Жеңіс жалауын желбіреткен батыр

Отт Эрих, студент
Исабекова Кульзекен Абзалбековна, руководитель.
.
.
… Есіме жиі алатын бала кезімдегі әке – шешеме еркелейтін шақтарым: соның бірі, ұйқымнан оянсам дажылы көрпені жамылып, ұйықтап жатқан сыңай танытқанды ұнататынмын, бұл өзіндік бір ойын сияқты болатын.
Анам жай ғана қасыма келіп «Балам, тұра ғой» — дейтін. Анам қайтадан қасыма келіпменің ояу жатқанымды сезсе де, аяғымды көрпемен қымтап, бас жағыма келіп, маңдайымнан иіскеп «Тұра ғой құлыншақ, тұратын уақыт болды ғой»- деп өзі келесі бөлмеде дастархан  жайып, жез самауырды  бұрқылдатып қайнатып, ыстық таба нан мен сары маймен, кілегеймен қою шайын даярлап таңғы асқа шақыратын…
Төрт жасқа толған кезімдеанам өмірден озды, әкем болсамаған барлық жағдайды жасап бақты, ешкімнен кем қылмады. Суық та ызғарлы, жауынды түндердіің біріндебіздің үйге түстері суық үш адам келіп  үн – түнсіз әкемді алып кетті. Сол түні олар менің бақытты балалық шағыммен қатар, бейқам өмірімдіде алып кетті. Қайдам…, мүмкін тағдырдың жазуы шығар он үш жасымда  әкемнен айрылып, тұл жетімге айналым…
Сұрапыл соғыс  жылдары, жанды  жаралайтын  естеліктермен  қатар, туған елге Жеңіс туын желбіретіп оралған отандастарымыздың есімдері ел есінде, ерліктері өшпейді. Өмір жолы үлгі, ісі өнегетұтар қазақ халқының біртуар перзенті  Рақымжан Қошқарбаев жайлы болмақ.
1921 жылы 19 қазан айында Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Тайтөбе селосының маңындағы қыстақта дүниеге келген. Ол ата-анасынан ерте айрылды.  Рақымжан Қошқарбаев  Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді.
Естеліктерге көз жүгіртсек …  Балалар үйі ағаштан салынған төрт бөліктен тұратын, біреуінде – қыздар, екіншісінде – ер балалар тұратын. Балалар үйінің директоры Сағат Сәдуов  деген кісі – өзі өте ұстамды, жылы шырайлы, мейірімді, жаратылысынан зиялы, салмақты да сабырлығымен  ерекшеленетін. Өз ісіне шын берілген жан, ешуақытта асығыс шешім қабылдамайтын және тәрбиеленушілердің  ең жақын жанашыры бола білді.Тіпті  біз ол кісіні бәріміз «әке» деп атап кеткенбіз. Тағы бір ақжарқын, мінезі жайдары, бәріміздің жақсы көретін сүйікті  біз үшін анамыздай болып кеткен адам —  Любовь Ивановна Конякина, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Осындай тамаша адамдардан тәлім – тәрбие алдық.
Екінші үйім болған балалар үйімен де қоштасар кез келіп жетті. Балалар үйімен, мұғалімдермен, тәрбиешілермен қоштасар  сәт көңілсіздеу болып еді… 
7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы Фабрика –зауыт  училищесіне (ФЗУ) жіберіледі.
Тағыда естеліктерге тоқтала кетейік. Балқаштың қысы тым суық еді. Көлден соққан суық жел өңменіңнен өтетін, соған қарамастан  қыстың қытымыр аязында бізді әдемі гүл шоқтарымен күтіп алғанды. Содан бізге брезент жабылған машинаға отырыңдар деген бұйрық берілді. Жағалауға баратын болдық. Жағалау поселкесі қалаға жақын орналасқан екен. Біз ФЗУ- дың жатақханасына келіп жеткенде түннің бір уақыты болатын. Тіннің бір мезгіліне қарамастан қонақжайлық танытып, бізді тамақтандыруға асханаға апарды.  Біздің таңалғанымыз соншалықты, есік ашылған кезде алдымыздағы әдемі ас ішетін жердегі бөлменің қабырғаларындағы неше түрлі суреттермен, түрлі – түсті панномен безендірілгені, аппақ ақ дастарханның жайылуынан бізді қарсы алуға дайындалғандары көрініп тұрды.
Біз училищеде тез үйренісіп кеттік. Училищедегі тәртіп қатаң болатын. Түске дейн мектеп багдарламасын оқитынбыз, түстен кейн шеберханаға барып жұмыс істейтінбіз. ФЗУ-да дәріс орыс тілінде өтетін. Ауылдан келген балаларға қиын болатын, солардың ішінде мен де болдым. Менің қарамағыма 5-6 сондай балаларды берді. Мен оларға орыс тілін үйрете бастадым. Бір күні әйтеуір белгісіз жағдайлармен ФЗУ жабылды. Сондықтан окыған мамандығымыз бойынша жұмыс істей алматын болдық. Мен Ақмолаға оралдым. Обылыс орталығы мені Қосымша колхозына бастауыш сыныптың мұғалімі боласың деп жіберді. Жолшыбай туып-өскен ауылыма соғуды жөн көрдім. Қаншама жылдан кейін келуім ғой, бір түрлі жүрексініп тұрдым.Үйдің ауласында  бәрі сол қалпында. Есікті ашуға ұмтылдым, бірақ кішкене кідіріп барып кірген бетте, мұрныма бір таныс иіс келді. Анамның даусын, күмбірлеген күлкісін де, әкемнің жайбырақат дауыс ырғағын да естігендеймін.Үйдін іші қараңғы, кішкене ғана шаң басып, ыстанған терезеден күн сәулесі болар-болмас түсіп тұр, қараңғылықты маған қарай бүкшеңдеп келе жатқан адам сейілтіп жіберді. Жарылып, тілімденіп кеткен алақанымен бетімді сипап не сенерін, не сенбесін білмей, біраз күрсініп, көзінің жасын бұлап,ақырын ғана өңім бе,түсім бе, Рақымжансың ба?- дейді.
— Әже,әкемнен хабар бар ма?Ол үнсіз басын шайқады. Мені осы ауылмен және өткен өмірімді жалғап тұрған үзілуге сәл-пәл қалған жіп ол осы мнің әжем — Әлиман. Сәлден соң әжем алдыма дастархан жайып, бір уыс жылы бауырсак пен буы бұрқыраған кеседегі қою шайын маған ұсынып асықпай өзінің күйбен шаруасы жайында әңгіме шертті. Әжемнің әңгімесінен кейін көңілім көтеріліп қалды. Бірер сағат әжемнің қасында болып, келесі күні жолға шықтым.
Жұмыс орныма келе сала іске кірісіп кеттім…Сол кезде ғана білдім, мен тек қана балаларды емес, үлкен кісілерді де оқыта отырып, менің ісімнің қараңғылықты жоюға бағытталатынын. Адамдар оқуға келе бастады, мені таңқалдырғаны, олардың көбісі әйелдер, олар тіпті кішкентай емшектегі баларарын да ала келетін. Көбісі зор ынта қойып,алфавитті үйреніп, арифметиканы да игерді. 1941 жылдың көктемі өте бір аптап ыстықпен басталып еді…
Колхозшылар егін егіп бітісімен, күннің аптап ыстығынан шөп күйіп кетер деген қорқынышпен қысқа жем-шөп дайындауға ерте кірісіп кетті.
22 шілде, жексенбі. Күн күнделікті ауыр тірлігімен басталды. Таң сәріден колхозшылар жексенбілікке шыққан, көтеріңкі көңіл күймен басталган жұмыс сондай қарқынды жүріп жатқан. Топтарға бөлініп, жарыс ұйымдастырылған шөп орудан кімнің бригадасы алға шығарын анықтау. Бірер сағат ішінде көпене-көпене шөптер үйіліп, алыстан қарағанда кең далада бытырап кеткен малдарға ұқсайтын. Аспанда ән қалықтап, әрбір жерде үстел жасалып, тамақтануға енді отыра бергенде, кенеттен аттың қатты шабысы естілді.  Ат тұяғының дүбірі естілген жаққа назар аударғанда, төмпешіктен зулап ағып келе жатқан Төлебай ақсақал екенін танып, сүйінші хабар әкелер деп жорамалдадық. Бірақ оның қуаңқы суық жүзінен қорқыныш пен үрейді көргенде, ауылда не болып қалды екен деген сұрақпен қарап тұрдық.
Төлебай басындағы тақиясын шешіп,ентігін баса алмай терең бір демалып:
— Адамдар,.. со-ғыс.. ! Соғыс басталды!
— Бұл не деп тұр?
— Қандай соғыс?
—  Германия бізге шабуыл жасады!- деп көзінен аққан тамшысын сүртіп, сендерге ауылға қайтсын деді- деп сөзін тәмәмдады.
Соғыска жарамды ауыл азаматтары сапқа тұрып  майданға аттанды.
 Ауылға лек-легімен майдан даласынан жазылған хаттар, қара қағаздар келіп жатты. Бір күні әжем маған бір конверт ұсынды. Бұл менің көптен күткен шақырылу қағазым еді.
— Не деп жазыпты балам?- әжемнің көңілі жабырқаулы екені көзінен көрініп тұрды.
— Майданға. Мені соғысқа алатын болды! .. Менің бойымда қуаныш кернеді.1943 жылдың жазында Рақымжан Қошқарбаев Фрунзе қаласында орналаскан офицерлік училищеге келеді.Училищені 1944 жылдың қазан айында тамамдап, оған кіші лейтенант шені беріледі.1944 жылдың ортасында Рақымжан Қошқарбаев Брест маңындағы Седле станциясына орналасқан бірінші Белорусь майданың ІІІ-ші пәрменді армиясына барады.1944 жылдың қазан айынан бастап Рақымжан Қошқарбаев І-ші Белоруссия майданындағы 150-ші Идрицкая атқыштар дивизиясының взвод командирі болып, Польшаны азат етуге қатысады. 1945 жылы 12 сәуірде партия құрамына қабылданады. Бұл жерде фашистермен қатты қақтығыс болды. Тірі қалған немістерді қаруларын жерге лақтырып тұтқынға алдық. Осы кезде қатты шаршап кеткенімізді сездік, біздің қасымызға жүгіріп келген батальонның парторгі Исаков мені құшағына қысып:
— Жарайсыңдар…жігіттер..! Тапсырманы орындағандарын үшін бәрің комбаттан алғыс алдыңдар!…Поляк жеріндегі шайқастан бір көрініске тоқтала кетуді жөн көрдім. Қатты өртке оранған қаланы көргенде, құдды бір тозаққа тап болғандай сезінесің.Үйлердің тек қабырғалары ғана қалған, бомбы түскен жерлер айырылып кеткен, бүкіл жерде өлген адамдардың мәйті, аяқ алып жүргісіз өте бір жантүршігерлік көрініс-тін. Біз қасымыздағы қарт майдангерлердің өзі бір мынадай сұмдықты көргенде жағаларын ұстады. Осылай біз көктемнің бірінші айының да аяқталғанын сезбей қалдық.Сөйтіп 79 бөлім, 3-ші алғы шептегі әскер өзінің ілгері жылжумен қатар фашистерге орасан тойтарыс беріп, Шығыс-Померанға бет алғанда. Осы тұста айта кеткен жөн, біздің 150-ші Идрицкая атқыштар дивизиясының қосқан үлесі зор. Сол кезде біздің полкқа дивизия командирі генерал Шатилов келіп, Отан қорғау жолында жандарын пида еткен, аянбай тер төккен солдаттар мен офицерлерге, Шнайдемюль мен Ветшвинзеедегі ұрыста ерен ерлік көрсеткендері марапаттады. Батальон командирі Твердохлеб Қызыл Ту орденімен марапатталды,  рота командирлері  Батраков,  Атаев, аға лейтенант Васильченко -Ұлы Отан соғысы орденімен І-ші дәрежелі. Пулеметші сержант Николай Попов, қатардагы жауынгер Гичко Қызыл Жұлдыз орденімен, Құрмет белгісі орденімен (ІІІ-ші дәрежелі). Соғыс алаңында қаза тапқандар  пулеметші Зотов Қызыл Жұлдыз орденімен, Құрмет белгісі орденімен (ІІІ-ші дәрежелі) — Исажанов, Мусылманкулов, Рысымбетов. Көптеген солдаттар ең жоғары «ЗА Отвагу» медалімен марапатталды. Офицерлер қатарынан мен де Ұлы Отан Соғысы орденімен (І-ші дәрежелі)марапатталдым. Біз үшін ең үлкен марапат, біздің 150-ші атқыштар дивизиясының Ветшвинзее көлінің маңындағы шайқаста аса бір қайсарлық пен ерліктің үлгісін көрсеткені үшін Кутузов орденімен (ІІ-ші дәрежелі)марапатталуы. Біздің дивизия 1943 жылы қыркүйек айында Старая Русс ауданы жанында,127-ші курсанттық базасында,144-ші және 155-ші шаңғышылар бригадасынан құрылған болатын.150-ші атқыштар дивизиясының ерлік істері бүкіл майдан даласына таралып кетті. Керемет естен кетпес оқиғанын бірі Идрицк бағытындағы қақтығыс. Бұл туралы Правда газетінде және басқа да орталық газеттерде жазған. Идрицк бағыты жаудың керемет бекінісі еді. Өзі тоғыз жолдың торабында орналасқан, көп темір жолдар өтетін тіпті кішкене аэдромыда болатын. Бір жақсысы жергілікті жердің ойпандығы мен сол жерден өтетін Великая өзенінің  пайдасы тиімдірек болды. Фашистер жолдың әрбір қиылысына доттар мен дзоттарды орналастырыпты. Жау берілместей бекінген еді. Екі күнде жаудың бекінісін бұзып, алғы шеп 35 шақырымға жылжыды. Сөйтіп Идрицкні басып алып,1000-нан астам тұрғылықты жерді неміс басқыншыларынан азат еттік. 23 шілдеде 1944 жылы Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығы бойынша «Идрицкая»-деген атау берілді. Бізді осыдан кейін «150-ші Идрицкая атқыштар дивизиясы»-деп аталды. Армия Австрия жеріне жақындады. Шығыс Пруссияда орналасқан Кенигсберг қаласы қоршауда қалған. Бұл қаланы да азат еттік. Соғыс бұлты қою шоғырланған үлкен орталык бөлік, бұл — аудан Берлинді. Бәріміз соғыстың аяқталуына аз қалғанын сезетінбіз және сол күнді асыға күтіп жүргенбіз.
Ендігі бағытымыз Берлин, оған жақындаған сайын дайындығымыз үдей түсті, тіпті немістердің көбінесе қолданатын сөздерін жаттап алғанбыз, бір жауынгердің сөмкесінен орыс-неміс сөздігі де табылды. Жылжып келеміз. Ну орман. Ымырт жамылуға шақ қалғанда, күтпеген жерден полкті жинау туралы бұйрық берілді.Сол сәтте жақын жерде генералдармен аға офицерлердің тұрғанын байқап қалдым. Мұнша көп генералдарды көруім бірінші рет еді .Сапқа тұр деген бұйрық берілді 
— Түзел,тік тұр! Бәрі бір орында қатты да, жіп сияқты тізіліп тұрып қалды.   Бір-бірімізге деген сәлемдесу ілтипатынан кейін, генерал сөзін бастап кетті… — Жолдастар, мен кеше ғана Мәскеуден келдім, қолбасшы кішкене кідірістен кейін сөзін жалғап кетті  Соғыстың аяқталуына бірер күн қалды. Совет халқының басынан кешкен азапты да, өте қиын болған төрт жылды да артқа тастадық. Тағы бір секірсек жаудың өзегің жұлып аларымыз хақ.                  Біз Берлинге барамыз! Бір мезетке айналада тыныштық орнағандай еді, кенеттен бәрінің бірігіп зор дауыспен  -Ура-а-а!Ура-а-а!- деген айқайы бұзып кетті. Бұл естен кетпес сәт еді. Қуанышты күн солдаттар мен офицерлерді үкіметіміздің жоғары мараппаттарымен мараппаттаумен қатар генерал Кузнецовтың өз қолымен табыстауымен аяқталды.  
…Мынау – Одер өзені суы тұнық мөлдір, ағысы жылдам, келер күндердің оқиғасынан бейхабар…Арғы жағасында – фашистер, әбден бекінген, әліде жасақтары, қарулы күштері тойтарыска төтеп беруге дайын. Одер — олардың ең ақырғы үміті еді. Біз де қасық қанымыз қалғанша соғысуға, намысты қолдан бермеуге дайын едік. 1945 жылдың  30 сәуірінде Германия астанасы Берлиндегі «Гиммлер үйінде»партия билетін алып, Рейхстагқа Жеңіс жалауын тігу жөнінде тапсырма алдым. Біріншіден жоспар бойынша қай жерде қандай ғимарат орналасқанын анықтап алу керек. Өйткені өртке оранған қалада тек үйлердің жартысы ғана қалған, бомбалар мен снярадтар жарысынан жерлердің қатты үңгіп ойып кеткен. Оқ борап жауып турған кезде, қай жерде не орналасқанын анықтау мүмкін еместін. Гиммлер үйі бірнеше қабаттан және көп бөлмелерден тұратын. Сол бөлмелердің  бәрінде немістер орналасып алып тырп етпей тығылып, күтіп отырған тәрізді. Екі жақтан да борап жатқан оқ бет қаратпайды.
— Асықпаңдар, кішкене толастауын күтейік. Бұл көпке созыла қоймас-деп капитан біздің қасымыздан кеткен емес.Терезе жаққа жақындап, секіріп түсу үшін өзімізге қолайлы жағдайды күттік. Мен терезеден жай ғана барлап қараған кезде атыс толастағандай еді. Гимнастеркамның түймесін ағытып жүрек тұсына туды тығып, белдігімді қатты қысып бекітіп тастадым.Сағатыма қарасам 11-ді көрсетіп тұр. Мен артыма бұрылып бұйрық бердім  «Алға,соңымнан еріңдер»,-атой салып секіріп кеттік, Карольдік алаңына бірінші болып табан тіредім. Сол екі аралықта атыс үдей түсті. Қарасам біздің жап-жас қатардағы жауынгер Григорий Булатов екен. Біз секіріп түскен жерге жаулар жарылгыш заттарды қойып кеткен,бұл жерден тезірек кетпесе қауіпті-ақ. Көз жүгіртіп едім, кішкене әрі қарай бір өлгген ат жатыр, жанында немістер атып түсірген біздің танк жанып жатыр, қасында аударылып жатқан пушкалар. Жауып тұрған оққа қарамастан біріміздің артымыздан біріміз еңбектеп келеміз. Мен білетінмін «Гиммлер үйі»рейхстагтан небәрі үш жүз метрдей болатынын. Жер бауырлап, еңбектеп жетуге оңайға түспеді. Бір мезетте тасалап жерге жеттік-ау.Тағыда ілгері жорғалап кеттік. Біз келіп жеткен алаңға пулеметтер мен автоматтардан үзіліссіз әрбір жақтан оқтар қарша борап тұр,ысқырып тұрғандай. Граната лақтырым жерде жарылыстан табаны зақымдалған біздің танк тұр, біз соған қарай еңбектей жөнелдік. Бізді жаулар байқап қалып, бізге қарай оқтар ата бастады, жерді жастанып жатып қалдық. Қатарымда демалысы жиілеп, қиналып жатқан Гришаға қарасам, тізелері мен қолдары жырылған, гимнастеркасы терден қап-қара болып кеткен. Өзімнің үстіме де көзім түсіп кетіп еді, менің де жетісіп тұрғаным шамалы, малмандай едім. Сағатыма қарасам ,біздің «Гиммлер үйін»артқа тастап шыққанымыздан бері үш сағат өтіпті, барлық жоғы елу-ақ метр жылжыппыз. Гришаға бұрылып, анау жердегі трансформатор будкасын көрсетіп, соған қалайда тез жылдамдықпен жүгіріп жетуіміз керек деймін, ол басын шұлғып мені ұққандығын білдірді. Әрі қарай қимылдап,арасында жүгіріп тасаға жетіп, жан-жағымызды барлап, тағыда жүгіре жөнелеміз. Бір кезде табан астындағы мраморлы баспалдақты басқан кезде рейхстагқа жеткенімізге көзіміз жетті. Сол мезетте қабырғаны көріп жылжи берген едім, аяғыма оқ тиіп, бізге жақын жерде снаряд жарылды. Қасымдағы Булатовтың демалысы жиілеп, жөткіріңген кезде барып өз-өзіме келе бастадым. Ең биік жерді таңдап алып, Григорий Булатовты иығыма мінгізіп, Қызыл жалауды желбіреген кезде назар ауатындай қылып, көзге бірден түсетіндей жерге қададық. Сағатыма қарасам 18 сағат 30 минутты көрсетіп тұрды. Бұл тапсырманы бұлжытпай орындап, қызыл әскер Григорий Булатовпен рейхстагқа Жеңіс жалауын қадады.
 674 полктің екі жауынгері лейтенант Қошқарбаев пен қызыл әскер Булатов     осы ерлігі үшін «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені берілді. Соғыстағы ерлігі үшін І-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы»ордені,  Берлинді алғаны үшін», Варвашаны азат еткені үшін» — медальдарымен марапатталады. Көптеген естеліктерге үнілетін болсақ, Рақымжан аға қайсар мінезді, төзімді, алғыр да сабырлы тұлға ретінде бізге таныс. Майдандастырының есінен кетпейтін, жиі-жиі есіне алатын тұстары осы бір қазақ баласының бойындағы қайрат пен жігердің үйлесімділігі болатын. Мен Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев атындағы колледждің 3 курс студентімін.  «Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі бізге – үлгі, өмір жолы – өнеге. Біз қаһарман ағалар ерлігін білумен қатар, Жеңіс жалауын желбіреткен батыр ағамызды  мақтан тұтамыз ….
                  
Лучшее сочинение
на тему:
«Жеңіс жалауын желбіреткен батыр»
 
                                                                              Студента 3 курса
                                                                                       Отт Эрих