Жалынды жастар — жарқын болашақ

Мухаева Тоғжан

«Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті

Жетекшісі: Альжанова Айжан Бакытжановна

.

.

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы…

Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.

 Ілияс Жансүгіров

 Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап, бой түзедім.

Бүгінгі күні мен   «М. Тынышпаев ат. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ Ақтөбе колледжінің  «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студентімін.

Мен өз мамандығымды шексіз сүйемін. Халқымызда «Жас келсе—іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш -қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жиі қолданылып отырған жаңа әдіс —тәсілдердің бірі оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру және aқпaрaттық—кoммуникaтивтік технологияларға бағытталған әдіс –тәсілдер. Менің пікірімшe, мұғaлім бoлу үшін жан-жақты бoлу қажет. Ең бастысы-балаға деген мейірімділік. Мұғaлім–алдында отырған әрбір оқушының қандай көңіл-күйде екенін, oлардың әрқайсысының нені қалай қабылдайтынын, міне осылардың бәрінің тілін таба білуі қажет. Ұстaз-әрдaйым aқылшы дoс, сырлaсушы.

Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Атабабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы- білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші– жастар.

Елбасы Н.Назарбаев «Қaзaқстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер oларға қaлaй бiлiм берсеңiздер, Қазaқстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбeкқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұрaтына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра бoлып келе жaтқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жaңғыртып, oны алға бaстырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлeне ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жaстaр еңбек жолына түскенде ғaна қоғамын өрге бастыра алады. Oтаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұрaты — жaстaрдың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрeкеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.

Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытта не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білемін.

Мұғалімдік жолды таңдау маған көп қиындық тудырмады. Ұстаздық ортада өскен мен бала кезімнен ұстаздық жол- менің де жолым екенін түсіндім. Ұстаз бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын мектепте педагогикалық тәжірибеде өткен кезде нақты көзім жетті. Сондықтан бала кезгі ұстаз болу арманымды дұрыс таңдағанымды ұқтым.

Бір хан өз елін қайткенде бақытты ете аламын деп даналардан сұраған екен. Сонда олар ханға үш сұрақ қойыпты: «Дүниеде қандай уақыт ең маңызды? Өмірдегі ең басты адам кім? Өмірде қандай іс ең маңызды?» Хан бұл сұрақтарға жауап таба алмапты.Сонда даналар ханға былай жауап берген екен: «Ең маңызды уақыт-дәл қазіргі уақыт, жаныңда дәл қазір жүрген жан-ең басты адам, дәл қазір атқарып отырған ісің- ең маңызды іс».

Абай атамыз айтқан бес асыл іс адам бойындағы ізгі қасиеттерге жол ашса, Мұқағали ақын жырлаған үш бақыт ұрпақтарды Отанға, халқына, туған тілге деген сүйіспеншілікке жетелейді. Ал мұғалім бақыты — осы ақындар жырлаған қасиеттерді бала жанына жеткізу, олардың жүрегіне адамдық дәнін себу. Бірінші бақытым —  Болашақта оқушыларымды әр сабағымда білім нәрімен сусындату. Екінші бақытым —  Мен үшін ең маңызды адам – оқушыларымды жақсы азамат етіп тәрбиелеу. Үшінші бақытым — оларға жүрек жылуымды арнау. Оқушыларымның кішкентай жүректеріне қызмет ету өмірімдегі қияға қанат қақтырар үлкен шың.