Жасушаның негізгі құрылымдарының молекулалық құрылысы мен қызметі

Сейтешева Ботагоз Журсуновна

Биология пәні оқытушысы

.

.

Сабақтың жоспары (теория)                   10-11 сабақ

 

Пәні: Молекулалық биология

Мамандығы: Емдеу ісі

Тобы:12ФКБ

Сабақтың тақырыбы:Жасушаның негізгі құрылымдарының молекулалық құрылысы мен қызметі.

Сабақтың  түрi (формасы):ашық сабақ

Сабақтың әдістері:студенттерді іздендіру, көрнекіліктермен жұмыс жасату, тест, әр-түрлі сызба-нұсқаларды пайдалану.

Сабақтың өтілу түрі: әртүрімен өтетін сабақ, презентация

 

Мақсаттары:

1.Бiлiмдiлiк — жасуша жайлы оқушыларға тереңірек мағлұмат беру, жасушаның құрылысы мен қызметі, цитоплазмадағы органоидтер және олардың байланысы, эукариотты және прокариотты жасушалардың ерекшеліктері

туралы білімді бекіту.

2.Дағды машығын ұйымдастыру — шығармашылық- ізденушілік жұмыстарды жүргізу арқылы бақылау, салыстыру, әр түрлі білім тексеру тапсырмалармен жұмыс жасау, ойын жинақтай білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілетін жетілдіру, білімдерін тұжырымдап, талдау және қорытынды жасай білу қабілетін дамыту, ағзадағы негізгі молекулярлы-генетикалық және жасушалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру және осы білімнің клиникалық тәжірибеде қолданылуы.

3.Тәрбиелiк – білім алушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, тапсырылған жұмыстыжылдам орындауға және алған білімдерін іс-жүзінде қолдануға, жаңа технологиялармен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу, пәндік білім, білік дағдыларды қалыптастыру, мамандығына қарай қызыгушылық тудыру.

 

Мамандығына қойылатын талаптар:

Не бiлуi керек – жасушаның құрылысы мен қызметтерін;жасушаның құрылым компонентеріннің айырмашылығын;

Не жасай бiлу керек— жасушадағы өзгерістерді талдай білу.

 

Пәнаралықбайланыс: биология, экология, валеология, медицина, әдебиет.

Сабақтыңжабдықталуы:интерактивті тақта, «Жасуша құрылысы» суреттер, слайдтар жинағы, оқушының нұсқаулық жұмыс парағы, сызба-нұсқалар т.б.

Үлестiрiлiп берiлетiн материалдар: тақырып бойынша ақпараттық мәтін парақтары,рефлексия парақтары, тест парақтары, бағалау парақтар.

 

Әдебиеттер:

Негiзгi: — Коштаева С.Молекулалық биология, медициналық генетика: оқу құрал – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы». – 2019. .

Қосымша:  —  Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика / окулық Шымкент, ЖШС «КІТАП» баспасы 2010.

  — Биолог анықтамалығы / журнал №5-2019

 

Сабақтың барысы

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты
1

Ұйымдастыру  кезені:

1. Білім алушылармен амандасу. Сабаққа назарын аудару

2. Білім алушыларды топқа бөлу (ғылым салалары бойынша топқа бөліну. Осы ғылым салалары қай ғылымға топталады)
Топқа бөлінген соң, әр топ өзінің топ мүшелерімен таныстырып, топ басшысын тағайындайды. Өз ішінде ереже қалыптастырады, не ұранын айту керек. Топ басшысы сабақ барасында өз топындағы оқушылардың тапсырма орындау барысын қадағалап отырады. Сонымен қатар сабақ соңында екі топ бірін-бірі бағалап пікірін білдіреді. Қорытынды бағаны мұғалім шығарады.

3. Психологиялық дайындық: «Ақ тілек»

Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.

5 мин

2

Оқытушының кiрiспе сөзi.

-Оқушылар, бүгінгі сабақ ерекше. Өйткені бізге қонақтар қатысып отыр. Біз қонақты тәртібімізбен, жақсы жауаптарымызбен, білімімізбен қуантайық.

Сабақтың Эпиграфы:

«Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді — меңгеремін»  Конфуций

Сабақтың ұраны:

«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзін білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді»   Төле Би       

5 мин

3

Жаңа  материалды түсіндіру. Өтілетін сабақтың жоспары:

-Сабақ барысында сабақтың тақырыбың білу үшін

Қызығушылықты ояту: Интерактивті тақтаға жасушаның суреті қойылады.

1. Рефлексия  (Ой толғаныс).Оқушылар тақырып туралы білетіндерін рефлексия парағына жазып бір бірімен бөліседі.

Рефлексия Сабақтын басында Сабақтын аяғында
Жасуша мен оның органоидтарының құрылысы мен қызметтері

2. Мұғалім тақырып бойынша оқушылардың ой толғаныстарың қортындылайды.

Сұрақтар:

1. Жасуша организмнің қандай бөлігі болып табылады?

( Жасуша — тіршіліктік ең ұсақ және маңызды кұрылымдык-кызметік бірлігі болып табылады, себебі кез-келген ағзалар денесі жасушалардан құрылган. тіршіліктің негізгі касиеттері мен кызметтері жасушаларда жүзеге асады)

2. Жасушаны қандай ғылым зерттейді? (Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология (гр. kytos — жасуша, гр. logos — ғылым) дейді)

3. Жасушаның ашылу тарихы туралы не білеміз? (Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук жасаған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен «целлюла» — «жасуша» деп атады. Бұл жерде Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген)

-Сабақтың тақырыбын дәптеріне жазу                

-Сабақтың мақсаттары мен мамандығына қойылатын талаптары мен таныстыру)                                  

3. Мағынаны тану. Түртіп алу әдісі (INSERT)

    Мәтін: «Жасуша мен оның органоидтарының құрылысы мен қызметтері»(Қосымша 1)

Әр топ оқушылары өз мәтін тарауын үй тобында оқып  шығады.

Әркім өзі жеке-жеке оқи отырып, қарандашпен тиісілі белгілерді қойып отырады.                    

v + ?
Бұрынын білемін Мен үшін жаңалық Келіспеймін Сұрақ пайда болды

3. Мағынаны ажырата білу. (ЖИГСО)

Оқып болған соң, өздері топ ішінде мәтінді талқылайды. Бірінің түсінбегенін бір біріне түсіндіреді. Әр топ мәтін бойынша кесте, тірек-сызбаларың немесе термин сөздігін толтырады. Белгілі уақыттан кейін әр топ өздері талқылап түсінген мәтінді басқа топтарға түсіндіреді.
І топ. «Жасуша мен оның органоидтарының құрылысы мен қызметтері» (оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, флипчартпен ортаға қорғау).
ІІ топ: «Жасуша мен оның органоидтарының құрылысы мен қызметтері» (мәтінді оқып, мәтін мағынасын ашатын сұрақтар құрастыру).

4. Мен саған, сен маған. Әр топ бір біріне өздері талқылаған  мәтіннен сұрақтар қояды. Эксперттер дұрыс жауап берген оқушаларға бағалау парақтарына «+» белгі қойып отырады.

Арнайы пәндік лексика мен терминология

Қазақша Орысша Ағылшынша
жасуша қабықшасы клеточная мембрана cell membrane
цитоплазма цитоплазма cytoplasm
жасуша клетка cell
ядро ядро nucleus
вакуоль вакуоль vacuole
митохондрия митохондрия mitochondrion
хлоропласт хлоропласт chloroplast
рибосома рибосома ribosomes
жасуша қабырғасы клеточная стенка cell wall
өсімдік жасушасы клетка растении cell plant
жануар жасушасы клетка животных cell of animals

Физкультминутка

40 мин

 

4

 

 

 

 

 

 

Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі. Өткенді пысықтау.

1.Тапсырма

Тест   Жасуша дегеніміз не?

Негізгі

1.Жасушада құрылым тосқауыл қызметін атқарады:

A – ядро

B – жасуша мембранасы

C – цитоплазма

D – рибосома

2.Жасушаларды көруге арналған құрал:

A – сканер

B – бөлім

C – микроскоп

D – фотометр

3.Үш құрылым тек өсімдік жасушасында ғана кездеседі:

A – жасуша мембранасы, жасуша қабырғасы, хлоропласт

B – жасуша мембранасы, жасуша қабырғасы, вакуоль

C – жасуша қабырғасы, хлоропласт, вакуоль

D – жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, митохондрия

4.Генетикалық ақпарат сақталатың құрылым:

A – ядрода

B – жасуша мембранасында

C – цитоплазмада

D – митохондрияда

 5.Төмендегі органоидтардың қайсысы жапырақ жасушасында көп мөлшерде кездеседі:

A – ядро

C – хлоропласт

B – жасуша мембранасы

D – вакуоль

Тереңдетілген

1.Үш құрылым тек өсімдік жасушасында ғана кездеседі:

A – жасуша мембранасы, жасуша қабырғасы, хлоропласт

B – жасуша мембранасы, жасуша қабырғасы, вакуоль

C – жасуша қабырғасы, хлоропласт, вакуоль

D – жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, митохондрия

2. Митохондрия қызметі:

A – тыныс алу

C – ақуыз жасау

B – жасуша әрекеттерін қадағалау

D – тосқауыл қызметін атқару

3.Хлоропласт  қызметі:

A – тыныс алу

C – ақуыз жасау

B – жасуша әрекеттерін қадағалау

D – фотосинтездеу

4.Рибосома қызметі:

A – тыныс алу

C – ақуыз жасау

B – жасуша әрекеттерін қадағалау

D – тосқауыл қызметін атқару

5.Белгілі бір қызмет атқаратың біркелкі жасушалар тобын сипаттайтын термин:

A – мүше

C – маманданған жасуша

B – мембрана

D – үлпа

Бағасы бағалау парақтарына қойылады.   (Негізгі тест: 5 жауап-4, 4 жауап-3, 3 жауап-2; Тереңдетілген: 5 жауап-5, 4 жауап-4, 3 жауап-3, 2 жауап-2)     

 

2.Тапсырма

1)Әрбір топқа жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларын ұсыну. Олар ондағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анықтаулары тиіс.

  
Әр топ өз қорытындыларын  көрсетіп, таныстырылым жасайды.

Топ бір-бірін бағалайды

2)Білім алушылар бір-біріне түсіндіріп, өсімдік пен жануар жасушасы жайлы кесте толтыруын тапсыру.

Сипаты Өсімдік жасушасы Жануар жасушасы

3)Әр топ өсімдіктің және жануардың жасушасына тән органоидты тауып, мына диаграмманы толтыруы керек.
    жануар жасушасы    ортақ органоидтар    өсімдік жасушасы

3. Осы материалды бекітуде уақыт үнемделіп отырса видио фильм  көрсетіледі: «Жасуша дегеніміз не?»

 

30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Бекiту кезеңі:Бағалау парақ  (Білім алушының аты жөні)

Сұрақтарға жауап (+) Мағынаны ажырата білу. (ЖИГСО)

 

Мен саған, сен маған. Тест Салыстырма тапсырмасы Қорытынды баға

10  мин

6

 

Үй тапсырма беру, білім алушылар білімін бағалау кезеңі

Әдебиеттер:    Коштаева С. Молекулалық биология, медициналық генетика115-126 беттер

Келесі сабақтын тақырыбыны дайындалып келу: Жасушалық мембрана, цитоплазма құрылымы, ядро іші туралы көбірек білулерін және олардың атқаратын қызметімен байланыстырулары жайлы тапсырма беру.

Сабақ соңындағы білім алушылардың руфлексиясы

Кері байланыс: «Менің көніл-күйім баспалдығы» әдісі

«Сабақты өте жақсы түсіндім!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы әсердемін!», «Маған көмек керек!», «Маған түсініксіз болды!», «Түсінбедім!» деп аталған баспалдықтардың біріне білім алушы өз есімі жазылған стикерді орналастырады.

«Сабақты өте  жақсы түсіндім!»
«Өзіме сенімдімін!»
«Жақсы әсердемін!»
«Маған көмек керек!»
«Маған түсініксіз болды!»
«Түсінбедім!»

10 мин