Жақсылық -жан шуағы

Әуезбай Жұмабике Қосымқызы
Учитель
.
.
Құндылығы:  дұрыс  әрекет  
Қасиеті: қайырымдылық, ізгілік, қамқорлық
Сабақтың мақсаты: оқушыларға  адам өміріндегі  жан саулығын  ұғындыру  арқылы  қайырымдылық  қасиеті  туралы  түсінік  беру.  
Ресурстар: оқулық, сурет  дәптер, музыка , видео
Мұғалім  іс-әрекеті Оқушы  іс-әрекеті Ресурстар
Сабақтың  басы

1.Амандасу

Оқушылар орындарынан  тұрады

2. Ішкі  тыныштық  сәті

Музыканы  баяу  қосу

Оқушылар бойын  тіктеп, денелерін  бос ұстап, ішкі тыныштық  сәтіне  қатысу  музыка
«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)
3. Үй тапсырмасын тексеру 5 Т

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Алтын ереже
3. Дәйексөз

Мұғалім өзі 1 рет  айту,

Мағынасын түсіндіру, жетелеу  сұрақтары…

 

«Біреуге жақсылық  етсең, ол  жақсылығыңды міндет  етпе»

-Адамға  жақсылық  жасағанда  риясыз  жасау  керек.

1.Ұл балалар

2.Қыз  балалар хормен айту

«Жақсылық  жасау» дегенді  қалай  түсінесің?

Өзің қандай  жақсылық жасай  аласың?

Жақсылық  жасауды қайдан  үйрендің?

«Жақсы ісің  алдыңнан  шығады»  дегенді қалай  түсінесің?

оқулық

Сабақтың  ортасы

4. Жаңа  сабақ  тақырыбы, мақсатын  оқушылармен   бірге қою.

 «Жан  Ана»  мәтінін  әңгімелеп беру.

Сұрақ- жауап

Ауылдағылардың  жасаған әрекеттеріне көзқарастарың  қандай?

Осы әңгімеден  қандай  ой  қорытуға  болады?

1 топ.Адам  өмірі  мен  табиғат   сұлулығын  салыстыру. Суретпен  бейнелеу

2 топ. Жақсылық пен жамандықты  салыстыру. Ішіне сыртына  кесте жасау

3 топ. «Шын жүректен» бағдарламасын  жүргізу

Оқулық  Жіпте жайылған фото суреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.
5. Дәптермен  жұмыс

 

  Ыбырай  Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық  етсең, ол жақсылығыңды  міндет етпе» деп  айтқан.

Атақты  жазушы  атамыз  Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа  жақсылық  әр  кісінің  ісі,  жаманшылыққа  жақсылық ер кісінің ісі»

деген  екен. Біреуді  таны –таныма  жақсылық  жасау әр  оқушының  парызы.

Дәптер, қағаз, түрлі –түсті  карандаш

Сабақтың  соңы

6.Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта  нені білдік?

«Соңғы  5 минут» Оқушыларға  алдын ала дайындалған тамшы  үлгісіндегі  қиылған  қағаздарды  үлестіріп,сол қағазға  өзі  жасаған  жақсы  істерінің  суретін  салып  немесе жазып  жеткізу. — Балалар, әрқайсысыңның  тамшыдай  жасаған  жақсылықтарыңды  қосқанда үлкен  дарияға  айналды.(тамшылар  ілінген  плакат астына  көкпеңбек  дария суретін  ілу)Яғни әр  адамның жаны  жақсылыққа  толы  болса, жер

бетінде  бейбітшілік  орнап,  адамдар  бақытты 

өмір сүреді.

Суретпен  жұмыс
7.Рефлексия Сабақтың  қай тұсы  тиімді   болды?

Бүгінгі  сабақта  не  үйрендің?

Нені  білдің?

Ауызша сұрақ-жауап
8. Үйге  тапсырма  « Жақсылық  бастауынан» тараған  тармақтарға

 төмендегі сұрақтарға  жауап жазу

Оқулық, дәптер