Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған республикалық онлайн конференция

Түңлікбаева Б.Б.
.
.
Конференция мақсаты:
Студенттерге еліміздің тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту, отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
                       Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы
                       Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
                       Ешқашанда еңкеюге, тиісті емес жалауы!
      Армысыздар ардақты қонақтар, ұстаздар, студенттер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 30-жылдығына арналған студенттер конференциясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран
2-жүргізуші:
« Тентек» дедің, «телі» дедің ұлымды,
Қыздарымды «тексіз» дедің бұрымды.
«Ұлтшыл» дейсің жағып күйе қап-қара
Қазағыңды, есіктегі құлыңды
Құлын болып өмір сүрдік күн көрдік,
Еліктеуменмәңгүрт болып үлгердік
Жас ұрпағым шықты отты жігерлі,
Дүр сілкінті ұйқыдағы бұл елді,
Тура сөйлер туған екен күн енді
Ұлтщыл дейсің нашақор деп, бұзық деп
Қан жосағып жазаладың тізіп тек.
    Бүгінгі іс шарамыздың тақырыбы: « Қазақстан республикасы Тәуелсіздік жолында». Енді осы залда отырған құрметті қонақтармен таныстырып өтейік: