Жаса, Наурыз жыл басы!

Жаканов Акжолтай Серикович

арнайы пән оқытушысы

.

.

Мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, презинтация, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Әуен ойналып тұрады.

Барысы:
1 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата — аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата — бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 — жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй — дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1 — жүргізуші: Көктем жетті көл — көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

2 — жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні — ата — баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы — бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі « Жаса,Наурыз жыл басы !» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезеті колледжіміздің  директоры Суджаков Рахметжан Сауытұлына  беріледі.

1-жүргізуші:

 21 наурыз Қазақстан жеріне көптен күткен көктемгі мереке Наурыз мерекесі де келіп жетті. Әр отбасында ақ дастархан жайылып, наурыз көжеден дәм татып, қонақтар күтілуде. Түркі халқында Наурыз мерекесі жыл басы жаңа жыл болып табылады. Қазақ халқында Наурыз мерекесінде күн мен түн теңеліп, Қыдыр ата  жерлерді аралап,  әр шаңыраққа бақыт әкеледі деген наным бар.Осы нанымға сүйене отырып, Қыдыр атаға сөз кезегін берейік.

Бата

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барса да жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

2-Жүргізуші: Келесі кезекте Ибрагим Исаевтың өлеңі «Наурызым» оқитындар колледжіміздің 17-топ студенттері

Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!

 Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.

 Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.

 Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.

 Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.

 Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойын бастайық!

1-Жүргізуші:  Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық! дей келе кезекті Сабинаның орындауында: Құтты болсын әз наурыз әні

2-Жүргізуші:Құрметті көрермендер бүгінгі мерекемізге ата-аналармызда қатысып отыр олай болса,осындай әдемі әннен кейінгі кезекті бізді қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай аялы алақанында өсірген ата-аналарымыздың атынан құттықтау сөз Бекқұлова Анар  ханымға берсек. 

Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт — береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ бол болсын!

2-Жүргізуші:Рахмет айтқаныңыз келсін,келесі кезекте 17- топ студенті Тохтасынова  Луара  қазақша  би

2-Жүргізуші:Құрметті көрермендер Наурыз мерекесін бәрімізде жақсы білетініміз анық осы мерекеде әсем ән мен ырғақты бидіде тамашаладыңыздар сонымен қаттар кешіміз көңілді өтсін деген ниетпен арнайы жаңа жыл тұралы жұмбақттарды да дайындаған болатынбыз олай болса мен сіздерге сол жұмбақты жасырамын сіздер табыңыздар тапқан адамға силықтармыз бар.

1) Гүл — гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен?

(Шешуі:көктем)

2) Атасы мен анасы,

Үш жүз алпыс бес баласы,

Он екі ауыл шамасы,

Отыз ор дуадақ,

Бес сан балақ,

Елу екі қарақшы.

(Шешуі:күндіз бен түн, жыл тәуліктері, жылдың айлары, айдың күндері, жыл соңында артық қалып «бес қонақ» деп аталатын бес тәулік, жыл ішіндегі апталар).

3) Жапанда бір айдаһар білесің бе?Жаны жоқ қимылдарға денесінде.

Ішінде сүйектері бақша-бақша,

Жарқырар жалғыз көзі төбесінде.

(Шешуі: киіз үй)

4) Мың қойым суға жүзеді,

Қойшысы бірге жүзеді.

(Шешуі:көже мен шөміш).

 

5) Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы. Соны айтып жүреді және жоқ қонысы. (көкек)

6)Бейбітшілік құсы деп, Атайды оны барша жұрт. (көгершін)

7) Наурыз көженің қоспалары  (7 түрлі ата беріңіздер )

1-Жүргізуші:

 Ғазал көктемім, жазар көктемім!
Қайдасың? Сенсіз мазам жоқ менің.
Сабырым қашып сағынып жүрмін,
Көліме қонып қаз әндеткенін,
Жеріме келіп жаз әндеткенін

 деп ақын ағамыз Қалқаман Сарин жырлағандай көктем мезгілін қай мағынада алып қарасақта жанымызға жақын жүрегімізге жылы мейрімен мерекеге толы мезгіл екені баршамызға аян, келесі кезекті Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Дәнеш Рақышыптың әніне береміз ән Сағындымғой орындайтын ауданымыздағы Жазерке ансамблінің әншісі Мұқамжан Берікбол қарсы алыңыздар.

2-Жүргізуші: Алдарыңызда колледжіміздің 17-топ студентті Зунунова Дильназді  Зулфони биімен қабыл алыңыздар.

1-Жүргізуші:Олай болса Наурыз мерекесінде дастарханға қойылатын тағам түрлерімен таныс болыңыздар.

2-Жүргізуші: Құрметті көрермендер келіп жеткен ұлыстың ұлы күні әз Наурыз құтты болсын осы мерекеге орай 17-топ студенті Тохтасын Луара өз шығармашылығымнан Наурыз атты өлеңімді тарту етпекші қабыл алыңыздар!

Наурыз

Келді міне әз наурыз

Нурын шашып көктемге.

Қуанмыз болаша

Күн шығып бізге жеткенде.

Айналамыз әдемі

Ағаштарда гүлденіп .

Адамдарда  сәнденіп,

Қуанады барлығы

Бір тамаша күйге еніп!

1-Жүргізуші: Қос ішектің бірін тартта бірін сәл-сәл кем бұра нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра,  демекші  келесі кезекті,күмбірлі күйге берсек алдарыңызда  Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, жетісу күйшілік мектебінің негізгі өкілі Бақытхан Жұмақадырұлы

2-Жүргізуші:Қара жорға болмаса бидің сәні келерме қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келерме демекші алдарыңызда 17- топ студенттердің орындауында   қара жорға  биін қабыл алыңыздар.

1-Жүргізуші: Ал құрметті досым бүгінгі  мерекеге арналған іс-шарамыздың  соңында мен бір-екі ауыз өлеңімді оқып берейін  қабыл алыңыздар.
Колледж іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Ата-аналар қосылып,
Мерекені бастаған.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Күлкі силап өзгеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

2-Жүргізуші:Әй бәрекелді олай болса осымен бүгінгі Ұлыстың ұлы күніне арналған « Жаса, Наурыз жыл басы !» атты мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне келіп жетті, Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын аспанымыз ашық болып, әр дайым көк туымыз көкте желбірей берсін, көңіл бөліп көргендеріңізге көп-көп рахмет!