғи жетім әр түрлі себептермен әкесі не шешесі қайтыс болуы салдарынан олардың бәрінің қамқорлығынан ада болған балалар жатады. Бұдан басқа, тағы да сол табиғи себептермен әкесі мен шешесінен бірдей айырылған балаларды «тұлдыр жетім» деп атайды. [3]. Әкесі не шешесі қарамай тастап кеткен, не болмаса заң жолымен ата- ана құқығынан ажыратылғаны себепті мемлекет қарауына алынған балаларды «әлеуметтік жетім» дейді .

ХХ ғасырдың басында кеңес үкіметі құрылған кезде жалпы халықтың экономикалық, әлеуметтік ахуалы өте төменгі жағдайда болған. Соған қарамастан, осындай кезеңнің өзінде уақытша үкімет басшылары, халық комиссариаты мемлекетің ертеңі мен болашақ жасөспірімдердің тәрбиесіне көңіл бөлудің қажеттілігін түсініп, қандай қиын мәселе болса да, оны шешудің жолдарын іздестіреді. Нақтырақ айтсақ, 1921 жылы Ресейде 4,5 миллион үйсіз-күйсіз тәрбиелеуден тыс қалған балалар болған. Осындай жағдай анықталғаннан кейін Ресейде және оның қарамағындағы тәуелді елдердің жетім балалары үшін арнайы тәрбие орнын салу ұйғарылады. Ал, бұл шара өз кезегінде әлеуметтік педагогика бағытында жасалған алғашқы қадам болды . [4]

Тәуелсіз Қазақстанда 1992 жылы құрылған “Бөбек” қайырымдылық қорының 10 жылдық мерейтойына арнап “Сәлем Бөбек” атты арнайы кітап шықты. Онда республикалық балалар қорының жұмысындағы он жыл ішінде жеткен жетістіктер мен қиыншылықтар сөз болады. Облыс, қалалардағы балалар қорының тыныс тіршілігін көрсететін осындай жинақтар шығып тұрса, жергілікті қауым біріншіден, қайырымдылық шараларының нәтижесімен уақытысында танысып, екіншіден, балалар мекемелерінің күнделікті мәселелеріне құлақ асып, жәрдем берем деушілерге жол ашылар еді. Бұл шара тағдыр теперішін көрген балалар мен салауатты қоғамды жақындастыруға едәуір үлес қосар еді.

Жоғарыда қарастырылған ғылыми еңбектер мен мақалалар балалар жетімдігінің тарихы, қазіргі жағдайы жөнінде біраз мәліметтер бергеніне қарамастан, біздің тақырыбымызды толық аша алмайды. Сондықтан балалар жетімдігінің тарихы, бүгінгі замандағы жетім балалар мәселесі ғылыми тұрғыдан кешенді зерттелетін уақыты жетті.

Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ:

  • әлеуметтік;
  • медициналық;
  • психологиялық;
  • ұйымдастырушылық — тәрбиелеушілік.

Мұндағы тәрбиеленушілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық

тұрғысынан дертке шалдыққан немесе нерв жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді немесе тежейді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі мен маңыздылығы туындайды. Біздің ойымызша, олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар және педагогтар.

Әлеуметтік педагог мамандарының айтуынша, ата-ана алақанының жылуына шөміркеп өскен баланың есейген соң  қоғамға белсене араласып кетуі  екіталай. Балалар үйінің тәрбиесін  алғандардардың жанұядағы өскен  балаларға қарағанда тіршілік ету  әрекеті әлдеқайда төмен болады.

Қоршаған ортаның жетімдерге тигізетін кері әсері, ол ата-ана не жақын туысқандарының  жылулық сезімінің жеткіліксіздігі, отбасы мейірімінің кемшілігі. Балаларға әсер етіп отырған бұл жағдайлар олардың ақыл-ой дамуына кері әсерін тигізеді. Көбінесе мұндай балаларда ақыл-ой дамуыда кемшіліктер, жыныстық идентификацияның бұзылуы, нашақорлық пен қылмысқа бейімділік байқалады. [5]

Әлеуметтік жетімдер мәселесі әлемдегі кез келген мемлекетте кездеседі, мысалы, АҚШ – та ауруханалар мен перзентханалар және арнайы мекемелер тастанды балаларға толы. Оларды «тастанды балалар», «керексіз» не болмаса «күтпеген балалар», «жетімектер» деп те атайды[6].

Осындай балалар туралы БҰҰ – ның халықаралық эксперименттері белгілегендей Батыс және Шығыс Еуропада, сондай – ақ дамыған елдерде қараусыз қалған балалар саны көбеюде. Жетімдікпен күресудің көптеген жолдары бар, атап  айтсақ, олардың проблемаларын шешуде мемлекеттік мекемелер  — материалдық қамсыздандырумен шұғылданса, әлеуметтік медицина жетім және қараусыз қалған балалардың әр түрлі, биологиялық қана емес, әлеуметтік себептерден жұғатын ауру — түрлі биологиялық қана емес, әлеуметтік себептерден жұғатын аурулар, мысалы жыныстық тәртіпсіздіктен, темекі мен масайту ішімдігін ішуден, нашақорлықтан болатын жұқпалы және созылмалы ауруларды емдейтін әлеуметтік медицинаны емдейтін әлеуметтік медицинаның қызметі, әлеуметтік педагогтар, психологтар мен психиатрлар, әлеуметтанушы мен т.б. басқа жұмыс істейді.

Қорытындылай келе, елімізде жетім балалардың саны жылдан-жылға өсуі өзекті мәселе болып тұр. Сонымен бірге, әсіресе соңғы кезде жиі кездесетін нәрсе ата-ананың бала өмірге келген соң, тіпті одан кейін де нәрестеден бас тартуда. Мұның барлығы да тұрмыс пен адам баласының санасына байланысты екені белгілі. Дегенмен,  «тәрбие басы – тал бесік»деген халқымыздың ұлағатты сөзіне бұл іс, әрине қарама-қайшы әрекет болып табылады.

Кейбір адамдар сана-сезімі, ақыл-есі дұрыс бола тұрса да, бауыр еті баласынан бас тартады. Мұндай әрекеттер дәл осы тұста бой көрсетіп те қалады. Осындай жағдайдағы балаларды балалар үйіне өткізуден басқа лаж жоқ. Ал, мұндай іске бару – қиянаттың қиянаты.

Қоғам дамуына қазіргі кезеңінде ата-ана қамқорлығынан айырылған жетім балаларға арналған мекемелердің іс-әрекет мазмұны өзекті әлеуметтік – педагогикалық және психологиялық мәселе болып табылады.

Әдебиеттер:

  • ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы, 17 қаңтар 2014 жыл//BNews.kz «www.bnews.kz»
  • Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. –Алматы.: Рауан, 2012. -308б.
  • Қабекенов Ғ.У., Есебаева Б.Ә. Әлеуметтік педагогика тарихы.- Алматы: Мектеп, 2011.-289 б.
  • ГалагузовойМ.Г.История педагогики.- М.: Просвещение, 2001. -269 с.
  • Беркімбаева Ш.К., Мардахаев Л.В. Әлеуметтік педагогика. Алматы: Мектеп, 2012 -228б.

Әбиев Ж.  Педагогика.  – Алматы: Рауан, 2006. -326 б.