Жапония

Агибаева Шолпан Абдуалиевна
.
.
Мақсаты:
  1. Білімдік: Жапония мемлекетінің табиғатының ерекшеліктері мен шаруашылығының даму дәрежесі жайлы толық мәлімет беру;
  2. Дамытушылық: Жапония мемлекетінің қазіргі ахуалы жөнінде білімдерін дамыту, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеу арқылы шығармашылық ойларын кеңейту, өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
  3. Тәрбиелік: Халықтар арасындағы достықты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен ақылдаса отырып ортақ ойларын біріктіру, өз ойларын айту, ассоцация жасауды үйрену, сұрақ-жауап, тапсырмалар орындау, кері байланыс- рефлексия жасауға дағдылану.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, экономика негіздері, саясаттану, мәдениеттану
Көрнекілігі: дүние жүзі саяси картасы, Евразия физикалық картасы, ватмандар, атластар, кескін карта, буклет «Жапония», суреттер,  интернет материалдары
Техникалық жабдықталуы: экран, проектор
Сабақтың өту ұзақтығы — 90 мин.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: (1-2мин)

  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру
  2. Оқушыларды түгендеу

II. Үй тапсырмасын тексеру: (15-20 мин)

    1. Топты үш микротопқа бөлу;
    2. Азия аймағына экономико-географиялық сипаттама беру;
(ватмандарға әр топ Азия аймағына сипаттама береді)
  1. Кескін карталарын тексеру: Азияның ішкі аймақтарға бөлінуі;
  2. Әр топтың мүшелері үй тапсырмаларын қорғайды, топ мүшелеріне ұпай беріледі;

III. Жаңа тақырыпқа кіріспе: (2-3 мин)

Сұрақ:
  1. Алдыңғы тақырыптардан біз Жапония мемлекеті туралы не білдік?
  2. Азияның қай бөлігінде орналасқан?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру: (4045 мин)

  1. Картадан елдің географиялық орнын анықтау; (оқушыларға елдің ЭГО –н өз бетінше жазу тапсырылады)
  1. Экраннан Жапония жайлы жалпы мәлімет беріледі
               Жапония
Жапония Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: ХоккайдоХонсюСикокуКюсю, т.б. Жер аумағы 377,873 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. 
Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.
Табиғаты
     Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығысында Қытай теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді.   Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма  жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларын-да цунами желі үнемі соғады. Климаты муссонды.
Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады.
Қазақстан мен Жапония арасындағы экономика­лық ынтымақтастық
Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың 28 желтоқсанында мойындады.
Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 26 қаңтарында орнатылды.
1997 жылдың ақпанынан бастап Токиода Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істейді.
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Е.Баударбек-Қожатаев болып табылады.
Жапонияның Елшілігі 1993 жылы Алматыда ашылды (2005 жылдың қаңтарында Елшілік Астанаға көшірілді). 2019 жылдан бастап Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Тацухико Касаи болып табылады.
Негізгі келісімдер:
  • -ҚР Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы келісім (2005 ж. 6 шілдеде күшіне енді);
  •  -Атом энергниясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы келісім (2011 ж. 6 мамырда күшіне енді);
  • -Инвестициялардыкөтермелеу және өзара қорғау туралы мемлекетаралық келісім (2014 ж. 23 қазанда қол қойылды, 2015 ж. 25 қазанда күшіне енді);
  • Қазақстан Республикасымен Жапония арасындағы «Азияның өсіп-өркендеу ғасырындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы» 2016 ж. 7 қарашадағы Бірлескен мәлімдеме.
Шарттық – құқықтық базасы 44-тен аса құжаттардан тұрады.
Тарихи деректер:
  • Б.З.Б. II-ғ. Бастап тайпалар одағы қалыптасып, «ямато» тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды.
  • Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті.
  • Жапонияжеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. 
  • 1918 жылы 5 сәуірдеВладивостоктыбасып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды.
  • 1924 — 1925 жылы АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады.
  • 1929 — 1933 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды.
  • 1945 ж.6-9 тамызда Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасы тасталды.
  • 1945 ж. –9-тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Манчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 1945 ж. 02.09-да күні Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды.
  • 1947 жылы 3 мамырда жаңа Конституцияқабылданды.
  • 1950 ж.бастап экономикасы тез арада көтеріп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кей 2-орынға шықты.
  • 2011 ж.11. 03.-де Жапония жерінде жойқын 1-7,9, 2- 8,9 баллдық жер сілкінісі болып 14 133 адам қайтыс болды және де Фукусима-1 Атом электр станциясында жарылыс орын алды.

V. Сергіту сәті: (5-7 мин)          

   Блиц турнир:
  1. Азия неше ішкі аймаққа бөлінеді? (6)
  2. Азия дүние бөлігінің жалпы ауданы (44,6 млн км 2)
  3. Жер шары халқының неше % Азия халқы құрайды? (60%)
  4. Азияны отарлау қай ғасырда басталды (15 ғ.)
  5. Үндістанға баратын жолды кім ашты (Васко до Гама)
  6. 1948 ж. Палестина жерінде құрылған мемлекет (Израиль)
  7. Азиядағы мұнайлы аймақ (Парсы шығанағы)
  8. Арабтар Оңтүстік Батыс Азияны қалай атайды (Машрик)
  9. Азияның қанша елінде ислам дінін ұстанады? (17)
  10. Қазақстан Азияның қай бөлігінде орналасқан? (Орталық Азия)
  11. Корея елінің екіге бөлінуі қай жылы болды? (1948ж.)

 

VI. Рефлексия(10 мин)

«Жапония» тақырыбына ассоциация жасау:
Сабақты қорытындылау: (3 мин)
Оқушылардың жазған жұмыстарын тексеру
I. Бағалау: (1-2мин)
II. Үй тапсырмасын беру: (1мин)
  1. Тақырыпты оқып келу;
  2. «Жапония» тақырыбына сканворд құрастыру;
  3. Кескін картаға Жапонияның ірі қалаларын түсіру.